Аналитика

Аналитика21.12.2022

ЖЭК нарығындағы теңгерімсіздік

Гүлжан Нәлібаева, «ЖЭК қолдау жөніндегі ҚЕАО» ЖШС Бас директоры

Бүгінгі таңда электр энергетикасы саласы ел экономикасының басым және назар аударуды талап ететін салаларының бірі болып табылады. Осы саланы дамытудың белгіленген векторы мен нысаналы көрсеткіштері біздің мемлекетіміздің барлық қолданыстағы халықаралық келісімдер шеңберінде оған қабылданған барлық міндеттемелерге адалдығын тағы да растайды. Бул ретте бүгінгі күннің шындықтары халықаралық аренадағы геосаяси және экономикалық өзгерістерге байланысты дәстүрлі энергия көздерінен толық бас тарту мүмкін еместігін көрсетті.

1.           ЖЭК СЕКТОРЫНА ШОЛУ

2013 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасының жасыл экономикаға көшуі жөніндегі тұжырымдама» 2050 жылға дейін «жасыл экономика» қағидаттарын болашақ даму бағыты ретінде көздейді (баламалы энергияны ескере отырып, электр энергиясын өндірудіңжалпы көлеміндегі жаңартылатын энергия көздерінің (ЖЭК) үлесін 2025жылға қарай 6%-ға, 2030 жылға қарай 15%-ға және 2050 жылдарға қарай 50%-ға дейін ұлғайту). Еліміз «жасыл экономиканы» дамыту жөніндегі нысаналы индикаторларды өршіл етіп қойды, бірақ ілгерілеу мен даму Қазақстанның ЖЭК объектілерін салуда шетелдік және отандық инвесторларды көбірек тартатынын және жыл сайын электрэнергиясын өндіруге қатысатын Қазақстанның энергия жүйесіндегі ЖЭК үлесі артып келе жатқанын көрсетеді.

Бүгінгі таңда ЖЭК секторының көрсеткіштері бойынша статистикалық деректер келесі суретті көрсетеді.


2022 жылдың қыркүйек aйының соңы ндағы жағдай бойынша Қазақстан бойынша ЖЭК объектілерінің жалпы белгіленген қуаты 2325 МВт-қа жетті (Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің деректеріне сәйкес). Қазақстанда ЖЭК-ті дамытудың қазіргі заманғы трендтері инвесторлардың күн электр станцияларын салу жобаларына тартылуы қалған ЖЭК түрлерінен басым екенін көрсетеді (күн электр станцияларының белгіленген қуатының үлесі 49%-дан асады).

Қазақстан бойынша электр энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі ЖЭК өндірілетін электр энергия- сының үлесі 2022 жылдың 9 айында 4,6% немесе 3 917 млн. кВтсағ құрады. ЖЭК электр энергиясын өндірудің үлкен үлесі жел электр станцияларына тиесілі, 41%- дан астам немесе 1639 млн.кВтсағ.


«ЖЭК жөніндегі ҚЕАО» ЖШС арқылы ЖЭК электр энергиясының шамамен 90%-ы немесе 3 504,4 млн. кВтсағ сатылды. Электр энергиясын өндірудің ең үлкен үлесі жел электр станцияларына да тиесілі, 44%-дан астам немесе 1532 млн. кВтсағ.


Өздеріңіз білетіндей, ЖЭК саласындағы заңнамаға сәйкес ЖЭК объектілері үшін теңгерім провайдерінің функциясын «ЖЭК жөніндегі ҚЕАО» ЖШС жасалған ұзақ мерзімді шарттар шеңберінде жүзеге асырады, күн сайын барлық ЖЭК түрлері бойынша жиынтық белгіленген қуаты шамамен 2 094 МВт болатын 91ЖЭК объектісінен тәуліктік өндіріс кестесін шоғырландырады.


Облыстар бойынша белгіленген қуатты пайдалану коэффициенті (БҚПК) әрбір ЖЭК түрі бойынша өңірдің табиғи-климаттық әлеуетін көрсетеді. Аймақтар бойынша БҚПК орташа жылдық көрсеткіші әрбір электрстанциясының нақты электр энергиясын өндірудің соңғы 12 айдағы әрбір сағат үшін (2021 жылдың қыркүйегінен 2022жылдың қыркүйегіне дейін) ең жоғары мүмкіндігіне қатынасы ретінде есептелген.


Жоғарыда келтірілген кесте Қазақстанның оңтүстігі мен батысында СЭСжобалары үшін жеткілікті жоғары ресурстық көрсеткіштердің, сондай-ақ солтүстік өңірлерде, Атырау және Жамбыл облыстарында жел ресурстарының бар екендігін көрсетеді.


2.      «ЖЭК ЖӨНІНДЕГІ ҚЕАО» ЖШС-МЕН ЖАСАЛҒАН ШАРТТАР БОЙЫНША 2022 ЖЫЛҒЫ 9 АЙДАҒЫ ЖЭК ТЕҢГЕРІМСІЗДІКТЕРІН ТАЛДАУ

ЖЭК даму үрдісі инвесторлардың, отандық немесе шетелдік болсын, елдегі жел парктері мен күн электр станцияларын салуға көбірек көңіл бөлетінін және қызығушылық танытатынын көрсетеді. Экология тұрғысынан бұл қолайлы құбылыс, бірақ Қазақстанның энергетиктері мұндай бастамаларды белсенді түрде қолдамайды. Бұл ЖЭК объектілерінен электр энергиясын өндірудің өсуімен қатар Қазақстанның энергия жүйесінде бірқатар басқа да жағымсыз құбылыстардың туындауына байланысты.

Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесіне (ҚР БЭЖ) ЖЭК интеграциялау тұрғысынан ЖЭК генерациялаумен байланысты негізгі проблемалардың бірі ЖЭК объектілерінің электр энергиясын өндірудің тәуліктік кестесін сақтамауы болып табылады. Күнделікті кестені сапасыз жоспарлау жұмысты едәуір қиындатады және электр энергиясын өндіру мен түтынудың тұрақты теңгерімін қамтамасыз ету бойынша қойылған міндеттерді орындауға кедергі келтіреді. Бұл проблема Қазақстанда маневрлік генерацияның тапшылығымен күрделене түседі. ҚР БЭЖ-де маневрлік қуаттардың тапшылығы, сондай-ақ ЖЭК-тен электр энергиясын өндірудің жоспарланған өсуі энергетикалық жүйені теңгерімдеу және реттеу мәселелері бойынша Ресей Федерациясына тәуелділіктің өсуіне алып келеді.


ҚР заңнамасына сәйкес тәуліктік кестені қалыптастырудың қолданыстағы схемасы жүйелік операторды жоспарлау жүйесінің веб-интерфейсіне өтінімді жүктеу арқылы электр энергиясының көтерме сауда нарығының барлық субъектілері үшін тәуліктің 11 сағатына дейін (оның ішінде ЖЭК) қалыптастырылған тәуліктік кестені бағыттауды көздейтінін атап өту маңызды. Бұдан әрі, тәуліктің 16:00 сағатына дейін жүйелік оператор іргелес мемлекеттердің уәкілетті диспетчерлік бөлімшелерімен электр энергиясының мемлекетаралық келісімшарттық ағындарының кестесін келіседі және тәуліктік кестеге техникалық сараптама жүргізеді, кейіннен оны жоспарлау жүйесінің веб-сайтында сағат 17:00-ге дейін бекітеді және орналастырады.

Төмендегі диаграммалар ағымдағы жылдың тамыз және қыркүйек айларында күн және жел станцияларының электр энергиясын өндірудің жоспарлы мәндерінен ауытқуы бойынша мысалдарды көрсетеді.

Айта кету керек, операциялықтәулік басталғанға дейін бір күн бұрын тәуліктік кестені қалыптастыру кезеңінде осы ауытқуларды азайту тенденциясы, ал демалыс және мереке күндерін болжау бірнеше күн бүрын жүзеге асырылады және секірмелі сипатқа ие. Ауыткулардың бұл бағыты көптеген ЖЭК нысандарында, әсіресе қысқы кезеңде КЭС жобалары үшін байқалады.



2022 жылғы 9 айдағы талдамалық деректерге сәйкес ЖЭК объектілерінен оң және теріс жиынтық теңгерімсіздіктер нақты генерациясы 3504,4 млн. кВтсағ болған кезде 1751 млн. кВтсағ құрағаны анықталды. Бұл факт ЖЭК объектілерінің электр энергиясын өндіруді болжау мәселесінде үлкен проблеманың бар екендігін және олардың сақталуын ынталандыру бойынша қаржы құралдарының жоқтығын көрсетеді. Ерте ме, кеш пе, бұл проблема нақты уақыт режимінде электрэнергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмысы кезінде электр энергиясының айтарлықтай теңгерімсіздіктерінің пайда болуына, Ресей Федерациясының энергия жүйесіне тәуелділіктің артуына және ЖЭК балансының провайдері жағында қаржылық тәуекелдердің пайда болуына әкеледі. КЭС-тегі жиынтық теңгерімсіздік көрсеткіштерінің шамамен 489 млн. кВтсағ немесе 28% құрады, ЖЭС -1182 млн.кВтсағ немесе 67%, ГЭС - 79 млн. кВтсағ немесе 1%-дан кем.

ЖЭК-тен энергетикалықжүйеде пайда болған теңгерімсіздіктердің ең шыңы орын алған ай - наурыз, ол 249 млн.кВтсағ, барлық ЖЭК түрлері бойынша электр энергиясын қайта өңдеудің 220 млн. кВтсағ құрады.

2022 жылғы 9 айдағы ЖЭК түрлері бойынша орташа сағаттық ауытқу келесідей:

-       КЭС бойынша - 40,67%;

-       ЖЭС бойынша - 60,73%;

-       ГЭС бойынша - 22,88%;

КЭС үшін көрсетілген кезеңайлары бойынша ең жоғары орташа ауытқу - қаңтар 62,02%, ЖЭС үшін - қаңтар, маусым шамамен 62%, ГЭС үшін - қаңтар 27,30%. Бұл фактор, менің ойымша, маусымдық сипаттағы КЭС және ГЭС үшін болжау қиындықтарымен байланысты.

Бүл ретте белгілі бір диапазоннан ауытку кезіндегі сағат саны:


3.      ЭТН-ГЕ ЖЭК ҚАТЫСУЫ

ЖЭК пайдаланатын электр энергиясын өндірушілер нақты уақыт режимінде теңгерімдеуші нарық жұмыс істеген кезде олар жасаған электр энергиясын өндірудің сағаттық тәуліктік кестесінің теңгерімсіздігі үшін барлық қаржылық жауапкершілік оларға жүктеледі деп ойлауы керек.


ЖЭК айнымалыларының электр желісіне интеграциясын арттырудың негізгі факторларының бірі - жүйенің икемділігі. Икемділік- бұл жүйенің сұраныс пен ұсыныстың өзгергіштігі мен белгісіздігіне жауап беру қабілеті. Жүйенің жоғары икемділігіне бірнеше жолмен қол жеткізуге болады. З-сурет салыстырмалы құны бойынша желінің икемділігін арттырудыңәр түрлі нұсқаларын көрсетеді.

Халықаралық энергетикалық агенттіктің (ХЭА) мәліметтері бойынша ЖЭК объекгілерін генерациялауды сапалы болжау өндірістің өзгергіштігін өтеудің ең үнемді тәсілдерінің бірі болып табылады.ЖЭК-ті дұрыс болжау жүйенің сенімділігіне нұқсан келтірмей, ең аз шығындармен дәстүрлі генерацияның толық икемділігін пайдалануға негіз береді. Бұл ретте ЖЭК болжау процестің активаторы болып табылатынын, бірақ желінің икемділігін арттырмайтынын атап өткен жөн. Дұрыс болжау басқа компоненттермен бірге қолданылуы керек. Мысалы, жүйенің икемділігінің жоғарылауы ЖЭК-ті сапалы болжауды, қысқа мерзімді экономикалық диспетчерлеуді және дәстүрлі энергия паркінің икемділігінің жеткіліктілігін біріктіруді талап етеді.

Қазіргі уақытта уәкілетті орган, ҚР Энергетика министрлігі электрэнергетикасы нарығының ойыншыларымен бірлесіп электр энергетикасы саласындағы заңнамалық базаны жетілдіру, нақты уақыт режимінде теңгерімдеуші нарықты енгізуге және электр энергиясын бірыңғай сатып алушы тетігін  енгізуге қатысты белсенді жұмыс жүргізуде. Осы ұсынылатын бастамалар электр энергиясының көтерме сауда нарығының барлық субъекгілерінің ЭТН-дегі уәкілетті ұйым алдында өндіріс пен тұтынудың тәуліктік кестесінің жоспарлы режимдерінен ауыткуы үшін қаржылық жауапкершілікті өз бетінше атқару жауапкершілігін бекітуді көздейді. ЖЭК объектілері, ерекшелік болып табылмай, жасалған теңгерімсіздіктер үшін онымен жасалған шарт шеңберінде теңгерім провайдері («ЖЭК жөніндегі ҚЕАО» ЖШС) арқылы да, жасалған екіжақты шарттар шеңберінде де дербес жауапты болады.


25.04.2024
Ғалымдар қайта өңделетін материалдардан қалақтарды 3D басып шығаруды әзірлеуде
25.04.2024
Қытайда теңіз КЭС құрылысына рұқсат етілген теңіз аймақтары анықталды
24.04.2024
1 миллионға жуық американдық отбасы күн батареясынан қуат алады
24.04.2024
Мәжіліс жаңартылатын энергия көздеріне қатысты заңды қабылдады
23.04.2024
Вильнюс қаласында Литвада өндірілген алғашқы күн батареясы ұсынылды
23.04.2024
Айнұр Соспанова: Екіжақты шарттар нарығының жұмысын реттейтін нақты ережелер қажет
23.04.2024
ГЭС, ЖЭС құрылысына ЖЭК аукциондық сауда-саттығына қатысушылардың тізіліміне енгізу үшін құжаттарды қабылдау басталды
22.04.2024
JinkoSolar энергияны жинақтау бойынша 1-деңгейдегі BNEF тізіміне енді
22.04.2024
Жапония 2025 жылы ғарыштан Жерге күн энергиясын беруді жоспарлап отыр
19.04.2024
АҚШ-та шойын мен болатты тазарту технологияларын әзірлеуге 28 миллион доллар бөлінеді
19.04.2024
Австралия қараусыз қалған көмір шахтасында қуаты 1 ГВт ГЭС салуды жоспарлап отыр
19.04.2024
Apple жаңартылатын энергия көздері мен су ресурстарының тұрақтылығына күш салуда
18.04.2024
Еуропада екі мемлекет жел генераторларының қуатын арттырудың арқасында 100% жаңартылатын энергиямен қамтамасыз етілді
18.04.2024
IRENA есебі: ЖЭК-ке көшу энергия қауіпсіздігіне жаңа көзқарасты қажет етеді
17.04.2024
CATL өнеркәсіптік батареяны, Megapack Tesla баламасын ұсынды
17.04.2024
Бакуде жел электр станциясы салынады
17.04.2024
Қазақстан мен Оңтүстік Корея Түркістанда бу-газ қондырғысын салуға ниетті
17.04.2024
Астанада ҚР – ЕО Энергетика, көлік, қоршаған орта және климаттық өзгерістер жөніндегі кіші комитетінің 7-ші отырысы өтті
16.04.2024
Алмасадам Сәтқалиев: Қазақстан метан шығарындыларын азайту бойынша жұмысты күшейтуге ниетті
16.04.2024
Дубайда күн батареясымен жүретін көлік іске қосылуы мүмкін