Әлем жаңалықтары20.12.2024
Жаңа батарея дронның ұшу қашықтығын 40%-ға арттырды

QAZAQ GREEN. Қытайлық инженерлер жаңа литий батареясымен жабдықталған ұшқышсыз ұшу аппаратын сынақтан өткізді. Батареяның энергия тығыздығы 400 Вт·сағ/кг, бұл ұшу қашықтығын 20–40%-ға ұлғайтады. Ол −40 °C-тан 60 °C-қа дейінгі температура диапазонында жұмыс істей алады. Бұл технология суық аймақтарда құтқару операциялары, патрульдеу және барлау жұмыстарын жүргізуге арналған, деп хабарлайды Хайтек+ Interesting Engineering-ке сілтеме жасап.
Ғалымдар Ляонин провинциясындағы Далянь аумағында композиттік қанатты дронның сынақтық ұшуын жүргізді. Дрон ауада үш сағаттан астам уақыт болды. Аппарат 400 Вт·сағ/кг энергия тығыздығына ие аккумулятормен жабдықталған, бұл бұрынғы 340 Вт·сағ/кг көрсеткішінен айтарлықтай жақсарған.
Ғалымдардың айтуынша, бұл литий батареясы ұшу сынақтары кезінде дронның өнімділігін 20–40%-ға арттырған. Сондай-ақ ол ұшу аппараттарына −40 °C-тан 60 °C-қа дейінгі кең температура аралығында жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Литий батареясын Қытай ғылым академиясының Далянь химиялық физика институтының ғалымдары әзірледі, ал дронды Шэньян автоматика институтының мамандары жасаған. Ұшу сынақтарынан кейін әзірлеушілер литий батареясының энергияны сақтау тиімділігі мен жұмыс тұрақтылығы толықтай расталғанын мәлімдеді.
Жоғары энергия тығыздығына және экстремалды температурада жұмыс істеу қабілетіне ие литий батареясын жасау үшін зерттеушілер никель құрамы жоғары үштік катод материалдарын әзірлеп, кремний-көміртек композиттік анодтарын оңтайландырды. Сондай-ақ катод пен анодтың сыйымдылығын теңестіріп, энергияны сақтау тиімділігін арттырған.
Бұған қоса, мұздану температурасын төмендету үшін арнайы қоспалар қосылған төмен температуралы еріткіштері бар жаңа электролит жасалды. Бұл суық жағдайда да иондық өткізгіштік пен зарядтау-разрядтау процестерінің тиімділігін сақтауға мүмкіндік береді.
Аккумулятордың қауіпсіздігін арттыру үшін ғалымдар төмен температураларда жоғары термиялық төзімділігі мен беріктігі бар жаңа композиттік сепаратор қолданды. Бұл кең температура диапазонында тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етті. Көпқабатты композиттік стратегия компоненттерді орналастыру мен жылуды тарату жүйесін оңтайландырды.
Жоспар бойынша, бұл батарея суық аймақтардағы ұшқышсыз ұшу аппараттары мен басқа да техниканы құтқару операциялары, патрульдеу және барлау сияқты міндеттерді орындау барысында қолданатын болады.
Қазақстан мен БАӘ энергетика саласындағы стратегиялық серіктестік мәртебесін растады
Қытай Қырғызстанда әрқайсысы 300 МВт қуатпен КЭС пен ЖЭС салады
Француз стартапы толқын энергиясы технологиясын өнеркәсіптік іске қосу үшін €2,45 млн тартты
Трамп АҚШ-та жел және күн энергиясына субсидияларды жою туралы жарлыққа қол қойды
Өзбекстанның күн және жел электр станциялары жыл басынан бері 5 млрд кВт·сағ энергия өндірді
Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказда жасыл энергетиканы дамыту үшін «Green Corridor Alliance» бірлескен кәсіпорны тіркелді
2024 жылы ЕО-да «жасыл» энергия жеткізілімі артты, ал көмір өз позициясын жоғалтуды жалғастырды
Қырғызстанда ЖЭК объектілері іске қосылғанға дейін жерді қайта сату тыйым салынды
ЖЭК Қазақстанның энергия балансында позициясын нығайтуда
15 тамызға дейін: IRENA Орталық Азияда ЖЭК саласында инвестициялық жобаларды қабылдауда
Amazon Жапонияда геотермалдық тапсырыстарды өңдеу орталығын ашады
Астанада Electronica Expo Kazakhstan көрмесі өтеді
Көксу өзенінде ГЭС құрылысы қайта жанданды: жоба туралы не белгілі
Әзірбайжан мен Дүниежүзілік банк ЖЭК саласында кредиттік келісімге қол қойды
АҚШ-тың күн және жел энергетикасы электр энергиясын өндіруде рекордтық үлеске жетті
Жаһандық баяндама: Орталық Азия жасыл энергетиканы дамытуға рекордтық қаржы ағындарын тартты
Билл Гейтс инвестициялаған революциялық жел станциясының құрылысы басталды
Тандемдік перовскиттік фотоэлементтер 26,4% тиімділікке қол жеткізді
Қазақстан мен Қытай стратегиялық энергетикалық әріптестікті талқылады
Ғарышқа арналған органикалық күн элементтері бойынша инновациялық зерттеу