ТМД елдерінің жаңалықтары

ТМД елдерінің жаңалықтары31.01.2025

 Қара теңіз астындағы кабель: ЕО энергетикалық жобаға €2,3 млрд инвестиция жасауға дайын

QAZAQ GREEN. Еуропалық Одақ (ЕО) Қара теңіз энергетика кабелін (Black Sea Energy) жүргізу бастамасын мұқият қадағалап отыр. Бұл жоба арқылы Әзербайжанның жасыл энергиясы Грузия мен Румыния арқылы Еуропаға жеткізіледі, деп хабарлайды Media.az Report агенттігіне сілтеме жасап.

Еуропалық комиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен 2022 жылғы желтоқсанда Бухарестте Венгрия, Румыния, Грузия және Әзербайжан арасында жасыл энергетика саласындағы әріптестік туралы өзара түсіністік меморандумына қол қою рәсіміне қатысты.

«Еуропалық комиссия бұл маңызды үдерісте бақылаушы ретінде қатысуда. Бастама аясында кең ауқымды жасыл энергетикалық дәліз құру, соның ішінде суасты кабелін жүргізу және таза сутекті тасымалдау маршруттарын дамыту қарастырылған. Біз басқа елдердің бұл жобаға қызығушылық танытуын құптаймыз», – деді ЕО-ның ресми өкілі.

Оның айтуынша, Black Sea Energy ЕО-ның Global Gateway стратегиясындағы флагмандық жоба болып табылады және халықаралық ынтымақтастық құралы аясында қаржыландыру мүмкіндігін ашады.

«2024 жылдың соңында бастамашылар Black Sea Energy жобасын ЕО-ның трансшекаралық энергетикалық инфрақұрылымына арналған “өзара мүдделі жобалар” (TEN-E регламенті) тізіміне енгізуге өтініш берді. Енді біз келесі тізімді дайындау үшін қажетті талдаулар мен консультациялар жүргіземіз. Бұл мәртебе жобаға Connecting Europe Facility бағдарламасы аясында қаржылай қолдау алуға мүмкіндік береді», – деді ол.

Black Sea Energy жобасы Каспий теңізіндегі Әзербайжан секторында өндірілген жасыл энергияны Грузия арқылы өткізіп, Қара теңіздің түбінен тартылған кабель арқылы Еуропаға жеткізуді көздейді. Жылына 4 ГВт жасыл энергия экспорттау жоспарланған.

Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі (ТЭН) соңғы кезеңде әзірленуде. Құрылысты аяқтау үшін 3-4 жыл қажет. Еуропалық комиссия жобаны жүзеге асыруға €2,3 млрд қаржы бөлуді жоспарлап отыр.

2022 жылғы 17 желтоқсанда Әзербайжан, Грузия, Румыния және Венгрия Black Sea Energy жобасы аясында ұзындығы 1 195 км болатын суасты электр кабелін салу бойынша стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойды. 2024 жылғы мамырда Әзербайжан, Румыния, Грузия және Венгрияның энергетикалық операторлары жобаны жүзеге асыру үшін бірлескен кәсіпорын құру туралы меморандумға қол қойды. Ал 2023 жылғы маусымда Болгария бұл бастамаға қосылуға ниетті екенін мәлімдеді. Сондай-ақ Сербия мен Молдова да жобаға қатысуға ниетті.

19.03.2025
Ерлан Ақкенженов Қазақстанның Энергетика министрі болып тағайындалды
18.03.2025
Charge Robotics компаниясы күн электр станцияларының құрылысын автоматтандыруды жоспарлауда
18.03.2025
Алмасадам Сәтқалиев Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы болып тағайындалды
18.03.2025
Американдық стартап CO2 нөлдік шығарындысымен «жасыл» болаттың алғашқы тоннасын балқытты
18.03.2025
Эстонияда Балтық елдеріндегі ең үлкен күн паркі салынады
17.03.2025
ЕАДБ және IRENA Орталық Азияда жаңартылатын энергетиканы дамытатын болады
17.03.2025
DAF жүк көліктері мен трейлерлерге жеңіл күн панельдерін орнатуды ұсынады
17.03.2025
Германия ЕО-да жел турбиналарының құрылыс бойынша көш бастап тұр
14.03.2025
Қайта өңдеу келешегі: жел турбиналары тұрғын үйге айналуда
13.03.2025
Франция 2100 жылға қарай температураның 4°C жоғарылауына дайындалуда
13.03.2025
Жапон кемесі алғаш рет теңізде сутегін алып, оны жағаға жеткізді
13.03.2025
Toyota күн сәулесімен жұмыс істейтін екі орындық FT-Me электромобилін ұсынды
12.03.2025
Voltalia Өзбекстанда электр энергиясын сату туралы келісімге қол қойды
12.03.2025
Қазақстан CERAWeek 2025 аясында әлемдік энергетика көшбасшыларымен стратегиялық келіссөздер жүргізді
11.03.2025
ҚМГ және Total Energies ынтымақтастық перспективаларын талқылады
11.03.2025
Норвегия 2027 жылдан бастап CBAM енгізуге ниетті
11.03.2025
ДМҰ есебі: климат туралы білім ЖЭК-ке сенімді ауысуға ықпал етеді
07.03.2025
Алматыда ауаны жақсарту бойынша бағдарламалар ұсынылады
07.03.2025
Қазақстандықтар жасыл энергетика саласында қандай патенттер тіркеді
06.03.2025
Қазақстан мен ЕО энергетика және климаттық ынтымақтастықты талқылады