Сарапшылардың пікірі

Сарапшылардың пікірі21.12.2022

Абай Құланбай, ҚР Энергетика министрлігі:«Жасыл» инвестицияларға - жасыл жарық

БҰҰДБ мен ҚР Энергетика министрлігінің «ЖЭК-ке инвестициялау тәуекелдерін төмендету» бірлескен жобасы Қазақстанда бес жылдан астам жұмыс істеп келеді. Жоба аясында не атқарылды, әлі қандай проблемаларды шешу керек және ол тутынушылар мен шағын бизнес өкілдеріне не береді? Осы туралы біздің тілшіміздің ҚР Энергетика министрлігінің ЖЭК департаментінің директоры Абай Қуланбаймен сухбатында.

-         2019 жылы БҰҰДБ-ЖЭҚ жобасының қолдауымен алғаш рет дайын құжаттамамен аукцион дайындалып, өткізілді. Сіздің ойыңызша, мұндай аукциондарды өткізу тәжірибесі қаншалықты табысты болды және министрлік оны пайдалануды жалғастыра ма?

-         Дайын құжаттамасы бар ЖЭК аукционы (ағылш. site-specific RE auction) - ҚР Энергетика министрлігі бастамасының және БҰҰДБ-ЖЭҚ жобасының маңызды жетістіктерінің бірі. Бұл тетіктің мәні мынада: қатысушылар бәсекелес бола отырып, сатып алуға жоспарланған энергияның мемлекет жариялаған көлеміне және әлеуетті инвестордың объектіні салудың болжамды орнына сүйене отырып, «жасыл» энергияның кВт*сағатына ең төмен тарифті ұсынады. Дайын құжаттама ЖЭК объектілерін салудың болашақ алаңының негізгі техникалық аспектілерін, атап айтқанда, орналасқан жерін, болашақ объектіні желіге қосу жөніндегі шарттарды және басқа да сәттерді ашады, бұл дайын құжаттамамен ЖЭК аукциондарына қатысатын инвесторлардың тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Мұндай тетік өз табыстылығын көрсетті, енді ҚР Энергетика министрлігі оны өз бетінше пайдаланады. Атап айтқанда, биыл жел электр станцияларының жобаларын іске асыру үшін дайын құжаттамамен ЖЭК аукциондарын өткізужоспарлануда.

- ЖЭК-ті дамытудың маңызды бағыты халықтың және еліміздің бизнесінің өз қажеттіліктері үшін ЖЭК-тің шағын ауқымды жобаларын іске асыру болып табылады. 2021 және 2022 жылдары электр энергетикасы саласын дамыту жөніндегі кеңестер барысында Мемлекет басшысы осы бағытты ынталандыру қажеттігіне жеке назар аударды. ҚР Энергетика министрлігі қуаты аз ЖЭК дамыту үшін қандай қадамдар қабылдауда?

-Тұтынушылар үшін шағын көлемді ЖЭК жобаларын пайдалану көптеген жағымды тұстарды көтереді. Біріншіден, өндірілетін электр энергиясының құны энергия тасымалдаушылардың құнына тәуелді емес. Екіншіден, энергияны тұтынуды азайту және нәтижесінде орта әрі ұзақ мерзімді перспективада ресурстарды үнемдеу. Үшіншіден, өмір сүру жайлылығын жақсарту.

Әрине, электр/жылу энергиясы құнының қазіргі деңгейінде мұндай жүйелерді пайдалану арнайы қолдау шараларынсыз экономикалық тұрғыдан тиімсіз, бірақ орта мерзімді перспективада мұндай жүйелерді өзін барынша ақтайды. Бүгін министрлік БҰҰДБ-ЖЭҚ жобасымен бірлесіп шағын ауқымды жобаларды дамытуды ынталандыру бөлігінде ЖЭК қолдау туралы заңнамаға бірқатар түзетулер енгізуге бастамашылық жасады. Олар объектілерді желіге қосу рәсімін жеңілдетуге, шағын көлемді ЖЭК жобалары бойынша тұжырымдамалық аппаратты енгізуге және басқа да бірқатар бағыттарға қатысты. Түзетулерді Парламент 2022 жылдың соңына дейін қабылдайды деп үміттенеміз.

- 2022 жылдың басында ЖЭК секторының іскерлік қоғамдастығы әр түрлі сыртқы факторларға байланысты ұлттық валюта бағамының күрт төмендеуі проблемасына тап болды. Содан кейін тарифті индекстеу тетігін іске асыру мәселесі өткір болды. БҰҰДБ-ЖЭФ мәселені шешудің оңтайлы тетіктерін іздеу бойынша талдамалық және консультациялық қолдау көрсетті. Осы жұмыстың қорытындысы бойынша ҚР Энергетика министрлігі қандай шешімдер қабылдады?

- Иә, бұл - үлкен жұмыс қабаты. Ұлттық валюта бағамының ауытқуы ЖЭК секторындағы инвесторлар үшін қандайда бір белгісіздік әкеледі, өйткені негізгі жабдықтар мен технологиялар Қазақстанға экспортталады. Бұл мәселені шешудің бірнеше нұсқалары қарастырылды. Олардың бір бөлігін министрлік қабылдады. Атап айтқанда, ЖЭК объектілерін салу кезеңіне тарифті индекстеу тетігі енгізілді. Бүған дейін тарифтерді индекстеудің басталуы объект пайдалануға берілген сәттен бастап ғана мүмкін болды, ол дегеніміз - екі жылдан төртжылға дейінгі үлкен уақыт аралығы.

-         Өздеріңіз білетіндей, бүгінде ЖЭК секторы екі бағыт бойынша дами алады: аукциондық тетік арқылы және РРА екіжақты шарттар нарығы арқылы. Екіжақты келісімшарттар нарығын дамыту қаншалықты перспективалы? Қандай проблемалар туындайды, оларды шешу үшін министрлік не үсынады?

-Энергетика министрлігі жалпы екіжақты шарттар тетігін дамытуды қолдайды. Бұл - Қазақстанда да, әлемде де күшейіп келе жатқан экологиялық саясатқа байланысты қазіргі шындық және қажеттілік. Мысалы, ЕО елдеріне келетін экспорттық тауар көміртегі ізіне тексерілетін кезде ЕО трансшекаралық көміртекті реттеу (ТКР) тетігін іске қосады.

Бұл тетікті қолданысқа енгізужөніндегі негізгі мәселелер процеске қатысушылар арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттеу, ықтимал тәуекелдерді азайту аспектілері, сондай-ақ энергия желілеріне қосылатын ЖЭК объектілерін техникалық реттеу және теңгерімдеу мәселелері болып табылады.

-         БҰҰДБ-ЖЭҚ «ЖЭК инвестициялау тәуекелдерін азайту» жобасы бес жыл бойы жүмыс істеп келеді. ҚР Энергетика министрлігінде осы жобаны одан әрі іске асыру бойынша қандай үміттер мен тілектер бар?

- Жалпы, мен жобаның ұлттық директоры ретінде команданың жұмысына оңбаға беремін. Менің ойымша, негізгі міндеттер оны жүзеге асырудағы екі жылдық кідіріске қарамастан орындалды. Ұсынымдар стандартты. Шағын ауқымды ЖЭК жобаларын іске асыру мәселелері бойынша ШОБ өкілдері арасында оқыту семинарларын өткізуарқылы ағарту жұмысын күшейту қажет. Сондай-ақ жобаның қаржылық тетіктері бойынша міндеттерді аяқтау үшін қаржы ұйымдарымен жұмысты жандандырғым келеді.

Ұлттық валюта бағамының ауытқуы ЖЭК секторындағы инвесторлар үшін қандай да бір белгісіздік әкеледі, өйткені негізгі жабдықтар мен технологиялар Қазақстанга экспортталады.



 

 

22.04.2026
Қазақстан мен Қытай Қарағанды облысында 500 МВт жел электр станциясын іске қосады
22.04.2026
Қазақстан мен Тәжікстан Роғун СЭС электр энергиясын импорттау туралы келіссөздер жүргізуде
22.04.2026
Өңірлік экологиялық саммит 2026 Астанада өз жұмысын бастайды
20.04.2026
Астанада RES 2026 EXPO ашылып, халықаралық келісімдерге қол қойылады
20.04.2026
Орталық Азия елдері Астанада өтетін 2026 жылғы ӨЭС-те энергетикалық көшуді талқылайды
20.04.2026
Молдова ЖЭК орнатылған қуаты бойынша 1 ГВт шегінен асып түсті
20.04.2026
Қытай Камбоджада құны $ 1 млрд ГЭС құрылысын бастады
20.04.2026
Германияда ондаған мың адам «жасыл көшуді» жеделдетуге шақырды
17.04.2026
Ресей мен Өзбекстан ғалымдары «жасыл» энергия жүйелерінің тұрақтылығын 24%-ға жақсартты
17.04.2026
Қазақстандық ауадан су өндіру стартапы Венада өткен GCIP байқауында үздік үштікке енді
16.04.2026
Қазақстанда құс фабрикасы қалдықтан 15 млн кВт·сағ энергия өндірді
16.04.2026
Қытай мен Испания күн және жел энергиясы саласындағы серіктестігін нығайтуда
16.04.2026
Моңғолия Hanwha Group компаниясына ЖЭК дамыту мен шикізатты өңдеуге қатысуды ұсынды
16.04.2026
Ресей Адыгейдегі жаңа полигонда көлденең және тік ЖЭС сынақтан өткізеді
15.04.2026
Брюссель электрлендіруді күшейтеді: желілік пакет — жазда, стратегия — күзде
15.04.2026
ӨЭС 2026 аясында жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін мамандар даярлау мәселелері талқыланады
14.04.2026
Алжир 400 МВт болатын екі күн электр станциясын іске қосты
14.04.2026
KOREM жел және күн станциялары бойынша сәуірде төрт аукцион өткізеді
14.04.2026
ЖЭК энергетикалық дағдарысқа жауап: IRENA елдерге іс-әрекеттер жоспарын ұсынады
14.04.2026
Қазақстанда ЖЭК өндірісі 2026 жылдың бірінші тоқсанында 15%-ға өсті