Білім және ғылым

Білім және ғылым05.05.2022

Майнинг гамбиті

ҚР Энергетика министрлігінің ресми ұстанымына сәйкес 2021-2022 жылдары күзгі-қысқы кезеңде БЭЖ-де электр энергиясының тапшылығы цифрлық майнингтарапынан тұтынудың қарқынды өсуіне байланысты қалыптасты. Атап айтқанда, жүйелік оператор тапшылықтың туындауының негізгі факторлары электр станцияларындағы жоғары апаттылықжәне өткен жылы 6%-дан асып кеткен электрэнергиясын тұтынудың айтарлықтай өсуі болып табылатынын хабарлады, бұл соңғы жылдардағы көрсеткіштерден 3 есе артық. Салыстыру үшін, 2020 жылы электрэнергиясын тұтынудың өсімі 2%-ды, 2019 жылы 1,9%-ды құрады.

Электр энергиясының тапшылығы жағдайында, халықты және ел экономикасын үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында «KEGOC» АҚ электр станцияларымен және энергия жабдықтаушы уйымдармен бірлесіп, Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес майнинг дата-орталықтарына электр энергиясын жоспарлы жеткізуді төмендету бойынша шаралар қабылдады.

Атап айтқанда, мысалы, «KEGOC» АҚ 2022 жылғы 24-31 қаңтар аралығында цифрлық майнингті жүзеге асыратын тулғаларға электрэнергиясын жоспар­лы жеткізуден толық бас тартылғаны туралы (Нур-Султан уақыты бойынша толық шектеу 00:00-ден 24:00-ге дейін) хабарлады. 

Бұрын хабарланғандай, «сұр» майнерлер шамамен 1000-1200 МВт электр энергиясын тұтынатын барлық майнинг фермаларының жартысын құрайды.

Қытай билігі ел аумағында криптовалютаны кез келген пайдалануға, содан кейін криптовалютаға инвести­ция салуға тыйым салғаннан кейін өз фермалары үшін жаңа орындар іздеуге мәжбүр болған көптеген майнерлер үшін Қазақстан пана болды. Майнинг өндірісімен айналысатын көптеген қытайлық компаниялар жабдықты өте арзан сатты, өйткені олар ойыннан толық шыға бастады. Нәтижесінде машиналардың көпшілігі Қазақстанныңсұр майнинг аймағында орналасты.

Жағдайды түзету мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев Қаржы мониторингі агенттігіне 15 наурызға дейінгі мерзімде Қазақстандағы барлық майнинг фермаларын анықтауды, криптовалюта өндіру салығын он есеарттыруды, ал ҚР Үкіметіне ағымдағы жылдыңі сәуіріне дейін саланы одан әрі реттеу бойынша шешім пакетін ұсынуды тапсырды.

Осы тапсырманы орындау мақсатында ҚР Үкіметі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) түзетулер енгізуге бастамашылық жасады, олардың жобасына сәйкес төлем мөлшерлемесі:

•       Қазақстан Республикасыныңэлектр энергетикалық ресурстарын пайдалану кезінде электр энергиясының 1 киловатт-сағатына 10 теңге мөлшерінде;

•       Қазақстан Республикасының жаңартылатын электр энергиясы көздерін пайдалану кезінде электр энергиясының

1 киловатт-сағатына 3 теңге мөлшерінде (суэлектр станциясын қоспағанда);

•       шектес мемлекеттердің энергия жүйелерінен электр энергиясын пай­далану кезінде электр энергиясының 1 киловатт-сағатына 5 теңге мөлшерінде анықталады.

Әзірлеушілердің ақпараты бойынша, бұл шара майнингтен бюджетке ақша қаражатының түсуін ұлғайтуға мүмкіндік береді, сондай-ақ майнинг фермаларының электр энергиясын бақылаусыз тутынуын қысқартады.

«Сұр» майнерлерді іздеу шаралары көп күттірмеді. Мысалы, ақпан айының ортасында бес күн ішінде Қазақстанның сегіз өңірінде жалпы куаты 202 мегаватт болатын он үш майнинг фермасы анықталды. Қарағанды облысында жалпы куаттылығы 31,3 мегаватт, Павлодар облысында - 22 мегаватт, Түркістан облы­сында - 3,28 мегаватт, Ақмола облысында - 1,03 мегаватт, Қостанай облысында - 0,82 мегаватт, астанада - 1,8 мегаватт, Алматыда - 3,5 мегаватт, Шымкентте - 4 мегаватт цифрлык, майнинг бойынша қызметті жүзеге асыру фактісі анықталды.

Сонымен қатар,үстіміздегі жылдың наурыз айының басында ҚР Энергетика министрлігі «Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық, жобасын усынды. Осы бұйрықтың жобасы Қазақстанда заңды цифрлык, майнингті дамыту бөлігінде маңызды түзетулерді қамтиды. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.-Ж. Тоқаев 2022 жылғы 8 ақпанда ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде Мемлекет «ақ» майнингке қарсы емес екенін атап өтті. Бул ретте, осы салада жумыс істегісі келетіндердің тиісті лицензиясы болуы, электр энергиясын барабар тарифтер бойынша алуы,табыстарын декларациялауы және салықтөлеуі, жасыл энергетика жобаларын іске қосуы тиіс.

Қаралып отырған бұйрық жобасы криптовалюталардың заңды цифрлык, майнингін жүзеге асыратын компаниялар үшін электр энергиясын жоспарлы жеткізу бойынша шектеулерді төмендетуге бағытталған шараларды болжайды, мысалы, меншік куқығында жабдыққа ие болу, салықоргандарында есепке туру,энергия беруші уйым арқылы желілерге қосылу, ақпараттык, қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органды хабардар ету, техникалык, шарттардың болуы жүйелік оператормен келісілген желілерге қосылу, әкелінген жабдықты кедендік декларациялау жөніндегі кужаттардың болуы.

Заңды цифрлык, майнинг компаниялары көптеген басқа кәсіпкерлік субъектілері сияқты электр энергиясын турақты тутынуды қамтамасыз ететін энергия жүйесінің қатысушылары екенін түсіну қажет. Мемле­кет басшысының майнинг салығын ұлғайту жөніндегі тапсырмаларын ескере отырып, бул компаниялар өңірлерде жоғары білікті жумыс орындарын құрудан басқа,жақын арада өсетін салық аударымдары түрінде бюджетке үлес қосады.

Алайда, электр энергиясының тапшылығы, майнинг дата-орталықтарына электр энергиясын жеткізуді шектеу бо­йынша ағымдағы жағдайды ескере отырып, инвесторлар басқа тарифтері бар, бірак, АҚШ, Канада, Оңтүстік Америка елдері сияқты инвестициялық тәуекелдері аз елдерде орналастыруды іздестіру бойынша белсенді күш салуда.  




16.05.2024
Күн энергиясын сақтау үшін жанартау күлін пайдалану ұсынылды
16.05.2024
Күн энергиясының көмегімен 1000°C-ден жоғары температура алынды
14.05.2024
Латвияда 115 млн еуро сомасына электромобильдерді зарядтауға арналған үлкен желі салынады
14.05.2024
Ember: ЕО-да алғаш рет қазба отынынан электр энергиясын өндіру үлесі 25%-дан төмен болды
13.05.2024
Қырғызстан ЖЭК дамытуға 80,2 млн доллар кредит алады
13.05.2024
Әлемдегі алғашқы жасанды энергетикалық аралдың құрылысы қарқынды жүріп жатыр
13.05.2024
Біз сусыз қаламыз ба? Неліктен Қырғызстанда да су тапшылығы пайда болды?
10.05.2024
Ауадан электр энергиясын өндіретін ақуыз талшықтары жасалды
10.05.2024
ЕО Қазақстанмен ЖЭК саласында ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі – елші
10.05.2024
Магманың өзіне дейін бұрғылау: қауіпті жоспар геотермалдық энергияны аса маңызды сызықтарға шығарады
09.05.2024
Ember: ЖЭК 2023 жылы әлемдік электр генерациясының рекордтық 30%-ын қамтамасыз етті
09.05.2024
Жердің тереңінен шыққан энергия – Орталық Азия елдерінде геотермалдық энергияны пайдаланудың қандай пайдасы бар?
09.05.2024
Климаттың өзгеруіне қарсы күрестің тиімділігі бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 67-ден 60-орынды ғана иеленді
06.05.2024
Англияда сусыз инновациялық гидроэнергетикалық қойма салынады
06.05.2024
Шымкенттің кәріз ағындарын қалай электр энергиясына түрлендіреді
06.05.2024
Eurostar 2030 жылға қарай барлық пойыздарды ЖЭК-ке ауыстыруға ниетті
06.05.2024
Ресейде нанотехнологиялардың көмегімен күн батареялары жетілдірілді
04.05.2024
Жел турбиналарының «әлемдегі алғашқы» ағаш қалақтары Германияда орнатылды
04.05.2024
АҚШ-та натрий-ионды аккумуляторлардың алғашқы сериялық өндірісі пайда болды
04.05.2024
Ташкент инвестициялық форумында Камбаратин ГЭС-1 құрылысының жобасы ұсынылды