"Жасыл" жаңалықтар

Әлем жаңалықтары18.11.2026

Amazon Үндістандағы жаңартылатын энергетикаға тағы $7 млрд бөледі

QAZAQ GREEN.  Amazon компаниясы 2030 жылға қарай Үндістандағы жаңартылатын энергетика жобаларына тағы 7 млрд АҚШ долларын инвестициялауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

Жаңа инвестиция компанияның елдегі жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) жобаларына келісімшарт бойынша бекітілген 4 млрд долларына қосымша болады. Бұл Amazon-ды Үндістандағы көміртексіз энергияның жетекші корпоративтік сатып алушыларының біріне айналдырады.

Компания сондай-ақ жалпы қуаты 934 МВт болатын төрт жаңа ірі жел және күн жобасын жариялады. Олардың қатарында Карнатака штатындағы қуаты 234 МВт жел электр станциясы бар. Бұл – Amazon-ның Азиядағы ең ірі жел жобасы. Сонымен бірге сол штаттағы 200 МВт-тық аралас күн-жел жобасы, Мадхья-Прадештегі 300 МВт-тық және Раджастандағы 200 МВт-тық күн жобалары іске асырылады.

Электр энергиясын сатып алу келісімдері (PPA) негізінде жүзеге асырылатын бұл жобалар компанияның 4 млрд долларлық портфеліне кіреді. Іске қосылғаннан кейін Amazon-ның Үндістандағы ЖЭК портфелінің жалпы қуаты 2 ГВт-тан асады. Бұл 3,5 млн-нан астам үнді үй шаруашылығының жылдық электр энергиясына қажеттілігін өтеуге жетеді.

Қазір компанияның елдегі портфелі 14 ірі жел және күн жобасынан және нысандарындағы 43 күн қондырғысынан тұрады.

Үндістандағы инвестициялар Amazon-ның жаңа жаһандық мақсатына да үлес қосады: компания 2030 жылға қарай өзі тұтынатын электр энергиясының көміртек қарқындылығын 2019 жылғы деңгеймен салыстырғанда 65%-ға азайтуды көздейді. Amazon 2040 жылға қарай өз қызметінде көміртектің таза нөлдік шығарындысына қол жеткізуді мақсат етіп отыр.

«Мұндай инвестициялар Үндістанның таза энергетика саласындағы мақсаттарын ілгерілетуде, энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуда және тұрақты экономикалық өсуді қолдауда маңызды рөл атқарады», – деді Үндістанның жаңа және жаңартылатын энергетика министрі Пралхад Джоши.

«7 млрд долларлық қосымша инвестиция біздің ұзақмерзімді міндеттемемізді көрсетеді. Ол жаңа жел және күн қуаттарын іске қосуға, Үндістанның энергетикалық қауіпсіздігі мен ЖЭК саласындағы ұзақмерзімді мақсаттарына үлес қосуға көмектеседі», – деді Amazon-ның тұрақты даму жөніндегі бас директоры Кара Херст. Оның айтуынша, компания Үндістанның 2070 жылға қарай таза нөлдік шығарындыға қол жеткізу мақсатына да үлес қосуды көздейді.

Сонымен қатар Amazon Үндістанның 500-ден астам қаласында 15 мыңнан астам электр көлігін пайдаланады, ал Tata Motors компаниясымен бірлесіп 3 мың электр жүк көлігін іске қосады.

19.11.2026
ЕО Кеңесі мен Еуропарламент ЖЭК жобалары мен электр желілеріне рұқсат беруді жеделдетуге келісті
19.11.2026
Қостанай облысы электр энергия тапшылығын «жасыл» энергетика арқылы қалай шешіп жатыр
18.11.2026
Google Орегондағы геотермалдық станциядан 50 МВт энергия сатып алады
18.11.2026
Amazon Үндістандағы жаңартылатын энергетикаға тағы $7 млрд бөледі
17.11.2026
АҚШ-тағы энергия жинақтау жүйелерінің көлемі 200 ГВт·сағ-тан асты
17.11.2026
Garmin күн панелі бар смарт-сағатты патенттеуде
16.11.2026
Ливан үкіметі газ бен ЖЭК-ке басымдық беретін электр энергетикасын дамыту жоспарын мақұлдады
16.11.2026
Түркіменстанның шалғай елді мекендерінде 10-ға дейін шағын күн электр станциясы салынады
16.11.2026
Түркия мен Қытай шамамен $15 млрд инвестицияны көздейтін ЖЭК саласындағы меморандумға қол қойды
13.11.2026
Грекияда қуаты 251,9 МВт күн электр станциясы мен энергия жинақтау жүйесінің құрылысы басталды
13.11.2026
Acwa 2029 жылы Түркияда екі күн электр станциясын іске қосады
12.11.2026
Арман Шайханов «KOREM» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды
12.11.2026
RWE мен KKR Ұлыбританияның теңіз жел энергетикасына шамамен 12 млрд фунт салады
12.11.2026
Гутерриш COP31-де климаттық әділеттілік пактісін жасасуға шақырды
12.11.2026
COP31-де Қазақстанда екі жел электр станциясын салу туралы келісімдерге қол қойылды
11.11.2026
Қазақстан мен Германия ЖЭК пен жасыл сутегіні дамытуды талқылады
11.11.2026
Сергей Алеев ЖЭК қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығын басқарады
11.11.2026
Ерлан Ақкенженов Құрылтайға баламалы энергия көздері жөніндегі түзетулерді таныстырды
11.11.2026
Ресейдің Омбы облысында алғашқы жел электр станциясын салу жоспарланып отыр
11.11.2026
Қазақстанда ЖЭК-тен электр энергиясын өндіру он жылда 16 еседен астам өсті