Әлем жаңалықтары15.04.2024
Еуропалық комиссия ғимараттардың энергетикалық тиімділігі туралы заң қабылдады

QAZAQ GREEN. Еуропалық комиссия 2030 жылдан бастап салынатын барлық ғимараттар энергияны үнемдейтін және көмірқышқыл газының шығарындыларына мүлдем бейтарап болуы керек деген заң қабылдады, деп хабарлайды Экополитика European Commission баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл заңнама Еуропалық одаққа мүше мемлекеттер үшін ғимараттардың барлық түрлерінде, соның ішінде тұрғын үй, коммерциялық, білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінде шығарындылар мен энергия тұтынуды азайту үшін негіздеме белгілейді.
Әрбір ел 2030 жылға қарай тұрғын үйлердің орташа бастапқы энергия тұтынуын 16%-ға және 2035 жылға қарай 20-22%-ға төмендету үшін өзінің ұлттық стратегиясын бекітуі керек. Тұрғын емес ғимараттар үшін 2030 жылға қарай ең аз энергия үнемдейтін ғимараттардың 16%-ын және 2033 жылға қарай 26%-ын реконструкциялау қажет.
«Климаттық бейтарап Еуропада біз үйлер мен ғимараттарды ең аз шығарындылармен жылытып, салқындатуымыз керек. Бізде бұл үшін технология бар, бірақ жөндеу үшін күшті экономикалық база құру қажет. Ғимараттардың энергетикалық тиімділігі туралы жаңа Директива қосымша қаржыны жұмылдыруға және құрылыс құнының тізбегін арттыруға көмектеседі», – деді климат жөніндегі комиссар Вопке Гукстра.
Директива импортталатын қазба отындарын пайдалануды азайту арқылы REPowerEU жоспарына сәйкес Еуропаның энергетикалық тәуелсіздігін арттырады және «нөлдік шығарындыларды» жаңа ғимараттар үшін стандартқа айналдырады.
Бұл барлық жаңа ғимараттарда қазба отынының нөлдік шығарындылары болуы керек дегенді білдіреді:
§ 2028 жылғы 1 қаңтарда мемлекеттік ғимараттар үшін;
- 2030 жылғы 1 қаңтарда барлық басқа жаңа ғимараттар үшін (жеке ерекшеліктермен).
Директивада қазба отындарын жылыту үшін пайдаланудан біртіндеп бас тарту және ұлттық жағдайларды ескере отырып, күн электр станцияларын енгізуге жәрдемдесу талабы қамтылған.
Ғимараттар ЕО-да энергияны тұтынудың шамамен 40% -ына, газды тұтынудың жартысынан көбіне (негізінен жылыту, салқындату және ыстық сумен қамтамасыз ету) және энергиямен байланысты парниктік газдар шығарындыларының 35%-ына жауап береді. Қазір ЕО ғимараттарының шамамен 35%-ы 50 жастан асқан, ал құрылыс қорының 75%-ы энергия тиімсіз. Сонымен қатар, энергияны үнемдеу мақсатында ғимараттарды қайта құрудың орташа жылдық қарқыны шамамен 1% құрайды.
Израиль Негев шөлінде ірі КЭС құрылысын бастады
«Күн зейнетақылары және жел дивидендтері»: Оңтүстік Корея ЖЭК арқылы ауылды дамытуда
Қырғызстан алты шағын ГЭС салуға арналған жер учаскелеріне конкурс жариялады
АДБ Азияның электр желілері мен цифрлық инфрақұрылымын біріктіруге $70 млрд салады
Қазақстан мен Дүниежүзілік банк Орталық Азиядағы энергетикалық интеграцияны талқылады
Қарағанды облысында 500 МВт жел электр станциясының құрылысы басталды
Қазақстан БЭЖ Оңтүстік аймағында 50 МВт КЭС салуға арналған аукцион жеңімпазы анықталды
Қырғызстанда шатырлардағы күн панельдеріне қатысты ережелер әзірленуде
Еуропада ыстық күшеюде: ЖЭК шешім бола ала ма?
Қазақстанда 100 МВт КЭС аукционының жеңімпазы анықталды
Қытайлық компания Қырғызстанда күн және жел энергиясын өндіруге $1 млрд инвестиция салуға дайын
Meta ғарыштық күн энергетикасына және тым ұзақ мерзімді энергия сақтау саласына инвестиция салады
Токио әлемдегі ең үлкен жүзбелі жел электр станциясын салмақ
«KOREM» АҚ-да 50 МВт қуат бойынша еркін аукциондық сауда-саттық өтті
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан және Өзбекстанмен жасыл энергетикалық дәліз туралы келісімді ратификациялады
Қытай ЖЭК үлесін жалпы орнатылған қуаттың 60%-ына дейін арттырды
«Батыс Каспий Энерго» Атырау облысындағы 250 МВт жел паркіне арналған аукционда жеңді
Ember: Жаңартылатын энергия көздері тарихта алғаш рет көмірден асып түсті.
Қазақстанда ЖЭК аукциондарына өтінім беру мерзімі жалғасуда
Орталық Азияның төрт елінің энергетика министрлері аймақтың су-энергетикалық балансын талқылады