Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары21.07.2025

БҚО-да жаңартылатын энергия көздерін енгізу жобасы басталды

QAZAQ GREEN.  Алғашқы жел өлшейтін мұнара облыс орталығына кіреберіс аумаққа орнатылып жатыр. Нысан алдағы уақытта салынатын 50 мегаваттық жел электр станциясының әлеуетін айқындап бермек. Жоба 22 млрд теңгеге бағаланып отыр, деп хабарлайды 24.kz.  

Орнатылып жатқан мұнараның биіктігі 142 метрге жетеді. Нысан басында желдің жылдамдығы мен бағытын өлшейтін құрылғылар орнатылады. Мамандар сол арқылы осы маңдағы жел өтінің күші мен жиілігіне барлау жүргізеді.

«Біз осы жерге жел электр станциясын әкелеміз. Сол қанша МВт, сосын қанша биіктікте болады, соған қарап сондай станциялар әкеледі. Бір жыл тұрады. Қыста, жазда, көктемде. Қай уақытта қандай желдің күші болады, соны өлшейді», – деп айтты мердігер компанияның өкілі Жанарбек Сейітбаттал. 

Жиналған деректер турбиналардың саны, биіктігі мен орналасатын жерін анықтауға көмектеседі. Жоба үш жылдың ішінде толық іске асуы тиіс. Бұл жерде заманауи жел турбиналарының толыққанды паркі бой көтеріп, мыңдаған тұрғын электр энергиясымен қамтамасыз етіледі деп айтып отыр мердігерлер.

«Маусым айында Пойма ауылында күн электр станциясын салуға арналған аукцион өтті. Жобаға инвестор табылды. Станцияның жобалық қуаты 30 МВт болады. Бұған қоса, гибридті станция салу жұмыстары да басталды. Қазір жер телімі анықталды. Бұл нысанның жалпы қуаты 5 мегаватт болмақ. Биыл күн панельдерін жеткізуді көздеп отырмыз. Ал келер жылы газ поршенді генератор жеткізіледі. Жобаға итальяндық компания қатысады», – деді Энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының м.а Бейімбет Мусин. 
Мамандардың айтуынша, Батыс Қазақстанда жасыл энергетиканы дамытуға нақты мүмкіндік бар. Себебі аймақта жел тұрақты және екпінді, күн шуақты күндер саны көп, ал бос жер көлемі жеткілікті.

 «Қазіргі әлемдік деңгейде алғанда да қазір жаңартылған энергия көздеріне көшу көптеп байқалып жатыр ғой. Егер де аудандағы елді мекендердегі әрбір жеке қожалықтарға осындай энергияның балама түрін көптеп орнатса, олар біздің магистральдық жүйеге авария көп алып келмейді. Неге десеңіз, олардың көбінде біздің тарифтің ақшасына олардың бәрінде техникалық қызмет көрсету мүмкін болмай жатыр», – деді Электр энергиясын тарату компаниясының бас инженері Асқар Ғайсин. 

Облыста электр желілерін жаңғырту жұмыстары да жалғасып жатыр. Бұл мақсатқа 2 млрд-тан астам теңге бөлінген. Бөрлі, Тасқала, Ақжайық, Бөкей ордасы және Бәйтерек аудандарындағы желілер жаңартылады. Барлық жобалар аяқталған соң, өңірдегі электр желілерінің тозуы 74%-ға дейін төмендемек.

06.05.2026
Қазақстанда газ, көмір және ЖЭК негізіндегі дата-орталықтар кластері құрылады
06.05.2026
Қазақстанда «жасыл» энергия өндірісі 15%-ға өсті
04.05.2026
Израиль Негев шөлінде ірі КЭС құрылысын бастады
04.05.2026
«Күн зейнетақылары және жел дивидендтері»: Оңтүстік Корея ЖЭК арқылы ауылды дамытуда
04.05.2026
Қырғызстан алты шағын ГЭС салуға арналған жер учаскелеріне конкурс жариялады
04.05.2026
АДБ Азияның электр желілері мен цифрлық инфрақұрылымын біріктіруге $70 млрд салады
30.04.2026
Қазақстан мен Дүниежүзілік банк Орталық Азиядағы энергетикалық интеграцияны талқылады
30.04.2026
Қарағанды облысында 500 МВт жел электр станциясының құрылысы басталды
30.04.2026
Қазақстан БЭЖ Оңтүстік аймағында 50 МВт КЭС салуға арналған аукцион жеңімпазы анықталды
30.04.2026
Қырғызстанда шатырлардағы күн панельдеріне қатысты ережелер әзірленуде
30.04.2026
Еуропада ыстық күшеюде: ЖЭК шешім бола ала ма?
29.04.2026
Қазақстанда 100 МВт КЭС аукционының жеңімпазы анықталды
29.04.2026
Қытайлық компания Қырғызстанда күн және жел энергиясын өндіруге $1 млрд инвестиция салуға дайын
29.04.2026
Meta ғарыштық күн энергетикасына және тым ұзақ мерзімді энергия сақтау саласына инвестиция салады
29.04.2026
Токио әлемдегі ең үлкен жүзбелі жел электр станциясын салмақ
28.04.2026
«KOREM» АҚ-да 50 МВт қуат бойынша еркін аукциондық сауда-саттық өтті
28.04.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан және Өзбекстанмен жасыл энергетикалық дәліз туралы келісімді ратификациялады
28.04.2026
Қытай ЖЭК үлесін жалпы орнатылған қуаттың 60%-ына дейін арттырды
28.04.2026
«Батыс Каспий Энерго» Атырау облысындағы 250 МВт жел паркіне арналған аукционда жеңді
27.04.2026
Ember: Жаңартылатын энергия көздері тарихта алғаш рет көмірден асып түсті.