Халықаралық тәжірибе23.12.2022
Корпоративтік РРА келісімшарттары: ЖЭК секторының органикалық өсуі үшін келесі қадам
Біләлов Ернар, «Central Asian Renewable Energy Resources» ЖШС директоры
Қазіргі уақытта Қазақстан жаңартылатын энергия көздері секторын белсенді дамытуда. Бұл ретте, тіркелген тариф тетігін енгізу және «ЖЭК қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС құру арқасында Қазақстан өз портфелінде алғашқы ірі ауқымды жобаларды алғанын атап өту маңызды. Саланы дамытудың келесі кезеңі жаңа құралды – ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты әзірлеу және енгізу болды. Бұл елдің нарықтық тарифтермен және жаңа инвесторлармен ЖЭК саласындағы жаңа инвестициялық жобаларды алуына ықпал етті.
ЖЖ саласын дамыту үшін келесі қадам қандай болады?
Бұл туралы біздің сухбатымызда CARER компаниялар тобынын, консалтинг жөніндегі бөлімшесінің серіктесі жэне директоры, Қазақстандағы БҰҰДБ консультанты Ернар Біләлов айтып береді.
Бұл сұраққа ықтимал дурыс жауап корпоративтік РРА келісімшарттарын дамыту болады. БҰҰДБ іске асыратын «ЖЭК-ке инвестициялау тәуекелдерін төмендету» жобасы шеңберінде Ғаламдық экологиялық қордың қаржылық қолдауымен Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігімен серіктестіктеосы саладағы әлемдік тәжірибені ескере отырып, корпоративтік РРА келісім-шарттары тетігінің мүмкіндіктері мен артықшылықтарын талдау үшін зерттеу жүргізді.
Корпоративтік РРА келісімшарты корпоративтік сатып алушы мен ЖЭК электр энергиясын өндіруші арасындағы электр энергиясын алдын ала келісілген бағамен және белгілі бір мерзімге сатып алуға арналған келісімшартқа жатады. Корпоративтік РРА келісімшарты жағдайында ЖЭК-тен электр энергиясын ұзақ мерзімді сатып алушы (off-taker) корпоративтік сатып алушы болып табылады.
ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ
BloombergNEF деректеріне сәйкес корпоративтік РРА келісімшарттарының өсуі қарқын алуда және бұл тетік корпоративтік сатып алушылар арасында танымал бола бастады. Осылайша, 2021 жылы қол қойылған корпоративтік РРА келісімшарттарының көлемі 31,1 ГВт қурады (2020жылмен салыстырғанда 24%-ға улғайды).
Корпоративтік РРАкелісімшарттарына 2021 жылдың қорытындысы бойынша 32 елде 137 компания қол қойды.
Солтүстікжәне Оңтүстік Америка 20,3 ГВт корпоративті РРА көшбасшылары болып табылады, онда Америка Қурама Штаттары 17 ГВт қуатпен дамуға негізгі үлес қосты. Америка нарығынан кейін 8,7 ГВт қуаты бар Еуропа, Таяу Шығысжәне Африка елдері келеді.
Азия-Тынық мухиты елдері 2 ГВт сатылғанын жариялады, бірақ бул ретте өңірде корпоративтік РРА келісімшарттарын дамытуды қолдау бойынша жаңа заңнамалық бастамалар енгізілгені байқалады. Мысалы, Оңтүстік Корея 2021 жылдың қазан айында корпоративтік РРА келісімшарттары бойынша жаңа заңнаманы ұсынды.
Технологиялық ІТ-компаниялар 2021 жылы таза энергияның ең ірі корпоративтік сатып алушыларына айналды. Екінші жыл қатарынан Amazon компаниясы тоғыз елде жалпы қуаты 6,2 ГВт болатын 44 РРА мәмілесін жариялап, әлемдегі ең ірі таза электр энергиясын сатып алушы болып табылады. Бул РРА келісімшарттары негізінде ЖЭК жобаларының жалпы қуатын 13,9 ГВт-қа дейін арттыруға мүмкіндік берді.
Корпоративтік РРА келісімшарттарының өсуі, ең алдымен, корпоративтік сатып алушылардың тұрақты даму мақсаттарына сәйкес келу ниетімен байланысты. Сондай-ақ, энергетикалық қауіпсіздiк ірі компаниялардың дамуындағы маңызды элемент болып табылатынын атап өткен жөн, сәйкесінше корпоративтік сатып алушылар электр энергиясының көздерін әртараптандыруға тырысады және корпоративтік PPA келісімшарттары осы мәселені шешудің тиімді әдісі болды.
АВСТРАЛИЯНЫҢ ЕНГІЗУ ТӘЖІРИБЕСІ
Австралияныңэнергетикалық нарығы Қазақстан нарығына біршама ұқсас, сондықтан бұл елдің тәжірибесін мысал ретінде қарастырған жөн. Австралия дәлелденген көмір қоры бойынша әлемдегі ең ірі елдердің бірі болып табылады (әлемдік қорлардың 8,57%-ы), бұл елдің көмір өндірісіне негізделген энергетикалық жүйесін құруға мүмкіндік берді (елдегі электр энергиясының 66%-ы көміржылу электр станцияларында өндіріледі). Бұл ретте ЖЭК-тен электр энергиясын өндіру көлемі электр энергиясының жалпы өндірісінің (жел және күн электр станциялары) 13%-ды құрайды.
Қазіргі уақытта, Австралияның энергетикалық секторы дәстүрлі көмір өндірісі жаңартылатын электр энергиясымен алмастырылатын трансформация сатысында. Алдағы екі онжылдықта Австралия көмірдегі 16 ГВт жылу электр станцияларын істен шығарады, ал австралиялық энергетикалық реттеушінің болжамына сәйкес Австралия 26-50 ГВт ірі күн және жел электр станцияларын іске қосады.
ЖЭК нарығы және корпоративтік РРА-келісімшарттар нарығы құрылған заңнамалық жүйенің арқасында белсенді дамып келеді. Бұл жүйенің негізінде Австралияда ірі және кіші ЖЭК дамытуға бағытталған Renewable Energy Target (RET) бағдарламасы жатыр.
Жыл сайын Австралия үкіметі LGC сатып алуға және олартуралы есеп беруге міндетті ойыншылардың тізімін анықтайды (негізінен электр энергиясын сатушылар). LGC алудың бір жолы ЖЭК-тен электр энергиясын өндірушімен корпоративтік РРА келісім-шартына қол қою.
Корпоративтік РРА келісімшарттарын дамыту үшін LGC пайдаланудың бір жарқын мысалы Shell Energy. Shell Energy-Австралия нарығындағы ірі сатушы және компанияның басты рөлі өндірушіден сатып алушыға электр энергиясын жеткізу болып табылады.
LGC (Large-scale generation certificate, 1 LGC=1 МВт) бұл өндірушілерден электр энергиясын соңғы сатып алушыларга сататын белшек саудагерлерді, сондай-ақ электр энергиясын тұтынатын басқа уйымдарды жыл сайын сатып алуга жане тапсыруга міндетті сертификатор.
LGC енгізілуіне байланысты компания өз клиенттеріне жаңа қызметтерді ұсына бастады, олардың арасында корпоративті РРА келісімшарты бар, Shell Energy корпоративті РРА келісімшартының құрылымында әр түрлі рөл атқара алады. Сонымен, корпоративті сатып алушының сүранысы болған жағдайда, Shell Energy сатып алушының объектілеріне жақын жерде жаңа ЖЭКобъектісін сала алады. Сондай-ақ, Shell Energy сатушы рөлін атқара алады және электр энергиясын сатып алу-сату шартына, ЖЭК-тен электр энергиясының белгілі бір көлемін беру жөніндегі шарттарға тігеді, бұл жағдайда электр энергиясын физикалық жеткізу жүзеге асырылмайды. Ең танымал тетік көтерме РРА келісімшарты (виртуалды корпоративті РРА келісімшарты).
Виртуалды корпоративтік РРА келісімшартының жұмыс қағидаты:
1.Shell Energy-электр энергиясын сатып алушымен белшек-сауда ретінде келісімшарт аясында көтерме нарықта анықталған көтерме бағалар негізінде жалпы желіден электр энергиясын сатып алады жене қамтамасыз етеді.
2. ЖЭК көздерінен электр энергиясын өндіруші (Renewable energy assets) электр энергиясын көтерме нарықта айқындалған көтерме бағалар негізінде ортақ желіге сатады, электр энергиясын сатып алушымен корпоративтік РРА келісімшартына қол қояды, электр энергиясын сатып алушыдан тіркелген тариф алады, электр энергиясын өндіреді және LGC электр энергиясын сатып алушыға береді.
З. Электр энергиясын сатып алушы ортақ желіден электр энергиясын жеткізу үшін Shell Energy төлейді, белгіленген тариф негізінде ЖЭК объектісіне төлейді, ЖЭК объектісінен LGC алады және көтерме бағалар өскен жағдайда ЖЭК объектісінен көтерме тарифтер мен РРА келісімшартының тіркелген тарифі арасындағы айырмашылықты ала алады.
Виртуалды корпоративтік РРА келісімшарттары Австрал ияда ЖЭК-ті дамытудың кең таралған тетігіне айналуда, мемлекет бизнеске қандай схеманы таңдау керектігін өзі шешуге мүмкіндік береді және РРА келісімшартының нысанына арнайы талаптар қоймайды.
Жалпы, Австралиядағы корпоративтік РРА келісімшарттарын дамытудың келесі негізгі драйверлерін бөліп көрсетуге болады:
1. Тұрақты даму мақсаттарын ескере отырып компанияларды дамыту;
2. Электр энергиясын сатып алушылар үшін электр энергиясының көтерме бағасының өсуінен хеджирлеу құралы;
3. Қосылу талаптарының болмауы, сатып алушылар үшін күрделі құрылыс шығындарының болмауы, сатып алушының әрбір жеке объектісі үшін ЖЭК электр энергиясын сатып алу мүмкіндігі (географиялық икемділік);
4. Минималды қаржылық шығындармен тұрақты негізде LGC алу.
ҚАЗАҚСТАН ҮШІН ҰСЫНЫМДАР
Австралияныңэнергетикалық нарығы Қазақстанның энергетикалық нарығына ұқсас бірқатар элементтерге ие болғанына қарамастан, біз корпоративтік РРА келісімшарттарын дамыту үшін схемалар мен тетіктерді пысықтауымыз керек. Біздің ұсыныстарымызға сәйкес, біз корпоративтік РРА келісімшарттарының органикалық өсуінің екі негізгі схемасын ұсындық:
1. Тікелей екі жақты корпоративтік РРА келісімшарты
Тікелей корпоративтік РРА келісімшарты (екіжақты шарт) екі заңды тұлға арасында ЖЭК жобаларын іске асыруға мүмкіндік береді, онда біртарап ЖЭК объектісінің құрылысын жүзеге асы рады және кейіннен электр энергиясын сатады, ал екінші таpan электр энергиясын сатып алушы (off-taker) болып табылады, бұл ретте сатушы мен сатып алушының үлестес және компаниялардың бір тобында болуы мүмкіндігін ескеру қажет.
Бул схема ұлттық оператор немесе өңірлік желілік компаниялар электр энергиясын теңгерімдеу жөніндегі қосымша талаптарды белгілей алмайды, өйткені электр энергиясын беру ішкі желілер арқылы жүзеге асырылады және Қазақстанның энергия жүйесіне теріс әсер етпейді деп болжайды.
2. Энергиямен жабдықтаушы. уйымдар арқылы виртуалды корпоративтік РРА келісімшарты
Электр энергиясының барлық көлемі ұлттық оператордың желілеріне немесе аймақтық желілерге түседі.
Бұл ретте энергия жабдықтаушы ұйым (ЭЖҰ) ЖЭК объектісімен электр энергиясын сатып алуға және электр энергиясын сатып алушымен электр энергиясын сатуга келісімшарт жасасады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда ЭЖҰ электр энергиясын өндірушілерден сатып алушыларға беруде белсенді рөл атқаратынын атап өту маңызды, бұл ретте электр энергиясы жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдардан, оның ішінде ірі гидроэлектростанциялардан сатып алынады.
Бұдан басқа, энергия үнемдеуші ұйымдар ЖЭК обьекгіл ерінен, оның ішінде корпоративтік РРА келісімшарттары шеңберінде электр энергиясын белгілі бір деңгейде (деңгейді уәкілетті орган айқындайды) сатып алуды жүзеге асыруға міндетті екендігін ескеру қажет.
Сондай-ақ, бұл схема баламалы көз есебінен электр энергиясын өндіру фактісі туралы ақпаратты растайтын I-REC сертификаттарын шығаруды көздеуі мүмкін. Электр энергиясын тұтынушылар сертификаттарды GHGP, CDP, RE100,1 SO халықаралық тұрақты даму стандарттарының талаптарын орындауүшін, сондай-ақ корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік мақсаттарын жүзеге асыру үшін пайдалана алады.
Біздің ойымызша, бұл схемалар мен тетіктер жеке бизнес уәкілетті органдардың ең аз араласуымен электр энергиясын алу жөніндегі міндеттерді өзі шеше алатын жағдай жасауға мүмкіндік береді. Алайда бұл үшін Қазақстан Республикасының ағымдағы заңнамасына өзгерістер енгізу талап етіледі. Өз кезегінде, корпоративтік РРА келісімшарттары ЖЭК дамыту үшін ғана емес, жалпы энергетика саласын дамыту үшін де жаңа буын бола алады.
Meta АҚШ-та төрт күн энергетикасы жобасынан жасыл сертификаттар сатып алады
Қарағандыда мектеп жанында күн панельдері орнатылады
Қытай бір жылда 260 ГВт жаңа күн панельдерін орнатты
Қазақстан мен TotalEnergies Renewables ЖЭК саласындағы ынтымақтастығын нығайтуда
Жапониялық ғалымдар күн сәулесі мен суды пайдаланып, сутегі отынын өндірудің жаңа әдісін жасады
Еурокомиссия декарбонизация жобаларына СТВ табыстарынан €4,6 млрд бөлді
Қытайлық Sinoma EC International Өзбекстанда 300 МВт күн электр станциясын салады
Қызылорда облысында күн және жел электр станциялары салынып жатыр
Қазақстан мен Германия жаңартылатын энергия көздерін интеграциялау үшін күш біріктіруде
Heart Aerospace 30 орындық электрсамолетін 2025 жылы ұшырады
Ғалымдар күн энергиясын алуға әуе шарларын пайдаланбақ
Жамбыл облысында жел электр станциясына қажетті құрал-жабдықтар өндіретін зауыттың құрылысы басталды
Қытайда күн сәулесіз ауадан электр энергиясын өндіретін герметикалық контейнер жасалды
Литва Украинада күн электр станцияларын салуға €5 млн бөлді
Үндістан 12 айда 20 ГВт күн энергиясын іске қосты
Оңтүстік Кореяның оффшорлық Jeonnam 1 жел электр станциясы алғашқы электр қуатын өндірді
Қырғызстанда Токтогул СЭС-інде қалқымалы КЭС салынады
Парламент Жетісу облысында ірі ЖЭС салу туралы құжатты қарайды
«Жасыл» интернет: Google геотермалдық энергияға негізделген жобаны іске қосты
Ørsted АҚШ-та күн электр станциясын іске қосып, прерияларды сақтау үшін 953 акр жерді берді