ТМД елдерінің жаңалықтары

ТМД елдерінің жаңалықтары13.05.2025

Әзірбайжанда ЖЭК жобаларына ең аз инвестиция көлемі анықталды

QAZAQ GREEN. Мемлекеттік сатып алу бойынша міндеттемелері бар жаңартылатын энергия көздерін пайдаланумен электр энергиясын өндіру жобалары үшін инвестициялардың ең төменгі жалпы көлемі анықталды.

Trend хабарлағандай, тиісті қаулыға Әзірбайжанның Премьер-Министрі Али Асадов қол қойды.

Қаулыға сәйкес, ең төменгі сома 30 миллион манат көлемінде белгіленді.

Айта кетейік, Әзірбайжан 2030 жылға қарай елдің энергетикалық балансындағы жаңартылатын энергияның үлесін 30%-ға жеткізуді мақсат етіп отыр. Энергетика министрлігінің мәліметінше, Әзірбайжандағы жаңартылатын энергия көздерінің техникалық әлеуеті құрлықта 135 ГВт-ны, теңізде 157 ГВт-ны құрайды. Экономикалық әлеуеті 27 ГВт-ға бағаланып, оның ішінде 3000 МВт жел энергиясы, 23000 МВт күн энергиясы, 380 МВт биоэнергетика және 520 МВт тау өзендерінің әлеуеті бағаланады.

2023 жылы Masdar компаниясымен ынтымақтастықта Каспий теңізі өңіріндегі және ТМД-дағы ең ірі, қуаты 230 МВт болатын Гарадаг күн электр станциясы іске қосылды. Станция 262 миллион АҚШ доллары көлеміндегі шетелдік инвестициямен салынды және шетел инвестициясымен салынған елдегі алғашқы өнеркәсіптік ауқымдағы күн электр станциясы болды. Станция жыл сайын 500 миллион кВт/сағ электр энергиясын өндіріп, 110 миллион текше метр табиғи газды үнемдеуге мүмкіндік береді.

ACWA Power компаниясымен ынтымақтастықта, қуаты 240 МВт Хызы-Абшерон жел электр станциясының құрылысы жалғасуда. Өткен жылы дәл осы компаниямен теңізде қуаты 1,5 ГВт-қа дейінгі жел электр станциясын іске асыру, қуаты 1 ГВт құрлықтағы жел станциясын құру туралы келісімдерге, сондай-ақ Әзірбайжанда энергия сақтау жүйесін дамыту бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Nobel Energy Management, TotalEnergies және AZ Czech Engineering компанияларымен Нахчыванда жалпы қуаты 1000 МВт-тан асатын жасыл энергетика жобаларын іске асыру бойынша келісім-шарттар жасалды.

Мұнымен қоса, Президент Ильхам Алиев Әзірбайжан Республикасының оккупациядан азат етілген аумақтарында «жасыл энергетика» аймағын құру шаралары туралы жарлыққа қол қойды. Жарлықты орындау аясында жапондық TEPSCO компаниясымен ынтымақтастық басталып, тиісті тұжырымдамалық құжат дайындалды. Губадлы, Зангилан, Джабраил және Физули аудандарында техникалық әлеуеті 7200 МВт-тан астам деп бағаланған күн энергетикасы жобаларын іске асыру үшін қолайлы жағдай жасалған. Лачин және Кялбажар таулы аймақтарында 2000 МВт жел энергетикасының техникалық әлеуеті анықталды. Сондай ақ Тертерчай, Хакаричай өзендерінде және олардың салаларында да айтарлықтай  гидроэнергетикалық қуат  бар.

Энергетикалық инфрақұрылымды құру және энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету азат етілген аумақтарды қалпына келтіру процесінің ең маңызды құрамдас бөлігі болып саналады. Бұл бағытта қазірдің өзінде Лачин, Кялбажар және Суговушанда жалпы қуаты 20,2 МВт төрт су электр станциясы іске қосылды.

Сарапшылардың пікірінше, 2030 жылға қарай Әзірбайжанда электр энергиясын өндіру ішкі сұраныстан бірнеше есе асып түседі, бұл оны экспорттау қажеттілігін тудырады.

24.06.2025
KOREM аукционының нәтижесінде үш ГЭС жобасы іріктелді
24.06.2025
Еуропалық парламент пен ЕО Кеңесі CBAM жеңілдетуді мақұлдады
24.06.2025
Глазго ғалымдары қалақсыз жел турбиналарының әлеуетін ашты
24.06.2025
Өзбекстан жыл соңына дейін 16 ЖЭК нысанын іске қосады
23.06.2025
Қазақстанда 50 МВт шағын ГЭС жобаларына аукцион өтті
23.06.2025
Қазақстан мен ЕҚДБ декарбонизация және ЖЭК саласындағы ынтымақтастықты талқылады
23.06.2025
Мысырда құны 200 миллион доллар тұратын күн индустриялық кешені салынуда
23.06.2025
Испаниядағы блэкауттың себептері анықталды: ресми есеп жарияланды
20.06.2025
Аукцион қорытындысы: Оңтүстік Қазақстанда 20 МВт КЭС салынады
19.06.2025
Қазақстан 2050 жылға қарай ЖЭК үлесін 50%-ға дейін жеткізуді жоспарлап отыр
19.06.2025
Қазақстан мен Әзірбайжан «таза» энергияны Еуропаға экспорттау үшін күш біріктіреді
19.06.2025
Қостанай облысында алғашқы күн энергиясын нетто-тұтынушы пайда болды
18.06.2025
Аукцион нәтижесі: KSN Solar күн электр станциясын салады
18.06.2025
Зерттеу: 2%-ы толысу және теңіз күн энергиясы CO2 шығарындыларын айтарлықтай төмендете алады
18.06.2025
Павлодар облысында 1 ГВт-тық ЖЭС салынады
17.06.2025
Оңтүстік аймақта 20 МВт КЭС салуға арналған аукционның жеңімпазы анықталды
17.06.2025
Қазақстан Power Central Asia + China форумында ЖЭК саласындағы инвестициялық мүмкіндіктерін көрсетті
16.06.2025
ЖЭК аукционы: 30 МВт күн электр станциясын Vigor Holding салады
16.06.2025
Power Central Asia + China: Қазақстан мен Қытай арасында маңызды энергетикалық келісімдерге қол қойылды
16.06.2025
Қытайдағы ең ірі энергия жинақтау жобасы пайдалануға беру кезеңіне шықты