Әлем жаңалықтары

Әлем жаңалықтары11.04.2025

Күн энергиясын өндіру үш жылда екі есе артады

QAZAQ GREEN.  Өткен жылы таза энергияның үлесі жаһандық тұтыну құрылымында 40%-дан асты, деп хабарлайды «24KZ».

Бұл – бақылау тарихындағы рекордтық көрсеткіштер. Негізінен бұл – жел, күн, атом және гидроэлектр станциялары. Сонымен қатар, көмірқышқыл газының шығарындылары рекордтық деңгейге жетті және жаһандық температураның жоғарылауы электр энергиясына жалпы сұранысты күшейтті.

Әлемдегі таза энергия өндірісінің үлесі 2024 жылы 41% құрады

«Жасыл» технологиялар өткен жылы бүкіл әлемдік энергияның 41%-ын өндірді, деп хабарлайды британдық Ember зерттеу компаниясы. Есеп жалпы тұтынудан 93% құрайтын 215 елдің электр энергиясын өндіру деректеріне негізделген. Әлемдегі ең көп энергияны гидроэлектр станциялар өндірді – 14%, таза атом мен жел турбиналары сәйкесінше 9% және 8%, күн панельдеріне – 7% және жаңартылатын энергияның басқа түрлеріне 3% келді. Ғалымдар адамзаттың электр энергиясына деген өсіп келе жатқан қажеттіліктерін жабу үшін «жасыл» ауысу бойынша күш-жігерді жеделдетуге шақырады.

Брюс Дуглас, Global Renewables Alliance бас директоры: «Геосаяси және экономикалық кедергілерге қарамастан, жаңартылатын энергия саласы өткен жылы жүйеге қосымша 858 ТВт/сағ генерация берді – бұл Ұлыбритания мен Францияның жылдық электр энергиясын тұтынуынан әлдеқайда көп. Таза энергия қазір әлемдік электр энергиясы өндірісінің 40%-дан астамын құрайды, бұл импульстің тоқтамайтынын дәлелдейді. Үкіметтер қауіпсіздік, экономика, қоғам және денсаулық тұрғысынан таза энергияны іске асыруды жеделдету үшін бюрократиялық әуре-сарсаңды азайтып, қаржыландыруды ашуы керек».

Ember: Күн энергиясын өндіру үш жылда екі есе артады

«Жасыл» электр генерациясының осындай жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізуге күн энергетикасы үлкен үлес қосты. Зерттеушілердің деректері бойынша, бұл сала электр энергиясын өндірудің ең жылдам дамып келе жатқан көзі болып табылады. Оның көрсеткіштері соңғы 12 жыл ішінде үш жылда екі есе артып келеді. Бұл үрдіс негізінен Қытай мен Үндістанда күн плантацияларының жаппай құрылысына байланысты.

Тағы бір өсіп келе жатқан сектор жел энергетикасы болды, ол өткен жылмен салыстырғанда 8% құрады. Сарапшылар сонымен бірге күн мен жел энергиясының құны тез төмендейтінін атап өтті. 2010 жылдан 2020 жылға дейін баға 85%-ға дейін төмендеді, оның ішінде энергияны сақтауға арналған аккумуляторлар қолжетімді болды.

Майк Хэмсли, Energy Transitions Commission директорының орынбасары: «Күн энергиясы мен аккумуляторлық батареялардың құны төмендеуді жалғастыратындықтан, біз саланы жаһандық енгізудің бұрын-соңды болмаған жеделдеуін көріп отырмыз. Икемді сақтау шешімдерімен қамтамасыз етілген қолжетімді күн мен жел энергиясының үйлесімі көміртексіздендіруді жылдам және бұрын болжанғаннан төмен бағамен жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл серпінді сақтау үшін біз жаңартылатын энергия келісімшарттарын қаржыландыруды жалғастыруымыз керек және жел мен күннің арзан шығындары электр энергиясының тұтыну бағасының төмендеуіне ықпал етуі үшін жылдам электрлендіруді қолдауымыз керек».

Айта кету керек, кейбір елдерде күн энергиясы дәстүрлі электрмен жабдықтау көздеріне балама ретінде қарастырылады. Мысалы, Куба үш жылдан астам уақыт бойы ескірген электр желісіне байланысты жаппай блэкаутқа тап болуда. Ең ірі станция 50 жылдан астам уақыт бұрын салынған және содан бері модернизация жүргізілмеген. Биыл жергілікті билік электр тапшылығымен күресу үшін 50-ден астам күн плантациясын салуды жоспарлап отыр.

2024 жылы әлемде 14,6 млн тонна СО2 өндірілді

Бірақ таза энергия өндірісінің өсуімен бірге көмірқышқыл газының шығарындылары да өсті. Өткен жылғы көрсеткіш рекордтық 14 млн 600 мың метрикалық тоннаны құрады, бұл қазба отынын тұтынудың артқанын білдіреді. Сұраныс факторларының қатарында – электромобильдерді танымал ету және деректерді өңдеу орталықтарын салу. Олар бес жыл бұрынғыға қарағанда екі есе көп электр энергиясын қажет етеді. Сондай-ақ бұл тізімге адамдар аптап ыстықтан көбірек сатып алатын ауабаптағыштар кіреді.

Ауа температурасы жаһандық жылыну нәтижесінде жоғарылауда. Халықаралық климаттық қызметтердің деректері бойынша, өткен жыл бақылау тарихындағы ең ыстық жыл болды. Ember қызметкерлері энергияға деген сұраныс бес жыл ішінде жылына 4%-ға өседі деп есептейді, бұл әлемдік электр генерациясында таза энергетика секторының өсімінен асып түседі.

Фил Макдональд, Ember басқарушы директоры: «Болып жатқан өзгерістерге назар аудару маңызды. Ыстық ауа-райы 2024 жылы қазба өндірісінің өсуіне әкелді, бірақ біз 2025 жылы мұндай секірісті көруіміз екіталай. Жасанды интеллект және электромобильдер сияқты технологиялар электр энергиясына деген сұранысты арттырады. Күн мен жел генерациясының қарқынды дамып келе жатқан секторлары жеткізуге дайын болуы мүмкін».

Бүкіл әлем бойынша энергия өндірудегі көмірдің үлесі 34% құрады.

Қазба отындары бойынша көмір ең көп электр энергиясын өндірді. Оның үлесі барлық энергияны өндірісінен 34% құрайды. 22% табиғи газға және 3% басқа көздерге тиесілі болды. Сектордың жалпы өсімі – 1,5%. Негізгі бөлігі Азия елдерінің, атап айтқанда Үндістан мен Қытайдың қарқынды дамып келе жатқан экономикаларына байланысты, олардың экономикаларының дамуы барған сайын көбірек энергетикалық шығындарды талап етеді.

16.05.2025
«Жасыл» энергетика: Алматы облысы инвестиция мен даму қарқыны бойынша алда келеді
15.05.2025
Премьер Қостанай облысындағы «жасыл» энергетиканың дамыту жоспарымен танысты
15.05.2025
Қытайдағы бүкіл тау тізбегі күн панелімен жабылған
15.05.2025
Өзбекстан 2025 жылы 3,5 ГВт жаңартылатын энергия мен 1,8 ГВт энергия сақтау жүйесін іске қосады
14.05.2025
Жапония ғарыштан күн энергиясын беруді сынады
14.05.2025
Жасыл таксономия Қырғызстанда бекітілді
14.05.2025
Polar Night Финляндияда екінші «құм» энергия сақтау қоймасын салады
13.05.2025
Masdar мен «Самұрық-Қазына» Қазақстанда ЖЭК бойынша ірі жобаларды іске асыру туралы келісті
13.05.2025
«Жасыл» технологияларға инвестициялар тарту AIF форумы тақырыптарының бірі болмақ
13.05.2025
ЖЭК саласындағы мамандар Астанада МЖӘ бойынша оқытудан өтті
13.05.2025
Әзірбайжанда ЖЭК жобаларына ең аз инвестиция көлемі анықталды
12.05.2025
ЕҚДБ Египеттегі күн панельдері мен батареялар өндірісіне инвестиция салады
12.05.2025
Қазақстанның өнеркәсіптік өңірлері жасыл энергетикаға көшудің бір бөлігіне айналуы тиіс
12.05.2025
Сахара шаңы Еуропаның күн энергиясына кедергі келтіреді: жаңа зерттеу
08.05.2025
Қостанай облысында 2026 жылға дейін алты жаңартылатын энергия жобасы іске асырылады
08.05.2025
Швед компаниялары Қазақстанда локализация мен тұрақты жобаларға қызығушылық танытуда
06.05.2025
Қытай компаниялары Өзбекстанда 500 МВт күн электр станциясын салады
05.05.2025
Өлшемі маркамен бірдей жасанды жапырақ көмірқышқыл газын отынға айналдырады
05.05.2025
Тасманияда әлемдегі ең ірі электр кемесі іске қосылды
05.05.2025
Түрікменстан көмірсутектерді игеру бойынша экологиялық конференция өткізеді