Әлем жаңалықтары07.06.2022
Дүниежүзілік банк: жаңартылатын энергетика саласындағы жобаларға $23 трлн қажет
Дүниежүзілік банктің деректері бойынша, жаңартылатын энергетика жобаларын қаржыландыру үшін бүкіл әлемде 23 триллион доллардан астам инвестиция қажет және бұл қаражаттың едәуір бөлігі сукук (ислам облигациялары) көмегімен тартылуы мүмкін, деп хабарлайды Qazaq Green Zawya-ға сілтеме жасап.
Дүниежүзілік банктің Парсы шығанағы елдеріндегі аймақтық директоры Исам Абу Сулейманның айтуынша, «жасыл» сукукке сұраныс күрт артып келеді және 2023 жылдың басында мұндай шариғат құралдарының нарық көлемі 2,4 трлн долларға жетуі мүмкін.
«Біз сукукке сұраныстың айтарлықтай өсуін байқап отырмыз... жаңартылатын энергия көздері жобалары үшін шамамен 27 триллион доллар қажет, ал сукук қаржыландыруда маңызды рөл атқара алады», - деді ол Мысырдың оңтүстігіндегі Шарм-эль-Шейх портындағы исламдық облигациялары бойынша конференцияда.
Симпозиумда сөйлеген сөзінде Индонезия Орталық банкінің басшысы Перри Варджио коронавирус азиялық елді «жасыл экономика мен қаржыға көшуге» итермелегенін айтып, Индонезия, Сауд Арабиясы, БАӘ және Малайзия әлемдегі ең ірі жасыл ислам облигацияларының эмитенттері екенін қосты.
«Индонезиядағы жасыл сукуктардың құны шамамен 4,3 млрд долларға жетті... бұл облигациялар біздің еліміздің жасыл экономикасына оң әсер етті және теміржол мен күн энергиясын қамтитын көптеген жобаларды құруға ықпал етті», - деді ол.
Кездесуде сөз сөйлеген Мысырдың қаржы министрі Мохаммед Мааит Мысырда исламдық облигациялар шығару үшін «үлкен жұмыс» жүргізу қажеттігіне тоқталды.
Оның айтуынша, мұндай құралдар «кең құқықтық негіз мен қолайлы инфрақұрылымды» қажет етеді және 2011 жылы Каир сукук шығарылымын реттейтін заң шығарды, бірақ ол қолданылмады.
«Бірақ соңғы екі жылда біз белгілі бір ілгерілеуге қол жеткіздік... біз сукук туралы заң шығардық және сукук шығаруды бастау үшін осы заңды іске қосу процесінде тұрмыз», - деді ол.
Нигерияның қаржы министрі Зейнаб Ахмед кездесуде үкімет 1,5 млрд долларға жуық жасыл сукук шығарғанын және жолдарды, энергетиканы және басқа жобаларды қаржыландыру үшін осындай инвестициялық құралдарды пайдалануды кеңейтуді жоспарлап отырғанын айтты.
Мәжіліс жаңартылатын энергия көздеріне қатысты заңды қабылдады
Айнұр Соспанова: Екіжақты шарттар нарығының жұмысын реттейтін нақты ережелер қажет
ГЭС, ЖЭС құрылысына ЖЭК аукциондық сауда-саттығына қатысушылардың тізіліміне енгізу үшін құжаттарды қабылдау басталды
JinkoSolar энергияны жинақтау бойынша 1-деңгейдегі BNEF тізіміне енді
Жапония 2025 жылы ғарыштан Жерге күн энергиясын беруді жоспарлап отыр
АҚШ-та шойын мен болатты тазарту технологияларын әзірлеуге 28 миллион доллар бөлінеді
Австралия қараусыз қалған көмір шахтасында қуаты 1 ГВт ГЭС салуды жоспарлап отыр
Apple жаңартылатын энергия көздері мен су ресурстарының тұрақтылығына күш салуда
Еуропада екі мемлекет жел генераторларының қуатын арттырудың арқасында 100% жаңартылатын энергиямен қамтамасыз етілді
IRENA есебі: ЖЭК-ке көшу энергия қауіпсіздігіне жаңа көзқарасты қажет етеді
CATL өнеркәсіптік батареяны, Megapack Tesla баламасын ұсынды
Бакуде жел электр станциясы салынады
Қазақстан мен Оңтүстік Корея Түркістанда бу-газ қондырғысын салуға ниетті
Астанада ҚР – ЕО Энергетика, көлік, қоршаған орта және климаттық өзгерістер жөніндегі кіші комитетінің 7-ші отырысы өтті
Алмасадам Сәтқалиев: Қазақстан метан шығарындыларын азайту бойынша жұмысты күшейтуге ниетті
Дубайда күн батареясымен жүретін көлік іске қосылуы мүмкін
IRENA: Жел электр станцияларын енгізу құны үштен бірінен астамға төмендеді
Абу-Дабиде министрлер мен энергетика көшбасшылары ЖЭК болашағын талқылайды
Венгрия жылуды біртіндеп геотермалдық энергияға ауыстыруда
Еуропалық комиссия ғимараттардың энергетикалық тиімділігі туралы заң қабылдады