Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары27.09.2023

Plenitude Қазақстанда өзінің алғашқы 50 МВт фотоэлектр станциясын ашты

QAZAQ GREEN.  Бүгін, 27 қыркүйекте Plenitude (Eni) компаниясы жергілікті билік өкілдері мен Италияның Қазақстандағы елшісі Марко Альбертидің қатысуымен Түркістан облысындағы Шәуілдер кентінің жанында орналасқан Қазақстан Республикасында өзінің алғашқы фотоэлектр станциясын ашты.

Белгіленген қуаты 50 МВт бұл нысан Plenitude халықаралық портфелін және оның Arm Wind еншілес компаниясы арқылы Қазақстандағы жаңартылатын энергия көздері секторына қатысуын одан әрі кеңейтеді.

 »Шәуілдер» фотоэлектр станциясының құрылысы Қазақстандағы күн энергетикасы секторындағы Plenitude үшін алғашқы маңызды қадам болып табылады. Электр станциясы Түркістан өңірінің дамуына өз үлесін қосып, осы саладағы ең озық технологияларды жергілікті аумаққа қолжетімді етеді. Компания 2020 және 2022 жылдары ашқан «Бадамша-1» және «Бадамша-2» екі жел электр станциясын толықтыратын бұл жоба Қазақстанның жаңа энергетикаға көшу процесіне және көміртегі бейтараптығы мақсатына қол жеткізуге өз үлесін қосады», – деді Plenitude компаниясының бас директоры Стефано Гоберти.

100 га аумақта орналасқан фотоэлектр станция жылына 90 ГВт-сағатқа дейін электр энергиясын өндіреді және 93000-нан астам күн панельдері мен электр қосалқы станциясын қамтиды. Бұл компоненттер ұзындығы 7,5 км болатын жаңа әуе электр желісі арқылы жергілікті электр желісіне біріктіріледі.

Plenitude – жаңартылатын көздерден энергия өндірумен, энергетикалық қызметтерді сатумен және электромобильдерді зарядтау пункттерінің кең желісін құрумен айналысатын Eni (Società Benefit) еншілес кәсіпорны. Компания 2,5 ГВт жаңартылатын энергия көздерінен белгіленген қуатқа ие және 2026 жылға дейін 7 ГВт-тан астам белгіленген қуатқа қол жеткізуге және 2030 жылға дейін 15 ГВт-тан асуға ниетті. Қазақстанда Plenitude шамамен 150 МВт жалпы операциялық қуаты бар Arm Wind еншілес компаниясы арқылы жаңартылатын энергетика секторында жұмыс істейді.

 

06.05.2026
Қазақстанда газ, көмір және ЖЭК негізіндегі дата-орталықтар кластері құрылады
06.05.2026
Қазақстанда «жасыл» энергия өндірісі 15%-ға өсті
04.05.2026
Израиль Негев шөлінде ірі КЭС құрылысын бастады
04.05.2026
«Күн зейнетақылары және жел дивидендтері»: Оңтүстік Корея ЖЭК арқылы ауылды дамытуда
04.05.2026
Қырғызстан алты шағын ГЭС салуға арналған жер учаскелеріне конкурс жариялады
04.05.2026
АДБ Азияның электр желілері мен цифрлық инфрақұрылымын біріктіруге $70 млрд салады
30.04.2026
Қазақстан мен Дүниежүзілік банк Орталық Азиядағы энергетикалық интеграцияны талқылады
30.04.2026
Қарағанды облысында 500 МВт жел электр станциясының құрылысы басталды
30.04.2026
Қазақстан БЭЖ Оңтүстік аймағында 50 МВт КЭС салуға арналған аукцион жеңімпазы анықталды
30.04.2026
Қырғызстанда шатырлардағы күн панельдеріне қатысты ережелер әзірленуде
30.04.2026
Еуропада ыстық күшеюде: ЖЭК шешім бола ала ма?
29.04.2026
Қазақстанда 100 МВт КЭС аукционының жеңімпазы анықталды
29.04.2026
Қытайлық компания Қырғызстанда күн және жел энергиясын өндіруге $1 млрд инвестиция салуға дайын
29.04.2026
Meta ғарыштық күн энергетикасына және тым ұзақ мерзімді энергия сақтау саласына инвестиция салады
29.04.2026
Токио әлемдегі ең үлкен жүзбелі жел электр станциясын салмақ
28.04.2026
«KOREM» АҚ-да 50 МВт қуат бойынша еркін аукциондық сауда-саттық өтті
28.04.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан және Өзбекстанмен жасыл энергетикалық дәліз туралы келісімді ратификациялады
28.04.2026
Қытай ЖЭК үлесін жалпы орнатылған қуаттың 60%-ына дейін арттырды
28.04.2026
«Батыс Каспий Энерго» Атырау облысындағы 250 МВт жел паркіне арналған аукционда жеңді
27.04.2026
Ember: Жаңартылатын энергия көздері тарихта алғаш рет көмірден асып түсті.