Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары10.06.2025

Олжас Бектенов East Hope Group басшысымен жасыл» алюминий өндіру жобасын талқылады

QAZAQ GREEN.  Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов East Hope Group қытай корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Лю Юнсинмен кездесу өткізді. Онда елімізде циркулярлы экономика  қағидаты негізінде түсті металдар өндірісі бойынша интеграцияланған өнеркәсіптік парк құру жөніндегі жобаны іске асыру перспективалары талқыланды. 

Жоба алюминийден «жасыл» өнім шығару бойынша толық өндірістік циклды қалыптастыруға бағытталған және бірнеше басым бағыттарды — шикізат өндіруді, алюминий негізіндегі өнімді қайта өңдеуді және қосылған құны жоғары материалдарды терең өңдеуді қамтиды. Бірінші кезеңде қуаттылығы жылына 2 млн тонна сазтопырақтағы алюминий тотығын қайта өңдеу жөніндегі тау-кен байыту комбинатын және қуаттылығы жылына 1 млн тонна алюминий өндіретін электролиз зауытын салу көзделген. Бұл ретте жаңартылатын энергия көздерінің көмегімен электр энергиясын өндіру қарастырылған. Іске асыру ең заманауи экологиялық таза технологияларды енгізумен үш кезеңде жүзеге асырылатын болады. Компанияның есептеуі бойынша, жобаны іске асыру барысында 10 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылады.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев неғұрлым әртараптандырылған және болашаққа бағдарланған экономика құру міндетін қойды. Біз шикізат секторына тәуелділікті кезең-кезеңімен төмендетеміз және қосылған құны жоғары өндірісті дамытамыз. Қазақстанда алюминийдің тігінен интеграцияланған өндірісін құру – бұл отандық өнеркәсіп құрылымындағы бағыттың кешенді дамуын қамтамасыз ететін бірегей жоба. Қазақстан Үкіметі ұзақмерзімді ынтымақтастыққа дайын», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Лю Юнсин Қазақстан Еуразияның логистикалық орталығы ретінде маңызды рөл атқаратынын, «Белдеу мен жолдың» бірлескен құрылысы аясында бірегей географиялық артықшылық пен даму әлеуетін көрсететінін атап өтті. Оның айтуынша, әсіресе бай минералды ресурстар мен өнеркәсіптік жаңғыртудың үздіксіз іске асырылып жатқан стратегиясы компанияның «жасыл» алюминий, заманауи аграрлық индустрия және жаңартылатын энергетика салаларындағы жаһандық басымдықтарына толық сәйкес келеді.

Кездесу қорытындысы бойынша жауапты министрліктерге жобаны іске асыруда қажетті қолдау көрсету тапсырылды. Бұл ретте компания жергілікті кадрларды оқытуды және қазақстандық мамандардың үлесін кезең-кезеңімен ұлғайтуды қоса алғанда, белгілі бір міндеттемелерді өзіне алатыны атап өтілді.

East Hope Group алюминий өнеркәсібі саласындағы әлемдік көшбасшылардың ондығына кіреді, сондай-ақ полисиликон, «жасыл» энергетика, агроөнеркәсіптік кешен және жоғары технологиялар саласындағы жобаларды белсенді дамытуда.

06.05.2026
Қазақстанда газ, көмір және ЖЭК негізіндегі дата-орталықтар кластері құрылады
06.05.2026
Қазақстанда «жасыл» энергия өндірісі 15%-ға өсті
04.05.2026
Израиль Негев шөлінде ірі КЭС құрылысын бастады
04.05.2026
«Күн зейнетақылары және жел дивидендтері»: Оңтүстік Корея ЖЭК арқылы ауылды дамытуда
04.05.2026
Қырғызстан алты шағын ГЭС салуға арналған жер учаскелеріне конкурс жариялады
04.05.2026
АДБ Азияның электр желілері мен цифрлық инфрақұрылымын біріктіруге $70 млрд салады
30.04.2026
Қазақстан мен Дүниежүзілік банк Орталық Азиядағы энергетикалық интеграцияны талқылады
30.04.2026
Қарағанды облысында 500 МВт жел электр станциясының құрылысы басталды
30.04.2026
Қазақстан БЭЖ Оңтүстік аймағында 50 МВт КЭС салуға арналған аукцион жеңімпазы анықталды
30.04.2026
Қырғызстанда шатырлардағы күн панельдеріне қатысты ережелер әзірленуде
30.04.2026
Еуропада ыстық күшеюде: ЖЭК шешім бола ала ма?
29.04.2026
Қазақстанда 100 МВт КЭС аукционының жеңімпазы анықталды
29.04.2026
Қытайлық компания Қырғызстанда күн және жел энергиясын өндіруге $1 млрд инвестиция салуға дайын
29.04.2026
Meta ғарыштық күн энергетикасына және тым ұзақ мерзімді энергия сақтау саласына инвестиция салады
29.04.2026
Токио әлемдегі ең үлкен жүзбелі жел электр станциясын салмақ
28.04.2026
«KOREM» АҚ-да 50 МВт қуат бойынша еркін аукциондық сауда-саттық өтті
28.04.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан және Өзбекстанмен жасыл энергетикалық дәліз туралы келісімді ратификациялады
28.04.2026
Қытай ЖЭК үлесін жалпы орнатылған қуаттың 60%-ына дейін арттырды
28.04.2026
«Батыс Каспий Энерго» Атырау облысындағы 250 МВт жел паркіне арналған аукционда жеңді
27.04.2026
Ember: Жаңартылатын энергия көздері тарихта алғаш рет көмірден асып түсті.