Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары22.04.2026

Өңірлік экологиялық саммит 2026 Астанада өз жұмысын бастайды

QAZAQ GREEN.  Қазақстан астанасында «Орнықты болашаққа ортақ көзқарас» тақырыбымен Өңірлік экологиялық саммит 2026 (бұдан әрі – ӨЭС) өз жұмысын бастайды. Іс-шара Орталық Азия елдеріндегі экожүйелерді, су және жер ресурстарын қорғау, қалпына келтіру және ортақ пайдалану, сондай-ақ биоалуантүрлілікті сақтау жөніндегі кешенді саясат пен құралдарды қалыптастыруға бағытталған.

ӨЭС Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі тарапынан Біріккен Ұлттар Ұйымымен және бірқатар халықаралық ұйымдармен бірлесіп ұйымдастырылып отыр және экологиялық сын-қатерлерді еңсеруге өңірлік тәсілді көрсететін бірлескен шешімдерді әзірлеуге бағытталған алғашқы ауқымды іс-шара болып табылады.

Аталған сын-қатерлер үкіметтер, халықаралық және қаржы ұйымдары, сондай-ақ ғылыми және бизнес қауымдастықтар арасында ынтымақтастықты жолға қоюды талап етеді.

Саммитке Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары, Армения, Грузия және Моңғолия президенттері, Әзербайжанның премьер-министрі, сондай-ақ БҰҰ агенттіктерінің (БҰҰДБ, ФАО, БҰҰ ЕЭК, ЮНЕП, ДДСҰ, ДМҰ, ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ және т.б.), жетекші халықаралық ұйымдардың (ЕҚЫҰ, ЭЫҰ, ЭЫДҰ, ТМҰ, ШЫҰ, ЕЭК, ИСЕСКО, АӨСШК және т.б.) және қаржы институттарының (АДБ, ЕҚҚДБ, Дүниежүзілік банк, Ислам даму банкі) басшылары қатысатынын растады.

Жалпы, 15 елден ресми делегациялардың келуі күтілуде. Олардың қатарында Әзербайжан, Армения, Ауғанстан, Беларусь, Италия, Германия, Грузия, Камбоджа, Қытай, Моңғолия, Ресей, Сербия, Словакия, Хорватия және Жапония бар. Бұл ӨЭС алаңын түрлі мәселелер бойынша екіжақты келіссөздер сериясын өткізу үшін пайдалануға мүмкіндік береді.

ӨЭС жұмысы мемлекет басшылары мен халықаралық ұйымдар басшыларының қатысуымен өтетін пленарлық отырыстан басталады.

Саммиттің мазмұндық бөлігі сегіз басым бағыттың төңірегінде құрылған:

1.Климаттық көшуді қолдау;

2.Экологиялық және табиғи тәуекелдерге бейімделу және экономикалық орнықтылық;

3.Өңірдің азық-түлік қауіпсіздігі мен экожүйесі;Устойчивое управление природными ресурсами;

4.Табиғи ресурстарды орнықты басқару;

5.Атмосфералық ауаның ластануымен күрес және қалдықтарды басқару;

6.Экологиялық амбицияларға қол жеткізу тетіктері;

7.Әділ және инклюзивті көшу;

8.Экологиялық және цифрлық құзыреттер.

ӨЭС бағдарламасына 58 іс-шара кіреді, оның ішінде 17-сі жоғары деңгейдегі, 4-еуі Орталық Азия елдік сессиялары және 37-сі дөңгелек үстелдер, конференциялар мен семинарлар форматындағы тақырыптық кездесулер. 

ӨЭС бағдарламасында БҰҰ құрылымындағы Халықаралық су ұйымын құру мәселесі бойынша консультациялар да жоспарланған. Оған БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің су ведомстволарының басшылары, БҰҰ-ның су мандатын іске асыратын агенттіктер және зерттеу институттары қатысады деп күтілуде.

Қорытынды құжаттардың қатарында Орталық Азия мемлекеттері басшыларының «Орталық Азияның экологиялық ынтымақтастығы» атты бірлескен декларациясын ерекше атап өткен жөн. Бұл құжат экологиялық орнықты даму саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге деген саяси ерікті көрсетеді. Сондай-ақ 2026–2030 жылдарға арналған БҰҰ агенттіктерімен бірлескен Өңірлік іс-қимыл бағдарламасы ұсынылады.

Жалпы, ӨЭС аясында 51 құжатқа қол қою жоспарланып отыр. Олардың ішінде 13 меморандум, 16 бірлескен мәлімдеме, келісімдер мен декларациялар, 16 өңірлік және елдік бастама, сондай-ақ 6 инвестициялық жоба бар.

Саммиттің маңызды практикалық толықтыруы ретінде Орталық Азия елдерінің және бақылаушы ел ретінде Әзербайжанның ұлттық павильондары ұсынылатын ӨЭС 2026 EXPO халықаралық «жасыл» технологиялар көрмесі өтеді.

Қазақстанның ұлттық павильонында биоалуантүрлілікті сақтау саласындағы жетістіктер, оның ішінде Пржевальский жылқысы, киік және Тұран жолбарысы популяцияларын сақтау, Солтүстік Аралды қалпына келтіру жобалары, сондай-ақ су және ғылыми шешімдер мен «Таза Қазақстан» бағдарламасының нәтижелері таныстырылады.

Қазақстан экспозициясында ресурстарды басқарудың зияткерлік жүйелерін және «ақылды» экологиялық шешімдерді енгізуге ерекше назар аударылған. RES 2026 EXPO 2026 жылғы 22–24 сәуір аралығында өтеді және 30 елден шамамен 300 компанияны біріктіреді. Осы кезеңде көрмеге 20 000-ға жуық адам келеді деп күтілуде.

13.08.2026
24 тамызда Атырауда Empowerment-2026 бағдарламасы басталады
13.08.2026
Бішкектегі университет ғимаратының шатырына күн панельдері орнатылып жатыр
13.08.2026
Сицилиядағы агровольтаикалық жоба €234,1 млн қаржыландыру тартты
13.08.2026
Германиядағы ең ірі офшорлық жел электр станциясы толық іске қосылуға жақын
12.08.2026
Оманда ЖЭК үлесі 2050 жылға қарай 90–100%-ға жетеді
12.08.2026
Ұлыбританияда күн тұтылған кезде электр энергиясын аз тұтынған үй шаруашылықтарына сыйақы беріледі
12.08.2026
Қазақстанда 2035 жылға дейін 8 ГВт-тан астам жаңа ЖЭК қуаты іске қосылады
11.08.2026
Үйдегі күн панельдерінің тиімділігін арттырудың үш тәсілі
11.08.2026
Түрікменстанның Йолотен қаласындағы ауруханаға күн панельдері орнатылды
11.08.2026
Қытай Тибетте биіктігі жөнінен рекордтық күн жылу электр станциясының гелиостаттарын орнатуды аяқтады
11.08.2026
Күн тұтылуы Португалияда күн электр энергиясының өндірісін 45%-ға қысқартады
10.08.2026
Латын Америкасы геотермалдық энергетика арқылы энергетикалық қауіпсіздігін күшейте алады
10.08.2026
Сот Пентагонды жел электр станциялары жобаларын қарауды қайта бастауға міндеттеді
10.08.2026
2030 жылға қарай әлемдегі энергия сақтау жүйелерінің қуаты алты есе өседі — GlobalData болжамы
10.08.2026
Қытайда жасанды интеллект жаңартылатын энергетиканың сенімділігін арттырып жатыр
10.08.2026
АҚШ студенттері тұтынғанынан көп энергия өндіре алатын күн электромобилін жасады
07.08.2026
Сауд Арабиясы ЖЭК қуатын 2025 жылы 12,3 ГВт-қа жеткізді
07.08.2026
Ыстықкөлде ірі жел электр станциясы салынады
07.08.2026
Забайкальеде қуаттылығы 120 МВт күн электр станциясы іске қосылды
06.08.2026
Омбы МӨЗ-дағы КЭС бір жылда 20 млн кВт·сағаттан астам электр энергиясын өндірді