Әлем жаңалықтары

Әлем жаңалықтары15.06.2022

Финляндияда жаңа суперкомпьютер ЖЭК тұтынады және жылумен жабдықтауға қатысады

QAZAQ GREEN. LUMI деп аталатын Еуропадағы ең қуатты және әлемдегі үшінші қуатты суперкомпьютер финдық Каяани қаласында салтанатты түрде ұсынылды, деп хабарлайды Euractiv.

LUMI (Large Unified Modern Infrastructure - Үлкен бірыңғай заманауи инфрақұрылым) деректерді өңдеу орталығына айналған ескі қағаз фабрикасының ғимаратында орналасқан. Суперкомпьютер EuroHPC бірлескен жобасының нәтижесі болып табылады. Бұл бастаманы 2018 жылы Чехия, Дания, Эстония, Польша мен Швецияны қоса алғанда ЕО елдері және Еуропадағы суперкомпьютерлер экожүйесін дамыту үшін жеке серіктестер іске қосты.

Өлшемі баскетбол алаңыздай болатын компьютер шамамен екі миллион ноутбукке тең қуат өндіре алады, EuroHPC-ге тиесілі және оны он елдің консорциумы басқарады. LUMI құны 200 миллион еуро болды: соманың төрттен бір бөлігін Финляндия, ал қалғанын басқа серіктестер өтеді.

Каяани орналасу орны ретінде таңдалды, өйткені салқын климаттың арқасында компьютерді салқындату үшін аз қуат қажет. LUMI жаңартылатын гидроэлектростанциялардан қоректенеді және оның өндірілген жылуы орталықтандырылған жылумен жабдықтау желісінде қолданылады.

Сонымен бірге Еуропалық комиссияның атқарушы вице-президенті Маргрете Вестагер LUMI-дің ашылуын «Еуропаның цифрлық және жасыл қайта құрылуының маңызды қадамы» және «біздің өмірімізді жақсарту үшін жасанды интеллекттің үлкен әлеуетінің керемет үлгісі» деп атады.

LUMI медицина, жасанды интеллект, климаттың өзгеруі, жаңартылатын энергия және термоядролық энергияны қоса алғанда, деректер мен есептеулерге көп көңіл бөлетін салаларда маңызды актив болуға уәде береді. LUMI бүкіл әлемдегі академиялық зерттеушілер үшін қолжетімді болумен қатар, оның қуаттылығының бестен бір бөлігі жеке компаниялар үшін сақталған.

Green500 суперкомпьютерлерінің үнемі өзгеріп отыратын ғаламдық тізімінде қазіргі уақытта Lumi-дің алдында американдық Summit және жапондық Fugaku компьютері бар.

25.04.2024
Ғалымдар қайта өңделетін материалдардан қалақтарды 3D басып шығаруды әзірлеуде
25.04.2024
Қытайда теңіз КЭС құрылысына рұқсат етілген теңіз аймақтары анықталды
24.04.2024
1 миллионға жуық американдық отбасы күн батареясынан қуат алады
24.04.2024
Мәжіліс жаңартылатын энергия көздеріне қатысты заңды қабылдады
23.04.2024
Вильнюс қаласында Литвада өндірілген алғашқы күн батареясы ұсынылды
23.04.2024
Айнұр Соспанова: Екіжақты шарттар нарығының жұмысын реттейтін нақты ережелер қажет
23.04.2024
ГЭС, ЖЭС құрылысына ЖЭК аукциондық сауда-саттығына қатысушылардың тізіліміне енгізу үшін құжаттарды қабылдау басталды
22.04.2024
JinkoSolar энергияны жинақтау бойынша 1-деңгейдегі BNEF тізіміне енді
22.04.2024
Жапония 2025 жылы ғарыштан Жерге күн энергиясын беруді жоспарлап отыр
19.04.2024
АҚШ-та шойын мен болатты тазарту технологияларын әзірлеуге 28 миллион доллар бөлінеді
19.04.2024
Австралия қараусыз қалған көмір шахтасында қуаты 1 ГВт ГЭС салуды жоспарлап отыр
19.04.2024
Apple жаңартылатын энергия көздері мен су ресурстарының тұрақтылығына күш салуда
18.04.2024
Еуропада екі мемлекет жел генераторларының қуатын арттырудың арқасында 100% жаңартылатын энергиямен қамтамасыз етілді
18.04.2024
IRENA есебі: ЖЭК-ке көшу энергия қауіпсіздігіне жаңа көзқарасты қажет етеді
17.04.2024
CATL өнеркәсіптік батареяны, Megapack Tesla баламасын ұсынды
17.04.2024
Бакуде жел электр станциясы салынады
17.04.2024
Қазақстан мен Оңтүстік Корея Түркістанда бу-газ қондырғысын салуға ниетті
17.04.2024
Астанада ҚР – ЕО Энергетика, көлік, қоршаған орта және климаттық өзгерістер жөніндегі кіші комитетінің 7-ші отырысы өтті
16.04.2024
Алмасадам Сәтқалиев: Қазақстан метан шығарындыларын азайту бойынша жұмысты күшейтуге ниетті
16.04.2024
Дубайда күн батареясымен жүретін көлік іске қосылуы мүмкін