Әлем жаңалықтары

Әлем жаңалықтары22.04.2025

Әйелдер ЖЭК саласындағы қызметкерлердің жалпы санынан 32% ғана құрайды – БҰҰ-әйелдер

QAZAQ GREEN.  Энергия біздің өміріміздің әр аспектісін қоректендіреді. 2050 жылға қарай әлемдегі барлық электр энергиясының 90%-ы жаңартылатын көздерден өндірілуі мүмкін. Мұндай ауысу парниктік газдар шығарындыларын едәуір азайтуға және климаттық өзгерістердің ең ауыр зардаптарын болдырмауға көмектеседі. Бірақ анығы: біз бұл болашаққа әйелдердің қатысуынсыз қол жеткізе алмаймыз.

Бүгінде әйелдер жаңартылатын энергетика саласындағы қызметкерлердің жалпы санынан небәрі 32% құрайды – бұл климаттық дағдарысқа тиімді қарсы тұру және шынымен әділ энергетикалық ауысуды қамтамасыз ету үшін елеулі олқылық пен қапы жіберілген мүмкіндік.

«БҰҰ-әйелдер «Непалдан Санджана Чхантьялмен – «2030-ға дейін 30» Азия-Тынық мұхиты көшбасшылық бастамасының белсендісі және  мүшесі – әйелдерді жаңартылатын энергетика секторына тарту үшін не қажет және қаржылық қолжетімділік неліктен шешімнің бір бөлігі болуы керектігі туралы әңгімелесті.

Непалдың байырғы тұрғыны жағдайды қалай өзгертеді

«Непалдың байырғы қауымдастығында өскен қыз ретінде мен мүмкіндіктерге, пайдалы байланысқа және ақпаратқа өте шектеулі қолжетімділікке ие болдым, – дейді Санджана Чхантьял. – Маған үлкен бастама көтеруге тура келді: өзім ақпарат іздеуім керек, жоғары білімге қол жеткізуім керек және жағдайдың менің алдымда есік жабуына жол бермеуім керек болды».

Бұл шешім – тағдырын өз қолына алу – оның белсенділіктегі алғашқы қадамы болды.

«Мен әрқашан армандары өмірлік жағдайларынан үлкен басқа қыздарға есік ашуда көмектескім келді», – деп қосты ол.

Чхантьял өз тәжірибесінен маргиналды қоғамдарда қыздарды ақпараттық кедергілер қаншалықты шектейтінін түсінді. Ол жоғары білімге қол жеткізуге көмектесетін құралдарды әзірледі және студенттерге жеке тәлімгерлік етті. Кейінірек Фулбрайт бағдарламасының стипендиаты ретінде ол непалдық жас әйелдерге жаңартылатын энергия саласында мансап құруға көмектесетін Энергетикадағы әйелдер бастамасының негізін қалаушылардың бірі болды.

Энергетикадағы әйелдердің орны

«Энергетика тек инженерлерге арналған деген пікір бар, – дейді Чхантьял. – Бұл – зиянды түсінік, өйткені инженерияда әйелдер аз, демек әйелдерге өзін осы салада елестету қиынырақ».

Инновациялық қордың қолдауымен Фулбрайт бағдарламасының басқа түлектерімен бірлесіп жүзеге асырылған оның жобасы таза энергетикаға пәнаралық көзқарастың құндылығын көрсетуге бағытталған. Ол құқықтану, экологиялық саясат, кәсіпкерлік, еңбек құқықтарын қорғау және қаржы жаңартылатын энергиямен қалай сәйкес келетінін көрсетті.

«Бірде-бір дағдылар жиынтығы секторды жалғыз қолдай алмайды. Тек бірігіп қана әр түрлі саланың мамандары нақты прогреске қол жеткізе алады», – деп атап өтті Чхантьял.

Жоба бакалавриат пен магистратурада оқитын әйелдерге бағытталған – олардың көпшілігі бұл салаға қалай түсуге болатынын білмеді. Мақсат – білім беру ғана емес, сонымен қатар әйелдерді энергетика әлемінде өздерін көруге шабыттандыру.

Сонымен қатар, жоба кәсіпкерлікке баса назар аударады. «Көптеген қауымдастықтарда әйелдер кәсіпкерлігін ынталандырмайды, – дейді Чхантьял. – Бірақ бұл «жасыл» бизнес – әйелдерді энергетикаға тартудың қуатты жолы, әсіресе STEM-бағыттардағы гендерлік алшақтықты ескере отырып».

Қаржылық қолжетімділік: тең энергетикалық ауысудың жетіспейтін элементі

Чхантьял қаржылық интеграциясыз бұған қол жеткізу мүмкін еместігін атап көрсетеді. «Қаржы құралдары мен өнімдері әуел бастан әйелдердің қажеттіліктерін ескере отырып жасалмайды, – дейді ол. – Олар әйелдер өмір сүретін шындыққа сәйкес келмейді».

Мысалы, несие алу үшін кепіл қажет – әйелдердің көпшілігінде жер немесе басқа мүлік жоқ. Немесе бюрократия – банктерден қолдау жоқ бейресми секторда жұмыс істейтіндерге онымен күресу әсіресе қиын.

«Егер сіз әйелдерге арналған өнімді жасағыңыз келсе – олар кездесетін кедергілерді жойыңыз», – дейді ол.

Гендерлік зорлық-зомбылық және қаржы жүйелері

Тағы бір маңызды, бірақ жиі еленбейтін мәселе – қауіпсіздік.

«Гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған жауап беру қаржы жүйелерін дамытуға енгізілуі керек, – дейді Чхантьял. – Қаржыға қол жеткізу әрқашан қауіпсіз бола бермейді. Кейбір әйелдер қанауға ұшырайды, олардан жыныстық қызмет талап етіледі».

Ол есептілік пен ашықтық маңызды екенін атап өтеді. Әйелдер теріс пайдалану туралы хабарлай алатын және қорғау алатын нақты тетіктер қажет.

Бұл ретте қаржы ұйымдары бәрін жалғыз өзі шешуге міндетті емес. «Банктер азаматтық қоғаммен ынтымақтастық жасай алады және бұл міндетті. Олардың қаржылық капиталы бар, бізде – әлеуметтік капитал бар. Бұл ресурстарды біріктіру керек», – дейді ол.

Чхантьял гендерлік сезімтал қаржыландыруға шақырады – әйелдердің тәжірибесі мен идеяларын ескеретін, олардың зияткерлік меншігін қолдайтын және олардың мүдделеріне, әсіресе бейресми экономикаға бағытталған.

Әйелдер – тұрақты энергетикалық болашақтың қозғаушы күші

Дүние жүзінде әйелдер мен қыздар энергетикалық кедейліктің ауыртпалығын көтереді. Олар көбінесе үй шаруашылықтарын энергиямен қамтамасыз етумен айналысады және осы секторға белсенді қатысады.

Олар энергияға қол жеткізе алмаған кезде, күтім мен тұрмыстық істер бойынша ақысыз жұмыс көлемі артады. Бұл олардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндіреді.

16.05.2025
«Жасыл» энергетика: Алматы облысы инвестиция мен даму қарқыны бойынша алда келеді
15.05.2025
Премьер Қостанай облысындағы «жасыл» энергетиканың дамыту жоспарымен танысты
15.05.2025
Қытайдағы бүкіл тау тізбегі күн панелімен жабылған
15.05.2025
Өзбекстан 2025 жылы 3,5 ГВт жаңартылатын энергия мен 1,8 ГВт энергия сақтау жүйесін іске қосады
14.05.2025
Жапония ғарыштан күн энергиясын беруді сынады
14.05.2025
Жасыл таксономия Қырғызстанда бекітілді
14.05.2025
Polar Night Финляндияда екінші «құм» энергия сақтау қоймасын салады
13.05.2025
Masdar мен «Самұрық-Қазына» Қазақстанда ЖЭК бойынша ірі жобаларды іске асыру туралы келісті
13.05.2025
«Жасыл» технологияларға инвестициялар тарту AIF форумы тақырыптарының бірі болмақ
13.05.2025
ЖЭК саласындағы мамандар Астанада МЖӘ бойынша оқытудан өтті
13.05.2025
Әзірбайжанда ЖЭК жобаларына ең аз инвестиция көлемі анықталды
12.05.2025
ЕҚДБ Египеттегі күн панельдері мен батареялар өндірісіне инвестиция салады
12.05.2025
Қазақстанның өнеркәсіптік өңірлері жасыл энергетикаға көшудің бір бөлігіне айналуы тиіс
12.05.2025
Сахара шаңы Еуропаның күн энергиясына кедергі келтіреді: жаңа зерттеу
08.05.2025
Қостанай облысында 2026 жылға дейін алты жаңартылатын энергия жобасы іске асырылады
08.05.2025
Швед компаниялары Қазақстанда локализация мен тұрақты жобаларға қызығушылық танытуда
06.05.2025
Қытай компаниялары Өзбекстанда 500 МВт күн электр станциясын салады
05.05.2025
Өлшемі маркамен бірдей жасанды жапырақ көмірқышқыл газын отынға айналдырады
05.05.2025
Тасманияда әлемдегі ең ірі электр кемесі іске қосылды
05.05.2025
Түрікменстан көмірсутектерді игеру бойынша экологиялық конференция өткізеді