Қазақстан жаңалықтары07.11.2023
Қазақстан президенті «жасыл» сутекті өндіру жобасын Svevind Energy Group басшысымен талқылады

QAZAQ GREEN. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Svevind Energy Group компаниясының бас директоры Вольфганг Кроппты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Svevind Energy Group компаниясының басшылығымен кездесу барысында Маңғыстау облысында «жасыл» сутегін өндіру жөніндегі жобаны жүзеге асыруға дайындық мәселелері талқыланды.
Мемлекет басшысына Еуропалық Кеңес Президенті Шарль Мишельдің былтыр Қазақстанға жасаған сапары барысында қол қойылған Инвестициялық келісім аясында алдын ала жобалау-іздестіру жұмыстары (Pre-FEED) жүргізіле бастағаны жөнінде мәлімет берілді.
Жоба аясында су тұшыту зауытын, 40 гигаваттық жаңартылатын энергия көздері (жел, күн) станцияларын, сондай-ақ қуаты 20ГВт болатын әрі жылына 2 миллион тонна «жасыл» сутегін немесе 11 миллион тонна «жасыл» аммиак өндіре алатын суды электролиздеу қондырғысын салу және пайдалану көзделіп отыр. Инвестицияның алдын ала болжамды көлемі 50 миллиард евродан асады.
Вольфганг Кропп жобалық құжаттама 2026 жылға қарай аяқталатынын айтты. Инфрақұрылым құрылысын 2027 жылы бастап, 2032 жылы пайдалануға беру жоспарланған.
Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз үшін Hyrasia One жобасын уақтылы жүзеге асырудың стратегиялық маңызы зор екенін атап өтті.
Мемлекет басшысы аталған бастама Қазақстандағы жаңартылатын энергия көздері саласын дамытуда жетекші жобалардың бірі болатынына әрі еліміздің көміртегі бейтараптығына қол жеткізу мақсатына елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.
Тәжікстанда энергия жинақтау жүйелері бар екі күн электр станциясы іске қосылды
Қытайда қалдықтардың жағымсыз иісін азайтатын фототермиялық катализатор жасалды
Қызылорда облысында қуаты 20 МВт күн электр станциясы іске қосылды
Үндістан 135 ГВт ЖЭК қуатын желіге қосу бағдарламасын мақұлдады
Қостанай облысында 380 млрд теңгеге ірі жел электр стансасы салынады
ҚДБ ЖЭК жобаларына $200 млн-ға дейін қаржы тартады
АҚШ-та төрт күн энергетикасы жобасы жаңа инвестордың портфеліне өтті
Швецияда екі жел электр станциясы жаңа иесіне өтті
Астана мектебі Zayed Sustainability Prize 2027 сыйлығының финалына өтті
Германияда энергия сақтау жүйелері бар 480 МВт күн жобасы іріктелді
Ескі күн панельдерінен кремний карбидін алудың әдісі әзірленді
«Гиперборея» жел электр станциясының қуаты 150 МВт-қа жетті
Еуропа порттарында ЖЭК пен таза энергия шешімдері сынақтан өтті
Алматыда Powerexpo Almaty 2026 форумы өтеді
Австралияда теңіздегі энергетикалық инфрақұрылымға алғашқы лицензия берілді
«Самұрық-Қазына» және Қытай компаниялары қуаты 1 ГВт-қа дейінгі ЖЭС жобасын бірлесіп әзірлейді
Қарағанды облысында 50 МВт КЭС салу жобасы аукцион арқылы іріктелді
Аустралияда 1,4 ГВт жел энергетикасы жобасына федералдық рұқсат берілді
Қазақстан мен Қытай Ақмола облысында 450 МВт ВЭС салу туралы келісімге келді
Алматыда «Қазақстан – Қытай» инвестициялық форумы өтеді