Қазақстан жаңалықтары22.06.2026
Қазақстанда күн панельдерімен жабдықталған жол бойындағы 250 сервис стансалары салынады

QAZAQ GREEN. Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Көлік министрлігі мен «Car Park Transformer» ЖШС арасында жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, жол бойындағы сервис стансаларын салу жөніндегі инвестициялар туралы келісімді мақұлдады. Тиісті қаулыға Премьер-министр қол қойды.
Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, жобаға тартылатын жеке инвестицияның жалпы көлемі 179,5 млрд теңге.
Аталған жоба халықаралық және республикалық маңызы бар автожолдар бойындағы қазіргі бар демалыс алаңдарында 2030 жылға дейін жол бойындағы 250 сервис стансасын салуды көздейді. Оның ішінде алғашқы 50 нысан биыл салынып, пайдалануға беріледі. Жаңа стансалар санитариялық-тұрмыстық үй-жайларды, сауда және қызмет көрсету пункттерін, электрлі көліктерге арналған қуаттау стансаларын, күн энергиясын өндіретін қондырғыларды қамтиды. Сонымен қатар жаңа стансалар іргелес аумақтарды абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілген заманауи көпфункционалды кешендер ретінде салынады.
Жобаны жүзеге асыру халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жол бойындағы қызмет көрсету нысандары желісін кеңейтуге, электромобильдер үшін заманауи инфрақұрылым құруға және көлік саласында экологиялық бағдарланған шешімдерді енгізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ жол бойындағы сервис стансаларының құрылысы жақын маңдағы өңірлердің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға серпін береді. Жоба аясында 2 мың жаңа жұмыс орны ашылады.
Бүгінде елімізде халықаралық және республикалық маңызы бар автожолдар бойында 1 428 сервис нысаны жұмыс істейді.
Айта кетейік, Қазақстанда автокөлік саны жыл сайын артып келеді. Соған сәйкес техникалық қызмет көрсетуге, жөндеуге және қосалқы бөлшектерге сұраныс та өсіп келеді.
Экономикалық зерттеулер институтының Бәсекелестік ортаны зерттеу орталығының аға сарапшысы Бейбарыс Әубәкіров бұл үрдістердің нарыққа және шағын әрі орта бизнестің дамуына қалай әсер етіп жатқанын түсіндірді.
24 тамызда Атырауда Empowerment-2026 бағдарламасы басталады
Бішкектегі университет ғимаратының шатырына күн панельдері орнатылып жатыр
Сицилиядағы агровольтаикалық жоба €234,1 млн қаржыландыру тартты
Германиядағы ең ірі офшорлық жел электр станциясы толық іске қосылуға жақын
Оманда ЖЭК үлесі 2050 жылға қарай 90–100%-ға жетеді
Ұлыбританияда күн тұтылған кезде электр энергиясын аз тұтынған үй шаруашылықтарына сыйақы беріледі
Қазақстанда 2035 жылға дейін 8 ГВт-тан астам жаңа ЖЭК қуаты іске қосылады
Үйдегі күн панельдерінің тиімділігін арттырудың үш тәсілі
Түрікменстанның Йолотен қаласындағы ауруханаға күн панельдері орнатылды
Қытай Тибетте биіктігі жөнінен рекордтық күн жылу электр станциясының гелиостаттарын орнатуды аяқтады
Күн тұтылуы Португалияда күн электр энергиясының өндірісін 45%-ға қысқартады
Латын Америкасы геотермалдық энергетика арқылы энергетикалық қауіпсіздігін күшейте алады
Сот Пентагонды жел электр станциялары жобаларын қарауды қайта бастауға міндеттеді
2030 жылға қарай әлемдегі энергия сақтау жүйелерінің қуаты алты есе өседі — GlobalData болжамы
Қытайда жасанды интеллект жаңартылатын энергетиканың сенімділігін арттырып жатыр
АҚШ студенттері тұтынғанынан көп энергия өндіре алатын күн электромобилін жасады
Сауд Арабиясы ЖЭК қуатын 2025 жылы 12,3 ГВт-қа жеткізді
Ыстықкөлде ірі жел электр станциясы салынады
Забайкальеде қуаттылығы 120 МВт күн электр станциясы іске қосылды
Омбы МӨЗ-дағы КЭС бір жылда 20 млн кВт·сағаттан астам электр энергиясын өндірді