Қазақстан жаңалықтары03.06.2026
Қашаған, Қарашығанақ, ЖЭК: ҚМГ мен Eni ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын қарастырды

QAZAQ GREEN. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Баку қаласында «Eni S.p.A» компаниясының жаһандық табиғи ресурстарды барлау және өндіру жөніндегі директоры Лука Виньятимен кездесті, ҚМГ хабарлайды.
Кездесуде екі компания арасындағы Солтүстік Каспий және Қарашығанақ жобалары аясындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. А.Хасенов атап өткендей, серіктестер қазіргі уақытта Қашағандағы мұнай өндіру көлемін одан әрі ұлғайту жобаларын уақтылы жүзеге асыруға ерекше мән беруі тиіс.
Сонымен қатар Қарашығанақты кеңейту жобасын жүзеге асырудың стратегиялық маңызы туралы сөз болды. Атап айтқанда, бұл жоба қабат қысымын ұстап тұру және қабаттардың мұнай беру көлемін арттыру мақсатында газды кері айдауға арналған 6-компрессорды іске қосуды көздейді.
Кездесуде жалпы қуаты 247 МВт болатын Маңғыстау облысындағы гибридті электр станцияның құрылысы да талқыланды. Бұдан бұрын хабарланғандай, бірлескен жоба аясында 2025 жылы Жаңаөзен қаласында қуаты 50 МВт күн электр станциясы (КЭС) іске қосылды. Былтыр КЭС 11,6 млн кВт•сағ электр энергиясын өндірді, ал биыл қаңтар-мамыр айларындағы өндіріс көлемі 31,2 млн кВт•сағ құрады. Станция жылына шамамен 86 млн кВт•сағ таза электр энергиясын өндіретін болады.
Бүгінде қуаты 120 МВт болатын газ электр станциясы бойынша құрылыс-монтаждау және іске қосу-баптау жұмыстары жалғасуда. Жобаны осы жылы пайдалануға беру жоспарланған. Жел электр станциясының (77 МВт) құрылысына дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Сауд Арабиясы ЖЭК қуатын 2025 жылы 12,3 ГВт-қа жеткізді
Ыстықкөлде ірі жел электр станциясы салынады
Забайкальеде қуаттылығы 120 МВт күн электр станциясы іске қосылды
Омбы МӨЗ-дағы КЭС бір жылда 20 млн кВт·сағаттан астам электр энергиясын өндірді
Австралия қуаты 1 МВт-қа дейінгі күн станцияларына шағын қондырғы сертификатын алуға рұқсат береді
Испания 173 ЖЭС және ГЭС жаңғырту үшін €612 млн бөледі
Португалияда электр энергиясына сұраныстың 71%-ын ЖЭК қамтамасыз етті
Google Оклахомадағы RWE күн станциясынан электр энергиясын сатып алады
KOREM электр энергиясы нарығына арналған жаңа цифрлық порталын іске қосты
Ember: ASEAN елдерінің энергетикалық тұрақтылығы ЖЭК дамытуына байланысты
ХЭА: Энергетикалық дағдарыс аясында ондаған елде электромобиль сатылымы рекордтық деңгейге жетті
АҚШ-тағы Мохаве шөліндегі күн электр станциясы жабайы табиғатқа қалай әсер етіп жатыр
Каспий теңізіндегі су айдыны ЖЭК аумағы деп белгіленді
Қазақстанда ЖЭК нысандарының электр энергиясын өндіру көлемі 8,6 млрд кВт·сағ-қа жетті
Shell TotalEnergies-ке Еуропадағы 4 ГВт құрлықтағы ЖЭК портфелін сатады
Қытайдың жаңартылатын энергетикасы тарихта алғаш рет 40%-дан асты
Өзбекстанда күн панельдерін орнатқандарға 330,8 млрд сумнан астам субсидия төленді
ЕО-да электромобильдер саны 2025 жылы 30%-ға өсті
АҚШ-та пассивті салқындату жүйесі бар орбиталық модульдік дата-орталықтарының технологиясына патент берілді
Аризона Tesla компаниясын жыл сайын 1 ТВт·сағ «жасыл» электр энергиясымен қамтамасыз етеді