Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары13.11.2024

COP 29 саммитінде Қазақстан жасыл энергетикаға шамамен $3,7 млрд инвестиция тартты

QAZAQ GREEN.  Қазақстанның энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Бакуде (Әзірбайжан) БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясының 29-шы климаттық саммиты «жасыл» энергетиканы дамыту саласындағы халықаралық компаниялармен және даму институттарымен ынтымақтастық туралы бірқатар құжаттарға қол қойды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, Энергетика министрі Қазақстан Энергетика министрлігі мен Азия Даму Банкі (АДБ) арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.

Құжат мақсаты көмір станцияларын пайдаланудан шығаруды жеделдету және жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды ұлғайту, энергия тиімділігін арттыру және электр энергиясы мен жылу энергиясын өндіруде жаңа технологияларды енгізу болып табылатын АДБ (ЭҮП) энергетикалық ауысу тетігі арқылы көміртегі бейтараптығы жөніндегі мақсаттарға қол жеткізудегі ынтымақтастықты көздейді.

Қол қойылған құжаттардың қатарында Қытай Халық Республикасының Үкіметімен жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды іске асыру туралы келісім де бар, ол Тараптар арасындағы жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды ілгерілету, әзірлеу және іске асыру, Қазақстан Республикасының аумағында орнықты даму, экологиялық таза технологияларға көшу және шығарындыларды қысқарту арқылы жаһандық жылынуға қарсы күресте өзара іс-қимылды көздейді. Осы жобалар бойынша инвестициялар сомасы 2 млрд АҚШ долларынан асады деп болжануда.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Жамбыл облысындағы жел электр станциясының жобасына қатысты ABU DHABI FUTURE ENERGY COMPANY PJSC (MASDAR) компаниясымен инвестициялар туралы келісім жасалды. Осы жоба бойынша инвестициялардың күтілетін сомасы 1,5 млрд АҚШ долларын құрайды.

Бұл құжат жаңартылатын энергия көздерінің жобаларын дамыту, «жасыл ауысуды» іске асыру, көміртегі эмиссиясын қысқарту және климаттың өзгеруіне қарсы күрес мақсатында БАӘ-мен қол қойылған үкіметаралық келісімді іске асыру шеңберінде жасалды.

Сонымен қатар, конференция аясында Қазақстанның энергетика министрі БҰҰ ЕЭК, ACWA Power және Masdar, АДБ компанияларының өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.

Әңгімелесу барысында А. Сәтқалиев энергетика секторындағы жаңа бастамалар шеңберінде ынтымақтастықты жалғастыру туралы ниетін білдірді.

«Қазақстан ЖЭК секторының инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін заңнамалық базаны белсенді түрде жаңартуда. Біздің еліміз әрқашан ашық және белсенді ынтымақтастыққа дайын», - деп атап өтті министр.

БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы (SOP29) тараптары конференциясының 29-шы сессиясы Бакуде 11-22 қараша аралығында өтеді. COP29 аясында 12-13 қарашада ең жоғары деңгейдегі іс-шара-Климаттық қызмет бойынша Әлемдік көшбасшылар саммиті өтеді.

06.05.2026
Қазақстанда газ, көмір және ЖЭК негізіндегі дата-орталықтар кластері құрылады
06.05.2026
Қазақстанда «жасыл» энергия өндірісі 15%-ға өсті
04.05.2026
Израиль Негев шөлінде ірі КЭС құрылысын бастады
04.05.2026
«Күн зейнетақылары және жел дивидендтері»: Оңтүстік Корея ЖЭК арқылы ауылды дамытуда
04.05.2026
Қырғызстан алты шағын ГЭС салуға арналған жер учаскелеріне конкурс жариялады
04.05.2026
АДБ Азияның электр желілері мен цифрлық инфрақұрылымын біріктіруге $70 млрд салады
30.04.2026
Қазақстан мен Дүниежүзілік банк Орталық Азиядағы энергетикалық интеграцияны талқылады
30.04.2026
Қарағанды облысында 500 МВт жел электр станциясының құрылысы басталды
30.04.2026
Қазақстан БЭЖ Оңтүстік аймағында 50 МВт КЭС салуға арналған аукцион жеңімпазы анықталды
30.04.2026
Қырғызстанда шатырлардағы күн панельдеріне қатысты ережелер әзірленуде
30.04.2026
Еуропада ыстық күшеюде: ЖЭК шешім бола ала ма?
29.04.2026
Қазақстанда 100 МВт КЭС аукционының жеңімпазы анықталды
29.04.2026
Қытайлық компания Қырғызстанда күн және жел энергиясын өндіруге $1 млрд инвестиция салуға дайын
29.04.2026
Meta ғарыштық күн энергетикасына және тым ұзақ мерзімді энергия сақтау саласына инвестиция салады
29.04.2026
Токио әлемдегі ең үлкен жүзбелі жел электр станциясын салмақ
28.04.2026
«KOREM» АҚ-да 50 МВт қуат бойынша еркін аукциондық сауда-саттық өтті
28.04.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан және Өзбекстанмен жасыл энергетикалық дәліз туралы келісімді ратификациялады
28.04.2026
Қытай ЖЭК үлесін жалпы орнатылған қуаттың 60%-ына дейін арттырды
28.04.2026
«Батыс Каспий Энерго» Атырау облысындағы 250 МВт жел паркіне арналған аукционда жеңді
27.04.2026
Ember: Жаңартылатын энергия көздері тарихта алғаш рет көмірден асып түсті.