Сала жаңалықтары

Сала жаңалықтары08.12.2025

Astana ESG Forum: Қазақстан тұрақты дамуға деген ортақ ұстанымды нығайтуда

2025 жылдың 30 қазанында Астана қаласында Astana ESG Forum 2025 форумы өтті – бұл тұрақты даму саласындағы маңызды оқиға болып отыр. Іс-шараны Халықаралық Қаржы Корпорациясы (IFC), «Qazaq Green» жаңартылатын энергетика қауымдастығы және БҰҰ Даму бағдарламасы (UNDP Kazakhstan) бірлесе ұйымдастырды. Форум мемлекеттік саясатты үйлестіру, үздік тәжірибелермен алмасу және ESG қағидаттарын ұлттық экономикаға, әсіресе шағын және орта бизнес секторы деңгейінде, тиімді енгізуге бағытталған жүйелі ұсыныстар әзірлеу мақсатында құрылған салааралық диалог алаңына айналды.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың, қаржы институттарының, корпоративтік сектордың, академиялық орта мен халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ азаматтық қоғам өкілдері қатысты. Шараның негізгі тақырыбы – Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында айтылған стратегиялық басымдықтарды, сондай-ақ 2060 жылға дейінгі көміртектік бейтараптық стратегиясы мен 2050 жылға дейінгі «жасыл экономикаға көшу» тұжырымдамасының мақсаттарын іске асыруға бағытталған нақты қадамдар болды.

Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі Мағзұм Мырзағалиев Форумда сөйлеген сөзінде, жаһандық үрдістердің құбылмалылығына қарамастан, ESG тақырыбы өзектілігін жоғалтпайтынын атап өтті. Оның айтуынша, климаттың өзгеруі біздің өңірге өзге аймақтарға қарағанда анағұрлым күшті әсер етіп отыр. 2021 жылы қабылданған жаңа Экологиялық кодекс елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған жүйелі негіз қалыптастырудағы маңызды қадам болды. «Үкімет жаңа технологияларды қолданатын, экологиялық зияны аз станциялар салу бағытында бірқатар инвесторлармен бірлесіп жұмыс жүргізіп келеді», – деді Мағзұм Мырзағалиев.

Энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбек өз сөзінде Қазақстан энергетикалық дамудың жаңа кезеңі – шикізат экспортынан жоғары қосылған құны бар өнім өндіру кезеңіне қадам басқанын атап өтті. Оның айтуынша, энергетикалық транзит – ел үшін басты мақсат емес, бұл – тұрақты өсім мен технологиялық жаңғырудың құралы. «Қазақстан энергетикасының болашағы – дәстүрлі ресурстар, таза технологиялар мен жасанды интеллекттің үйлесімі», – деді ол.

Пленарлық және тақырыптық сессиялардың қорытындысы бойынша қатысушылар Қазақстан Республикасының Үкіметіне жолданған «ESG-трансформациясы: тұрақты даму жолындағы ұжымдық міндеттемелер» атты құжат қабылдады. Құжатта ESG есептілік стандарттарын кезең-кезеңімен енгізу, «жасыл» қаржыландыруды дамыту, өңірлердің энергетикалық ауысуға бейімделу бағдарламаларын қолдау, білім беру бастамаларын кеңейту және бизнес рөлін арттыруға бағытталған негізгі ұсынымдар қамтылған. Сондай-ақ ESG тәсілдерін компаниялардың стратегияларына интеграциялау, мемлекет пен жеке сектор арасындағы әріптестікті нығайту, ESG менеджменті саласында мамандар даярлау және қоғамның тұрақты даму қағидаттары жөніндегі хабардарлығын арттыру қажеттілігі ерекше атап өтілді.

Форум қатысушыларының пікірінше, ESG-трансформацияның сәтті жүзеге асуы мемлекет, бизнес, ғылым және азаматтық қоғам күштерінің өзара ықпалдастығына тікелей байланысты. Барлық тараптардың бірлескен іс-әрекеті Қазақстанның ашықтық, әлеуметтік жауапкершілік және тиімді басқару қағидаттарына негізделген тұрақты әрі бәсекеге қабілетті экономикаға көшуіне берік негіз болады.

    

04.05.2026
Израиль Негев шөлінде ірі КЭС құрылысын бастады
04.05.2026
«Күн зейнетақылары және жел дивидендтері»: Оңтүстік Корея ЖЭК арқылы ауылды дамытуда
04.05.2026
Қырғызстан алты шағын ГЭС салуға арналған жер учаскелеріне конкурс жариялады
04.05.2026
АДБ Азияның электр желілері мен цифрлық инфрақұрылымын біріктіруге $70 млрд салады
30.04.2026
Қазақстан мен Дүниежүзілік банк Орталық Азиядағы энергетикалық интеграцияны талқылады
30.04.2026
Қарағанды облысында 500 МВт жел электр станциясының құрылысы басталды
30.04.2026
Қазақстан БЭЖ Оңтүстік аймағында 50 МВт КЭС салуға арналған аукцион жеңімпазы анықталды
30.04.2026
Қырғызстанда шатырлардағы күн панельдеріне қатысты ережелер әзірленуде
30.04.2026
Еуропада ыстық күшеюде: ЖЭК шешім бола ала ма?
29.04.2026
Қазақстанда 100 МВт КЭС аукционының жеңімпазы анықталды
29.04.2026
Қытайлық компания Қырғызстанда күн және жел энергиясын өндіруге $1 млрд инвестиция салуға дайын
29.04.2026
Meta ғарыштық күн энергетикасына және тым ұзақ мерзімді энергия сақтау саласына инвестиция салады
29.04.2026
Токио әлемдегі ең үлкен жүзбелі жел электр станциясын салмақ
28.04.2026
«KOREM» АҚ-да 50 МВт қуат бойынша еркін аукциондық сауда-саттық өтті
28.04.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан және Өзбекстанмен жасыл энергетикалық дәліз туралы келісімді ратификациялады
28.04.2026
Қытай ЖЭК үлесін жалпы орнатылған қуаттың 60%-ына дейін арттырды
28.04.2026
«Батыс Каспий Энерго» Атырау облысындағы 250 МВт жел паркіне арналған аукционда жеңді
27.04.2026
Ember: Жаңартылатын энергия көздері тарихта алғаш рет көмірден асып түсті.
27.04.2026
Қазақстанда ЖЭК аукциондарына өтінім беру мерзімі жалғасуда
27.04.2026
Орталық Азияның төрт елінің энергетика министрлері аймақтың су-энергетикалық балансын талқылады