Білім және ғылым

Білім және ғылым23.12.2023

Qazaq Green Expedition - 2023


Автор: Айдар Жолшоринов, «ОАОЭК Green Energy» ЖШС директорының даму және коммерция жөніндегі орынбасары 

Өз қызметінде «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығы мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдерінің кездесу алаңдарын ұйымдастыра отырып, талқылау үшін түрлі форматтарды пайдаланады. Мысалы, Qazaq Green Expedition іскерлік экспедициясы дәстүрлі іс-шара болып табылады. Экспедиция алғаш рет 2022 жылы өтті, ал оның бағыты Ақмола облысының ЖЭК бірқатар станцияларына баруды және Бұйратау МҰТП-да лагерь құруды көздеді. Экспедиция жел парктерінің жұмысымен танысуды, жолдан тыс жерде көп шақырымдық джиппингті, дала жағдайында ЖЭК-ті одан әрі дамыту жолдарын талқылауды қамтыды. Жыл бойы алдыңғы экспедицияға қатысушылар осындай жұмыс форматын жалғастыру қажеттігі туралы пікір білдірді. Сондықтан осы жылдың қыркүйек айының соңында Qazaq Green Expedition – 2023 экспедициясы ұйымдастырылды.


Маусымдылыққа және ауа температурасының, әсіресе түнгі уақытта біртіндеп төмендеуіне байланысты биылғы экспедиция бағыты өзгертіліп, Ақмола облысының Аршалы ауданындағы жел паркіне баруды және Бурабай ауданындағы «KEGOC» АҚ оқу орталығында орналасуды қамтыды.



ОАОЭК Green Energy жел станциясы

Экспедиция «ОАОЭК Green Energy» ЖШС-нің Астана ЭКСПО-2017 жел паркіне барудан басталды. Жел паркінің белгіленген қуаты 100 МВт құрайды, орналастырудың оңтайлы нұсқалары, ресурстық әлеуеті тұрғысынан Ақмола облысының Аршалы ауданы таңдалды.

Жел электр станциясының құрылысы әрқайсысы 50 МВт екі іске қосу кешенімен жүзеге асырылды. Бірінші іске қосу кешені 2019 жылғы 26 тамызда сәтті пайдалануға берілді, екінші іске қосу кешенін іске асыру 2020 жылғы 26 қарашада аяқталды. Жел турбиналарын орналастыру схемасын таңдау үшін компания 2011 жылдан бастап жел электр станциясының алаңындағы жел әлеуеті туралы деректерді талдады. Бұған қоса, өзінің метеорологиялық діңгегі орнатылды, ол арқылы 7 млн. астам жел өлшеуі жүзеге асырылды.

Компания жобаны іске асыру шеңберінде алдыңғы қатарлы технологиялары бар жел турбиналарын өндіру бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі – Vestas компаниясы шығарған жел турбиналарын қолданды.

Тікелей жел турбиналарына қызмет көрсетуді жел генераторларын өндірушінің еншілес компаниясы «Вестас Қазақстан» ЖШС ұзақ мерзімді келісімшарт шеңберінде жүзеге асырады, оның штатында жабдықтар зауытында арнайы дайындалған және қажетті оқытудан өткен персоналы бар. Бұдан басқа, келісімшарт шеңберінде жабдықтың сенімді және үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін қажетті қосалқы бөлшектер қоймасын қалыптастыру жүзеге асырылды.

Жобаны жүзеге асыру барысында компания жалпы ұзындығы шамамен 16 километр болатын 220 мың вольтты электр берудің әуе желісі, Siemens өндірісіндегі қуаты 80 000 киловольт-ампер екі күштік трансформаторы бар 220/35/10 киловольтты көтеретін қосалқы станция, жалпы ұзындығы шамамен 90 километр болатын 35 киловольтты кабельдік желілер, жалпы зауыттық шаруашылық объектілері, оның ішінде диспетчерлік басқару пункті бар әкімшілік-тұрмыстық кешен құрылысы, сондай-ақ 25 шақырымға жуық автомобиль жолдары іске асырылды.

Жобаның алғашқы іске қосу кешенінің 15 жел турбинасының әрқайсысының мұнараның биіктігі – 84 метр, ротордың диаметрі – 112 метр. Әрбір жел турбинасының номиналды қуаты 3,45 МВт құрайды. Қолданылған жел турбиналары өте төмен температуралық режимдерде жұмыс істеуге арналған.

2-ші іске қосу кешенін іске асыру шеңберінде Vestas өндірген жел турбиналары да орнатылды, олардың саны – 14 бірлік, әрқайсысының қуаты – 3,45 МВт, мұнараның биіктігі – 80 метр және ротордың диаметрі – 117 метр.

Айта кету керек, компания қолданған жел турбиналары Италия, Испания, Дания порттарынан теңіз және құрлық жолдары арқылы алты мың шақырымнан астам жеткізу бағытын еңсерді (толығырақ жазу)

Электр энергиясын өндірудің болжамды көлемі жылына шамамен 300 млн. киловатт-сағатты құрайды, бұл 10 000-нан астам отбасын экологиялық таза энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл ретте электр энергиясын өндірудің жоспарланып отырған көлемі қатты отынды пайдалануды жылына 80 мың тоннаға қысқартуға, парниктік газдар шығарындыларын жылына 230 000 тоннаға төмендетуге ықпал етеді, бұл сол уақыт кезеңінде 113 000-нан астам автомобиль шығарындыларының көлемінен асып түседі.


Qazaq Green экспедициясы – ЖЭК бойынша пікірталас алаңы

Green Energy ОАОЭК жел станциясына барғаннан кейін экспедиция Бурабай ұлттық паркіне бағыт алды, онда «KEGOC» АҚ оқу орталығында екі күн ішінде жаңартылатын энергетиканы дамытудың өзекті мәселелері бойынша пікірталастар ұйымдастырылды.


«2023 жылғы 01 шілдеден бастап ЖЭК электр станцияларының жұмыс тәжірибесі негізінде ЭТН-ті енгізумен ЖЭК үшін жаңа проблемалар. Шешу жолдары» атты бірінші пікірталас шеңберінде қатысушылар бірқатар проблемалық тұстарды атап өтті. Атап айтқанда, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап іске қосылатын жобалар үшін оң және теріс теңгерімсіздіктер бойынша ЖЭК тарифіне есеп айырысу үшін коэффициенттердің болмауы, бұл ағымдағы жылғы қарашада аукциондарға дайындық шеңберінде инвесторлар үшін белгісіздік қалыптастырады. Бұған қоса, ауытқулардың ықтимал диапазоны бойынша нормативтік бекітілген норма жоқ. Осы параметрлерді анықтау үшін қатысушылар «ЖЭК жөніндегі ҚЕАО» ЖШС-ге ЭТН шеңберінде ЖЭК объектілерінің ауытқулары статистикасы бойынша ақпаратты жеткізу және қорытындылары бойынша ЖЭК жаңа жобалары үшін қолайлы ауытқу коэффициенттері мен диапазондарын талқылау туралы өтінішпен жүгінді.


«Жаңа шындықта ЖЭК екіжақты келісімшарттарын нарығының (корпоративтік РРА) дамыту» талқылауы шеңберінде экспедицияға қатысушылар қазіргі уақытта ЖЭК-тің генерациялаушы объектілері, тұтынушы және бірыңғай сатып алушы арасындағы өзара қарым-қатынасты реттейтін қандай да бір ережелер жоқтығын атап өтті. Бұдан басқа, екіжақты келісімшарттар бойынша жобалар үшін реттеуші қуаттардың болуы бойынша «KEGOC» АҚ жүйелік операторының талаптары мәселесі де талқыланды.

Атап айтқанда, жүйелік оператордың өкілдері 2023-2029 жылдарға арналған электр энергиясы мен қуатының бекітілген болжамды теңгеріміне сәйкес 2025 жылға қарай реттеу қуатының тапшылығы 1364 МВт деңгейінде болжанып отырғанын атап өтті. Қазірдің өзінде электр желілері ай сайынғы тапшылық режимінде жұмыс істейді, бұл тұтынушыларға шектеулер енгізу қажеттілігін тудырады.


ЖЭК-ті дамыту перспективаларын талқылау шеңберінде экспедицияға қатысушылар қазақстандық электр энергетикасы қауымдастығының тапсырысы бойынша электр энергетикасы саласының іскерлік қоғамдастығының бастамасы бойынша іске асырылатын ағымдағы сәтте әзірленіп жатқан 2035 жылға қарай электр энергетикасы саласын дамыту стратегиясын талқылады. Стратегия электр энергиясын өндіру мен тұтынуды дамытудың негізгі кезеңдерін көрсетіп қана қоймай, мемлекеттің, бизнестің және халықтың мүдделерін және түпкілікті тұтынушылар үшін тарифтерге әсерін ескере отырып, саланың одан әрі дамуына экономикалық баға беруі тиіс. Жұмыс ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.

«Qazaq Green» ЖЭК мектебі

Экспедиция жұмысымен қатар «KEGOC» АҚ оқу орталығында «Qazaq Green» ЖЭК мектебінің 3-ші жиыны оқудан өтті. Бұл жолы ЖЭК мектебіне жеке сектор, мұнай-газ секторы, консультациялық компаниялардың сарапшылары қатысты. ЖЭК мектебінің бұл жиынының бірегейлігі – білім алушылар қолданыстағы ЖЭК объектісіне бара алады, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздері секторының өкілдерімен – инвесторлармен, әзірлеушілермен, жабдықтарды жеткізушілермен, сектордың дамуын реттейтін мемлекеттік құрылым өкілдерімен әңгімелесе алады.

Оқыту барысында сала сарапшыларынан ЖЭК секторын заңнамалық реттеу, ҚР БЭЖ-де ЖЭК секторын интеграциялаудың өзекті мәселелері, күн парктері мен жел қондырғыларының жұмыс қағидаттары, ЖЭК жобаларын іске асырудың экономикалық көрсеткіштері, ESG-саясат саласында бірегей білім алынды.

«Qazaq Green» ЖЭК мектебі ЖЭК дамыту мәселелеріне қызығушылық танытқан барлық сарапшы-практиктердің білікті білімдерін жеткізу арқылы маңызды функцияны орындайды. Негізгі тыңдаушылар – ЖЭК технологияларын өз қажеттіліктері үшін енгізуді жоспарлап отырған жеке компаниялардың өкілдері екендігі қуантады. Бұл еліміздің экономикасын көміртексіздендіруге маңызды үлес қосатынына сенімдіміз», – деп атап өтті «Qazaq green» ЖЭК қауымдастығының Басқарма төрайымы Айнұр Соспанова.

16.05.2024
Күн энергиясын сақтау үшін жанартау күлін пайдалану ұсынылды
16.05.2024
Күн энергиясының көмегімен 1000°C-ден жоғары температура алынды
14.05.2024
Латвияда 115 млн еуро сомасына электромобильдерді зарядтауға арналған үлкен желі салынады
14.05.2024
Ember: ЕО-да алғаш рет қазба отынынан электр энергиясын өндіру үлесі 25%-дан төмен болды
13.05.2024
Қырғызстан ЖЭК дамытуға 80,2 млн доллар кредит алады
13.05.2024
Әлемдегі алғашқы жасанды энергетикалық аралдың құрылысы қарқынды жүріп жатыр
13.05.2024
Біз сусыз қаламыз ба? Неліктен Қырғызстанда да су тапшылығы пайда болды?
10.05.2024
Ауадан электр энергиясын өндіретін ақуыз талшықтары жасалды
10.05.2024
ЕО Қазақстанмен ЖЭК саласында ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі – елші
10.05.2024
Магманың өзіне дейін бұрғылау: қауіпті жоспар геотермалдық энергияны аса маңызды сызықтарға шығарады
09.05.2024
Ember: ЖЭК 2023 жылы әлемдік электр генерациясының рекордтық 30%-ын қамтамасыз етті
09.05.2024
Жердің тереңінен шыққан энергия – Орталық Азия елдерінде геотермалдық энергияны пайдаланудың қандай пайдасы бар?
09.05.2024
Климаттың өзгеруіне қарсы күрестің тиімділігі бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 67-ден 60-орынды ғана иеленді
06.05.2024
Англияда сусыз инновациялық гидроэнергетикалық қойма салынады
06.05.2024
Шымкенттің кәріз ағындарын қалай электр энергиясына түрлендіреді
06.05.2024
Eurostar 2030 жылға қарай барлық пойыздарды ЖЭК-ке ауыстыруға ниетті
06.05.2024
Ресейде нанотехнологиялардың көмегімен күн батареялары жетілдірілді
04.05.2024
Жел турбиналарының «әлемдегі алғашқы» ағаш қалақтары Германияда орнатылды
04.05.2024
АҚШ-та натрий-ионды аккумуляторлардың алғашқы сериялық өндірісі пайда болды
04.05.2024
Ташкент инвестициялық форумында Камбаратин ГЭС-1 құрылысының жобасы ұсынылды