Қазақстан жаңалықтары29.09.2023
Siemens Energy Қазақстандағы энергетикалық жобаларға атсалысуға дайын

QAZAQ GREEN. ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Германияға жұмыс сапары барысында Siemens Energy компаниясының өкілдерімен кездесіп, компанияның Қазақстандағы ірі энергетикалық жобаларға атсалысу мүмкіндігін талқылады. Бүгінгі таңда Қазақстанда электр энергиясына деген орта мерзімді сұранысты қамтамасыз ету үшін энергия өндірудің жаңа көздерін жаңғырту және іске қосу бағытында жобалар жүзеге асырылуда.
Қазіргі уақытта Министрлік Siemens Energy компаниясымен ынтымақтаса жұмыс істеуде. Соның ішінде, аукцион шеңберінде жүзеге асырылатын Түркістан облысындағы жалпы қуаты 1000 МВт генерациялық маневрлік режимі бар бу-газ қондырғысы базасында электр станциясының құрылысы жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, Қазақстан БЭЖ-нің Батыс және Оңтүстік аймақтарындағы электр желісін нығайту және Батыс және Оңтүстік өңірлердегі тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың қуаттылығы мен сенімділігін арттыруды көздейтін электр желілері объектілерін салу жобалары бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Сонымен бірге, Siemens Energy технологиясын пайдалана отырып, қуаттылығы 600 МВт Алматы ЖЭО-2 және қуаты 480 МВт ЖЭО-3 көмірден газға ауыстыру жобаларын іске асыру көзделуде.
Кездесу барысында ҚР Энергетика министрі компанияны аталған жобаларды бірлесе атқаруға шақырды. Siemens Energy компаниясының өкілдері қазақстандық делегацияның назарына энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту және дамыту саласындағы инновациялық жаңалықтарын ұсынды. Компания Қазақстандағы энергетикалық жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін мәлімдеп, қажетті жабдықтарды жеткізуге мүдделі екенін атап өтті. Жақын арада Siemens Energy компаниясымен одан әрі ынтымақтастық мәселесі егжей-тегжейлі пысықталатын болады.
Сапар барысында қазақстандық делегация Германияның DENA энергетикалық агенттігінің өкілдерімен кездесті. Агенттік мамандары Қазақстанда жүзеге асыру жоспарланған карбон менеджментке арналған пилоттық жобаны, сондай-ақ СО2 ұстау және сақтау бойынша бірегей әзірлемелерді таныстырды. Тараптар өзара серіктестіктің келешегін зерделеуге келісті.
Еуроодақ Франциядағы 11 теңіз жел электр станциясын қаржыландыруды мақұлдады
Қытай ғалымдары Айда лазер арқылы энергия беретін жүйені ұсынды
Ocean Winds Франциядағы алғашқы қалқымалы теңіз жел электр станциясын электр желісіне қосты
Үндістан жарты жылда күн және жел энергетикасының шамамен 29 ГВт қуатын іске қосты
Польшадағы алғашқы теңіз ЖЭС ұлттық электр желісіне алғаш рет энергия берді
Айнұр Соспанова ЖЭК саласы бойынша жаңа Салалық кеңесті басқарды
Энергетика министрлігі ЖЭК саласындағы кадрлық әлеуетті дамытуда
Қазақстан мен Еуропалық одақ энергетикалық ынтымақтастықты дамытуға келісті
Дүниежүзілік банк Рогун СЭС құрылысының екінші кезеңіне $300 млн бөлді
Қытайдағы әлемдегі ең биік бөгеті бар Шуанцзянькоу ГЭС-да алғашқы гидроагрегат іске қосылды
Volkswagen күн электр станциясы аумағында бағуға 100 қой алды
Қытайдағы көмір кеніші қалай гүлденген орманға айналды: экологиялық жаңғыру тарихы
Өзбекстанда қалдықтарды энергияға айналдыратын 11 зауыт салынады
Қырғызстанның Энергетика министрлігі тұрғындардың күн панельдерін орнатуына қолдау көрсетеді
Сарапшылар: электр көлігі ЕО-ның мұнай импортына тәуелділігін азайтады
Омбыда жаңа күн электр станциясы салынады
Сингапурлық компания Қырғызстанда күн панельдерін өндіруді көздеп отыр
Қытай әлемдегі алғашқы 16 МВт TLP қалқымалы жел платформасын теңізге жөнелтті
Еуропаның жасыл трансформациясына инвестициямен қатар тиімді реттеу де қажет
Жасыл климат қоры Орталық Азия мен Кавказдағы инвестиция көлемін екі еседен астам арттырды