Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары05.04.2025

Қазақстан президенті Астанада сирек кездесетін металдарды зерттейтін аймақтық орталықты құруды ұсынды

QAZAQ GREEN. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқандта өткен «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» саммитінде климаттық күн тәртібін өңірлік ынтымақтастықтың басым бағыты ретінде атап өтті, деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшысы энергетикалық серіктестіктің маңыздылығына тоқталып, Қазақстанның Еуропаға көмірсутек жеткізуші сенімді ел болып қала беретінін, сонымен қатар жаңартылатын энергетика мен экологиялық таза отынды дамытып жатқанын айтты.

«Қазақстан жаңартылатын қуат көздері мен экологиялық таза отын жобаларын жүзеге асыруға кірісті. Total, Eni, Svevind секілді бұрыннан келе жатқан серіктестерімізбен және басқа да еуропалық компаниялармен бірге жел, күн электр стансаларының қуатын арттырып, «жасыл» сутегі өндірісі жобасын қолға алдық», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, Қазақстан, Өзбекстан және Әзербайжан Каспий теңізі арқылы «жасыл» энергияны Еуропа нарығына жеткізетін жаңа электр жеткізу желісін салуға кірісті.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қазақстан ЕО экономикасы үшін маңызды саналатын 34 шикізат түрінің 19-ын өндіріп отырғанын, соның ішінде уран, литий, мыс және кобальт бар екенін атап өтті. Осыған байланысты президент Астанада Сирек кездесетін металдарды зерттейтін аймақтық орталық құруды ұсынды.

 «Қазақстан декарбонизация бастамаларын белсенді жүзеге асырып келеді. Біз әлемдік ядролық отынның шамамен 40%-ын жеткізіп, таза энергия өндірісінде маңызды рөл атқарып отырмыз», – деді президент.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда Қазақстанда Климаттың өзгеруі және жасыл энергетика бойынша Жобалық кеңсе ашылғаны туралы еске салды. Бұл орталық бүгінде өңірлік экологиялық бастамалардың үйлестіруші алаңына айналуда.

 

 

 

 

 

 

09.10.2026
Coca-Cola HBC Bulgaria жаңартылатын энергияны пайдалануды кеңейтеді
09.10.2026
Ember АСЕАН елдеріндегі энергетикалық жобаларды қаржыландырудағы кедергілерді атады
09.10.2026
Өзбекстанда 1 200-ге жуық аз қамтылған отбасы күн панельдерін алады
08.10.2026
Қазақстан 2028–2029 жылдары 5 ГВт жаңартылатын энергия қуатын іске қосады
08.10.2026
Күн энергетикасы мен энергия сақтау саласы ЕО-да 982 мың жұмыс орнын қамтамасыз етті
08.10.2026
Қытай Молдовада КЭС салып, энергия сақтау жүйелерін дамытуға көмектеседі
08.10.2026
Орталық Азия мен Еуропа университеттері жаңартылатын энергия бойынша зерттеу желісін құруды талқылады
07.10.2026
Әлемде қалқымалы теңіз жел энергетикасының қуаты бір жылда 38 пайызға өсті
07.10.2026
Қазақстанда жаңартылатын энергетика үлесі жыл басынан 7%-дан 8,5%-ға өсті
06.10.2026
Қазақстанның Елдік климаттық инвестплатформасын құру жөніндегі жоба бойынша келісімге қол қойылды
06.10.2026
Қытайда электр көліктеріне арналған тиімділігі 98,51 пайыз сымсыз зарядтау жүйесі әзірленді
06.10.2026
ХЭА Оңтүстік-Шығыс Азия елдерін энергиямен қамту көздерін әртараптандыруға шақырды
06.10.2026
Қытайда әлемдегі желді өлшейтін ең биік мұнара іске қосылды
06.10.2026
Six Flags ойын-сауық саябағы Калифорниядағы ең ірі күн карпортын іске қосты
05.10.2026
Швед ғалымдары күн панельдерінің астында брокколи өсіріп, электр энергиясын өндірді
05.10.2026
АҚШ Қорғаныс министрлігі ғарыштан Жерге күн энергиясын беруге арналған маяк әзірлеуді қаржыландырады
05.10.2026
Абай облысында 160 МВт болатын ЖЭК жобалары дамып келеді
02.10.2026
Тәжікстанда энергия жинақтау жүйелері бар екі күн электр станциясы іске қосылды
02.10.2026
Қытайда қалдықтардың жағымсыз иісін азайтатын фототермиялық катализатор жасалды
02.10.2026
Қызылорда облысында қуаты 20 МВт күн электр станциясы іске қосылды