Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары04.11.2024

ЕҚДБ Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшу кезеңін €2 млрд инвестициямен қолдауға ниетті

QAZAQ GREEN.  Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 36-шы пленарлық отырысына қатысу үшін Қазақстанға келген Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен кездесу өткізді, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

Әңгімелесу барысында тұрғын үй-коммуналдық секторы, шағын және орта бизнес, қаржы, энергетика, медицина, ауыл шаруашылығы, көлік инфрақұрылымы және ақпараттық технология сияқты экономиканың түрлі салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру перспективасы талқыланды.

Мемлекет басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкімен ынтымақтастықтың стратегиялық сипатын, сондай-ақ қаржы институтының Қазақстан экономикасын өркендетуге қосқан үлесін жоғары бағалады.

Өз кезегінде ЕҚДБ президенті еліміздің орнықты дамуына, инвестициялық ахуалының жақсаруына және экономикалық жаңғыруына әсер ететін өзара ықпалдастықтың әлеуетті бағыттарына қатысты жоспарымен бөлісті.

Одиль Рено-Бассо банк Қазақстанның инвестициялық жобаларын мұқият зерделейтінін жеткізіп, инфрақұрылымдық дамуды алдағы уақытта да қолдауға ниетті екенін мәлімдеді. ЕҚДБ таяу жылдары «жасыл экономика» талаптарын орындау аясында елімізге 2 миллиард еуро құюды жоспарлап отыр. Биыл Еуропалық қайта құру және даму банкі Қазақстандағы 22 жобаны жүзеге асыруға 650 миллион доллар бөледі.

ЕҚДБ президенті «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының сатып алу үдерісіне оң баға берді. Оның айтуынша, кредитор-компаниялардың қор ережесіне сәйкес жұмыс істеуі аталған сатып алу үдерісінің ашықтығына сенім жоғары екенін көрсетеді.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Одиль Рено-Бассо жаһандық экономиканың дамуына қатысты өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

 

11.07.2025
Қазақстан мен БАӘ энергетика саласындағы стратегиялық серіктестік мәртебесін растады
09.07.2025
Қытай Қырғызстанда әрқайсысы 300 МВт қуатпен КЭС пен ЖЭС салады
09.07.2025
Француз стартапы толқын энергиясы технологиясын өнеркәсіптік іске қосу үшін €2,45 млн тартты
09.07.2025
Трамп АҚШ-та жел және күн энергиясына субсидияларды жою туралы жарлыққа қол қойды
08.07.2025
Өзбекстанның күн және жел электр станциялары жыл басынан бері 5 млрд кВт·сағ энергия өндірді
08.07.2025
Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказда жасыл энергетиканы дамыту үшін «Green Corridor Alliance» бірлескен кәсіпорны тіркелді
08.07.2025
2024 жылы ЕО-да «жасыл» энергия жеткізілімі артты, ал көмір өз позициясын жоғалтуды жалғастырды
08.07.2025
Қырғызстанда ЖЭК объектілері іске қосылғанға дейін жерді қайта сату тыйым салынды
04.07.2025
ЖЭК Қазақстанның энергия балансында позициясын нығайтуда
04.07.2025
15 тамызға дейін: IRENA Орталық Азияда ЖЭК саласында инвестициялық жобаларды қабылдауда
04.07.2025
Amazon Жапонияда геотермалдық тапсырыстарды өңдеу орталығын ашады
03.07.2025
Астанада Electronica Expo Kazakhstan көрмесі өтеді
02.07.2025
Көксу өзенінде ГЭС құрылысы қайта жанданды: жоба туралы не белгілі
02.07.2025
Әзірбайжан мен Дүниежүзілік банк ЖЭК саласында кредиттік келісімге қол қойды
02.07.2025
АҚШ-тың күн және жел энергетикасы электр энергиясын өндіруде рекордтық үлеске жетті
02.07.2025
Жаһандық баяндама: Орталық Азия жасыл энергетиканы дамытуға рекордтық қаржы ағындарын тартты
30.06.2025
Билл Гейтс инвестициялаған революциялық жел станциясының құрылысы басталды
30.06.2025
Тандемдік перовскиттік фотоэлементтер 26,4% тиімділікке қол жеткізді
27.06.2025
Қазақстан мен Қытай стратегиялық энергетикалық әріптестікті талқылады
27.06.2025
Ғарышқа арналған органикалық күн элементтері бойынша инновациялық зерттеу