Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары22.12.2022

Қазақстанда Энергетик күні атап өтілді

QAZAQ GREEN. Қазақстанның энергетика саласының барлық қызметкерлерінің кәсіби мерекесі жыл сайын желтоқсанның үшінші жексенбісінде атап өтіледі.

Бұл мерекені энергетикалық ресурстарды өндіруді, электр және жылу энергиясын беруді және өткізуді жүзеге асыратын кәсіпорындардың қызметкерлері атап өтеді.

Бұл күнді тойлау дәстүрі 1966 жылы кәсіби мереке ретінде белгіленген кеңес дәуірінен бастау алады. Алдымен, бұл мереке 22 желтоқсанда атап өтілді, бірақ 1988 жылдан бастап мереке күні желтоқсанның үшінші жексенбісіне ауыстырылды.

Қазақстан Республикасының заңнамалық жүйесінде Энергетик күні өзінің ресми мәртебесін 1998 жылы алды. Қазақстанда Энергетиктер күнін желтоқсанның үшінші жексенбісінде атап өтуді жалғастырды.

Электр энергиясын өндіру секторы

Қазақстанда электр энергиясын өндіруді әр түрлі меншік нысанындағы 190 электр станциясы жүзеге асырады. 01.01.2022 жылғы жағдай бойынша Қазақстанның электр станцияларының жалпы белгіленген қуаты 23957,3 МВт, қолда бар қуаты — 19004,0 МВт құрайды.

Электр станциялары ұлттық маңызы бар электр станциялары, өнеркәсіптік электр станциялары және өңірлік электр станциялары болып бөлінеді.

ЖЭК

Қазақстанда ЖЭК дамуы 2009 жылы «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» ҚР Заңының қабылдануымен басталды.

Біздің еліміз ЖЭК дамыту бойынша өршіл мақсаттар қойды, оған сәйкес электр энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі жаңартылатын энергетиканың үлесін 2020 жылы 3%-ға, 2025 жылы 6%-ға дейін, 2030 жылға қарай - 15%-ға дейін жеткізу қажет, ал 2050 жылға қарай жалпы энергия тұтынудың кемінде жартысы жаңартылатын және баламалы энергия көздеріне тиесілі болуы тиіс.

2022 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша жаңартылатын энергетика объектілері өндірген электр энергиясының көлемі электр энергиясын өндірудің жалпы көлемінен 4,6%-ды құрады.  

Қазіргі уақытта республикада белгіленген қуаты 2322 МВт болатын 142 ЖЭК нысаны жұмыс істейді:

– қуаты 894 болатын МВт 43 жел электр станциясы объектісі;

– қуаты 1150 МВт болатын 54 күн электр станциясы объектісі;

– қуаты 280 МВт болатын 40 гидроэлектростанция объектісі;

- қуаты 8 МВт болатын 5 биоэлектр станция объектісі.

Бірнеше жыл ішінде елде энергетиканың мүлдем жаңа секторы пайда болды, «жасыл» энергия нарығы қалыптасты. 2018 жылдан бастап ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттыққа әлемнің 12 елінен 200-ден астам компания қатысты.  Даму жылдарында ЖЭК секторы 1 трлн теңгеден астам инвестиция тартты.

 


 

04.05.2026
Израиль Негев шөлінде ірі КЭС құрылысын бастады
04.05.2026
«Күн зейнетақылары және жел дивидендтері»: Оңтүстік Корея ЖЭК арқылы ауылды дамытуда
04.05.2026
Қырғызстан алты шағын ГЭС салуға арналған жер учаскелеріне конкурс жариялады
04.05.2026
АДБ Азияның электр желілері мен цифрлық инфрақұрылымын біріктіруге $70 млрд салады
30.04.2026
Қазақстан мен Дүниежүзілік банк Орталық Азиядағы энергетикалық интеграцияны талқылады
30.04.2026
Қарағанды облысында 500 МВт жел электр станциясының құрылысы басталды
30.04.2026
Қазақстан БЭЖ Оңтүстік аймағында 50 МВт КЭС салуға арналған аукцион жеңімпазы анықталды
30.04.2026
Қырғызстанда шатырлардағы күн панельдеріне қатысты ережелер әзірленуде
30.04.2026
Еуропада ыстық күшеюде: ЖЭК шешім бола ала ма?
29.04.2026
Қазақстанда 100 МВт КЭС аукционының жеңімпазы анықталды
29.04.2026
Қытайлық компания Қырғызстанда күн және жел энергиясын өндіруге $1 млрд инвестиция салуға дайын
29.04.2026
Meta ғарыштық күн энергетикасына және тым ұзақ мерзімді энергия сақтау саласына инвестиция салады
29.04.2026
Токио әлемдегі ең үлкен жүзбелі жел электр станциясын салмақ
28.04.2026
«KOREM» АҚ-да 50 МВт қуат бойынша еркін аукциондық сауда-саттық өтті
28.04.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан және Өзбекстанмен жасыл энергетикалық дәліз туралы келісімді ратификациялады
28.04.2026
Қытай ЖЭК үлесін жалпы орнатылған қуаттың 60%-ына дейін арттырды
28.04.2026
«Батыс Каспий Энерго» Атырау облысындағы 250 МВт жел паркіне арналған аукционда жеңді
27.04.2026
Ember: Жаңартылатын энергия көздері тарихта алғаш рет көмірден асып түсті.
27.04.2026
Қазақстанда ЖЭК аукциондарына өтінім беру мерзімі жалғасуда
27.04.2026
Орталық Азияның төрт елінің энергетика министрлері аймақтың су-энергетикалық балансын талқылады