Әлем жаңалықтары01.11.2024
Түркияға жасыл энергетиканы дамыту үшін $1 млрд бөлінеді
QAZAQ GREEN. Әлемдегі ең ірі көпжақты қорлардың бірі – Климаттық инвестициялық қор (CIF) Түркияның жасыл энергетикасын дамытуға 1 миллиард доллар көлемінде қаржылық қолдау көрсетті, деп хабарлвйды AGBI.
Қордың директорлар кеңесі Анкараның жасыл энергетика жүйесін кеңейтуге арналған 70 миллион долларлық инвестицияны мақұлдады. CIF-тің бұл қаржыландыруы елдің электр тарату жүйесін өзгерту және интеллектуалды желілерді жаңғырту үшін қосымша 790 миллион доллар тартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жүйенің икемділігін арттыру үшін 330 миллион долларды, оның ішінде децентрализденген электр зарядтау станцияларын, тарату желілерін цифрландыруды және 7500 мегаватт қуаттағы аккумуляторларды арттыруға инвестициялау жоспарланған.
Бұл жаңартулар Түркияның энергетикалық жүйесіне 2035 жылға қарай 60 гигаватт қосымша жел және күн энергиясы қуатын біріктіруге мүмкіндік береді. Күн панельдерінің қуаты 14 ГВт-тан 53 ГВт-қа дейін төрт есеге, ал жел қондырғыларының қуаты 12 ГВт-тан 29,6 ГВт-қа дейін екі еседен аса артады.
«Түркияның күн және жел ресурстары әлемдегі ең ауқымды таза энергияны дамыту жобаларының бірін іске асыруға жеткілікті», – деді CIF-тің атқарушы директоры Тарие Гбадегезин.
«Біздің қолдауымыз елдің ұлттық энергетикалық желісін икемді және сенімді етуге, сондай-ақ үзіліспен келетін жел және күн энергиясының қарқынды өсуіне дайындауға бағытталған», – деп қосты ол.
Еуропалық қайта құру және даму банкі мен Дүниежүзілік банк тобымен бірге әзірленген бұл жоспар бастапқы инвестиция көлемінен 15 есе көп қосымша қаржыландыру тартады деп күтілуде.
REI құрамында Бразилия, Колумбия, Коста-Рика, Фиджи, Кения және Мали секілді он ел бар, олардың инвестициялық жоспарлары да мақұлданды.
Meta АҚШ-та төрт күн энергетикасы жобасынан жасыл сертификаттар сатып алады
Қарағандыда мектеп жанында күн панельдері орнатылады
Қытай бір жылда 260 ГВт жаңа күн панельдерін орнатты
Қазақстан мен TotalEnergies Renewables ЖЭК саласындағы ынтымақтастығын нығайтуда
Жапониялық ғалымдар күн сәулесі мен суды пайдаланып, сутегі отынын өндірудің жаңа әдісін жасады
Еурокомиссия декарбонизация жобаларына СТВ табыстарынан €4,6 млрд бөлді
Қытайлық Sinoma EC International Өзбекстанда 300 МВт күн электр станциясын салады
Қызылорда облысында күн және жел электр станциялары салынып жатыр
Қазақстан мен Германия жаңартылатын энергия көздерін интеграциялау үшін күш біріктіруде
Heart Aerospace 30 орындық электрсамолетін 2025 жылы ұшырады
Ғалымдар күн энергиясын алуға әуе шарларын пайдаланбақ
Жамбыл облысында жел электр станциясына қажетті құрал-жабдықтар өндіретін зауыттың құрылысы басталды
Қытайда күн сәулесіз ауадан электр энергиясын өндіретін герметикалық контейнер жасалды
Литва Украинада күн электр станцияларын салуға €5 млн бөлді
Үндістан 12 айда 20 ГВт күн энергиясын іске қосты
Оңтүстік Кореяның оффшорлық Jeonnam 1 жел электр станциясы алғашқы электр қуатын өндірді
Қырғызстанда Токтогул СЭС-інде қалқымалы КЭС салынады
Парламент Жетісу облысында ірі ЖЭС салу туралы құжатты қарайды
«Жасыл» интернет: Google геотермалдық энергияға негізделген жобаны іске қосты
Ørsted АҚШ-та күн электр станциясын іске қосып, прерияларды сақтау үшін 953 акр жерді берді