Экологиялық саясат17.09.2021
Waste-to-Energy алғашқы аукционы

«KOREM» АҚ сауда алаңында Қазақстан Республикасында қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жобаларын іріктеу бойынша алғашқы аукциондық сауда-саттық табысты өткізілді.
Ағымдағы жылдың 15 шілдесінде еліміздің тарихында алғаш ретжиынтық қуаты 100,8 МВт ЭКЖ қалдықтарын энергетикалық кәдеге жарату жобаларын іріктеу бойынша халықаралық аукциондық сауда-саттық өткізілді.
2020жылы Қазақстанда қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату үшін ынталандыру шараларын көздейтін алғашқы заңнамалық бастамалар қабылданды. Өзгерістер Қазақстан Республикасының экология және энергетика саласындағы заңнама нормаларын қозғады, олар қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) энергияға қайта өңдеу арқылы Waste-to-Energy жобасын іске асыру мүмкіндігін болжайды. Қалдықтарды жағу бойынша әлемде бар технологиялар қоршаған орта үшін қауіпсіз болып табылады.
Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату (ЭКЖ) бойынша жаңа сектордың инвестициялық тартымдылығын арттыру және қалдықтармен жұмыс істеудің тұтас инфрақұрылымын құру мақсатында жаңартылатын энергия көздері саласында қолданылатын ұқсас тетікті пайдалану көзделген. Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату (ЭКЖ) жөніндегі жобаларды іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық тетігін қолдану бәсекелестік өріс құруға, бағаларды төмендетуге және неғұрлым тиімді жобаларды іріктеуге мүмкіндік береді.
Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі жобаларды іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық өткізу үшін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі елді мекендер бойынша бөлінген, сатып алынатын белгіленген қуаттың жиынтық көлемін 100,8 МВт (Нұр-Сұлтан қаласы -21,1 МВт;Алматы қаласы -33,3 МВт; Ақтөбе қаласы 10,9 МВт; Өскемен қаласы 4,5 МВт; Шымкент қаласы 15,2 МВт; Қарағанды қаласы 15,8 МВт) аукциондық сауда-саттыққа ұсынды.
Саудажүйесінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 103 бұйрығымен бекітілген айына 191,9 тг/кВтс (ҚҚС-сыз) сомасындағы шекті аукциондық баға пайдаланылды.
Сауда сессиясын өткізу барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушыдан 191,9 тг/кВтс (ҚҚС-сыз) бағасымен өтінім тіркелді. Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының 60-17-тармағына сәйкес аукциондық сауда-саттыққа қатысушы 172,71 тг/кВтс (ҚҚСсыз) бағасы бойынша офертаны қабылдады.
Осыған байланысты аукциондық сауда-саттықтың баға ауқымы 191,9 теңгеден 172,71 теңгеге дейін (ҚҚС-сыз) құрады.
Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша келесі компания жеңімпаз болып анықталды: «Waste2Energy» ЖШС (Қазақстан) жобаныңбелгіленген қуаты 100,8 МВт, аукциондықбағасы 172,71 тг/кВт*с (ҚҚС-сыз).
Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату (ЭКЖ) жөніндегі жобаларды іріктеу бойынша осы аукциондық сауда-саттықта аукциондық бағаның бекітілген шекті аукциондық бағадан 10%-ға төмендеуі тіркелді.
Кристалданудың жаңа тәсілі екіжақты перовскитті күн элементтерінің тиімділігін арттырды
Флоат-вольтаика: Үндістан фотоэлектрикаға түбегейлі жаңа көзқарасты сынауда
Қазақстан мен БАӘ энергетика саласындағы стратегиялық серіктестік мәртебесін растады
Еуропалық одақта алғаш рет күн энергиясы электр энергиясының ең ірі көзіне айналды
Орталықтандырылмаған ЖЭК Зимбабвенің ауылдық жерлерінде медицинаны өзгертуде
Қытай Қырғызстанда әрқайсысы 300 МВт қуатпен КЭС пен ЖЭС салады
Француз стартапы толқын энергиясы технологиясын өнеркәсіптік іске қосу үшін €2,45 млн тартты
Трамп АҚШ-та жел және күн энергиясына субсидияларды жою туралы жарлыққа қол қойды
Өзбекстанның күн және жел электр станциялары жыл басынан бері 5 млрд кВт·сағ энергия өндірді
Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказда жасыл энергетиканы дамыту үшін «Green Corridor Alliance» бірлескен кәсіпорны тіркелді
2024 жылы ЕО-да «жасыл» энергия жеткізілімі артты, ал көмір өз позициясын жоғалтуды жалғастырды
Қырғызстанда ЖЭК объектілері іске қосылғанға дейін жерді қайта сату тыйым салынды
ЖЭК Қазақстанның энергия балансында позициясын нығайтуда
15 тамызға дейін: IRENA Орталық Азияда ЖЭК саласында инвестициялық жобаларды қабылдауда
Amazon Жапонияда геотермалдық тапсырыстарды өңдеу орталығын ашады
Астанада Electronica Expo Kazakhstan көрмесі өтеді
Көксу өзенінде ГЭС құрылысы қайта жанданды: жоба туралы не белгілі
Әзірбайжан мен Дүниежүзілік банк ЖЭК саласында кредиттік келісімге қол қойды
АҚШ-тың күн және жел энергетикасы электр энергиясын өндіруде рекордтық үлеске жетті
Жаһандық баяндама: Орталық Азия жасыл энергетиканы дамытуға рекордтық қаржы ағындарын тартты