Әлем жаңалықтары

Әлем жаңалықтары10.04.2025

Siemens Gamesa әлемдегі ең қуатты жел турбинасын ұсынды

QAZAQ GREEN. Siemens Gamesa жел турбиналарының қуаты бойынша әлемдік рейтингті басқарды, Эстерильдтегі Дания техникалық университетінің сынақ алаңында қуаты 21,5 мегаватт қондырғы сәтті орнатылды, деп хабарлайды Renew Economy.

276 метр диаметрлік SG DD-276 жаңа моделі әлемдік өндірушілер арасындағы технологиялық жарыста маңызды қадам болды. Соңғы уақытқа дейін қуат көшбасшылығы 20 МВт турбинаны орнатқан қытайлық Mingyang Smart Energy компаниясына тиесілі болды. Siemens Gamesa бұл нәтижені жаңартып, оффшорлық жел энергетикасы саласындағы жетекші өндіруші атағы үшін бәсекелестікті күшейтті.

Жаңа турбина әзірлемесі HIPPOW (Highly Innovative Prototype of the most Powerful Offshore Wind) жобасы аясында жүргізілді және ішінара Еуропалық одақ қаржыландырды. Siemens Gamesa төмен көміртекті технологияларды қолдаудың әлемдегі ең ірі көздерінің бірі – ЕО инновациялық қорынан 30 миллион еуро алды. Есептеулер бойынша, жаңа қондырғы Данияда жыл сайын 70 000 үй шаруашылығын электр энергиясымен қамтамасыз ете алады, бұл турбинаның бүкіл қызмет ету мерзімінде шығарындыларды 55 454 тонна CO₂ эквивалентіне азайтады.

Сонымен қатар, Қытайда жаңа әзірлемелер туралы жариялануда. Өткен жылдың қазан айында Dongfang Electric мемлекеттік корпорациясы қуаты 26 МВт жел турбинасы өндірісінің аяқталғанын хабарлады. Өз кезегінде, Mingyang Smart Energy 22 МВт келесі буын қордырғысы жобасын жариялады. Алайда, әзірге бұл турбиналардың ешқайсысы ресми түрде іске қосылмаған және Siemens Gamesa көшбасшылықты сақтауда.

Айта кету керек, бұл технологиялық жеңіс компания үшін қиын кезеңге тұспа-тұс келді. 2023 жылы Siemens Energy аналық құрылымы Siemens Gamesa үлкен шығындарына байланысты Германия үкіметінен 7,5 миллиард еуро мемлекеттік қолдау алды. Компания қайта құрылымдаудан өтті, ал бас директор Йохен Айкхольт өз еркімен лауазымынан кетті.

Дегенмен, рекордтық турбинаның іске қосылуымен Siemens Gamesa 2026 жылға қарай позицияларды қалпына келтіріп, пайдаға шығады деп күтеді. 2017 жылы Siemens Wind Power мен испандық Gamesa бірігуі нәтижесінде құрылған компания жаһандық жел энергетикасының негізгі ойыншыларының бірі болып қала береді.

16.05.2025
«Жасыл» энергетика: Алматы облысы инвестиция мен даму қарқыны бойынша алда келеді
15.05.2025
Премьер Қостанай облысындағы «жасыл» энергетиканың дамыту жоспарымен танысты
15.05.2025
Қытайдағы бүкіл тау тізбегі күн панелімен жабылған
15.05.2025
Өзбекстан 2025 жылы 3,5 ГВт жаңартылатын энергия мен 1,8 ГВт энергия сақтау жүйесін іске қосады
14.05.2025
Жапония ғарыштан күн энергиясын беруді сынады
14.05.2025
Жасыл таксономия Қырғызстанда бекітілді
14.05.2025
Polar Night Финляндияда екінші «құм» энергия сақтау қоймасын салады
13.05.2025
Masdar мен «Самұрық-Қазына» Қазақстанда ЖЭК бойынша ірі жобаларды іске асыру туралы келісті
13.05.2025
«Жасыл» технологияларға инвестициялар тарту AIF форумы тақырыптарының бірі болмақ
13.05.2025
ЖЭК саласындағы мамандар Астанада МЖӘ бойынша оқытудан өтті
13.05.2025
Әзірбайжанда ЖЭК жобаларына ең аз инвестиция көлемі анықталды
12.05.2025
ЕҚДБ Египеттегі күн панельдері мен батареялар өндірісіне инвестиция салады
12.05.2025
Қазақстанның өнеркәсіптік өңірлері жасыл энергетикаға көшудің бір бөлігіне айналуы тиіс
12.05.2025
Сахара шаңы Еуропаның күн энергиясына кедергі келтіреді: жаңа зерттеу
08.05.2025
Қостанай облысында 2026 жылға дейін алты жаңартылатын энергия жобасы іске асырылады
08.05.2025
Швед компаниялары Қазақстанда локализация мен тұрақты жобаларға қызығушылық танытуда
06.05.2025
Қытай компаниялары Өзбекстанда 500 МВт күн электр станциясын салады
05.05.2025
Өлшемі маркамен бірдей жасанды жапырақ көмірқышқыл газын отынға айналдырады
05.05.2025
Тасманияда әлемдегі ең ірі электр кемесі іске қосылды
05.05.2025
Түрікменстан көмірсутектерді игеру бойынша экологиялық конференция өткізеді