Білім және ғылым

Білім және ғылым22.12.2021

«Жасыл университет» тұжырымы арқылы «жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасын дамыту

Маратбек Габдуллин, Қазақстан-Британ техникалық университеті ректорының міндетін атқарушы, физи­ка-математика ғылымдарының кандидаты,PhD

Қазақстан-Британ Техникалық Университеті (ҚБТУ) – шетелдік жоғары оқу орындары meh серіктестер арасындажоғары беделге иежәнетанымал қазақстандық білім беру көшбасшысы.

Қазақстан-Британ Техникалық Университетіне 20 жыл

«Қазақстан-Британ техникалықуниверситеті» акционерлік қоғамы («ҚБТУ» АҚ) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес құрылды. 2001 жылдың 3 тамызында Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1027 «Қазақстан-Британ техникалық университетін (ҚБТУ) құру туралы» қаулысы шықты.

QS ЕЕСА рейтингі бойынша ҚБТУ бүгінде Қазақстан мен Орталық Азияның үздік жоғары оқу орындарының ондығына кіреді. ҚБТУ студенттері үнемі халықаралық олимпиадалар мен конкурстардың финалистері атанады. ҚБТУ профессорлық-оқытушылық құрамына жетекші шетелдік профессорлар мен «Болашақ» бағдарламасының түлектері, өнеркәсіптік мамандар, шетелдік университеттер мен ҚБТУ түлектері кіреді.

ҚБТУ білім беру бағдарламаларының басым бөлігін халықаралық агенттіктер аккредиттеген: «Қаржы» бағдарламасы АССА «Дипломды сертификатталған бухгалтерлер қауымдастығының» халықаралық аккредиттеуіне ие болды; Қазақстан мен Орталық Азиядағы жалғыз ресми танылған «Қаржылықталдаудағы магистр» бағдарламасы АҚШ-тың CFA (Chartered Financial Analyst) Institute агенттігі, сондай-ақСІМА (Chartered Institute of Management Accountants) халықаралық аккредиттеуін алды. ҚБТУ 2019-2020 оку жылында ұзартылған ҚБТУ бизнес-мектебіне ACBSP халықаралық аккредиттеуінен растау алып, өз бағдарламаларының сапасын растады. Университет ҚБТУ-дың АТ-мамандықтарының  білім беру бағдарламаларын ABET аккредиттеген ҚР мен ТМД-дағы жалғыз жоғары оку орны болып табылады және AT факультетініңстуденттері жыл сайын ACM ІСРС бағдарламалау бойынша халықаралық олимпиадалардың және басқа да беделді жарыстардың жүлдегерлері атанады.

Қазақстандағы Лондон университетінің (Үлыбритания) Teachіng Center of Excellence University of London жалғыз үлестес орталығы болып табылатын ҚБТУ-дың бірегей халықаралық экономика мектебін атап өту қажет. Студенттер ҚБТУ халықаралық экономика мектебінде бакалавриатта оқып, ҚБТУ жэне University of London қос дипломын алады. ҚБТУ ҚР және шетелдің жетекші жоғары оку орындары мен жаңа және қолданыстағы мамандықтар бойынша қосдипломды бағдарламалар тізімін кеңейтеді. Мәселен, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен бірлесіп «Биоинформатика» магистратурасы іске қосылады, шетелдік студенттер 20192020 жылдары Shanghai Polytechnic University (ҚХР) «MBA in Finance» магистратура бағдарламасы бойынша білім алды, «Органикалық заттардыңхимиялық инженериясы» магистранттары Ecole Nationale Superieure des Mines de St-Etienne (Франция) тағылымдамадан жэне оқудан өтті, сондай-ақ ҚР БҒМ және Франция БҒМ шәкіртақысы бойынша сол ЖОО-ға докторантураға окуға түсті.

ҚБТУ Harvard Business School үлестес мүшесі және экономика бойынша Нобель сыйлығыныңлауреаты Майкл Портер негізін қалаған микроэкономика жэне бәсекеге қабілеттілікжөніндегі хал ы карали к; желідегі Қазақстаннан жалғыз өкіл болып табылады.

Уфа мемлекеттік мұнай техн и кал ы қ ун и верситеті мен (Ресей) бірлесіп магистратура деңгейінде қос дипломды бағдарламаларжұмыс істейді. 2018жылдан бастап Eni Agip Karachaganak қолдауымен Eni corporate university,Турин политехн икал ы қ у н и верситеті жэне Милан политехи икал ық университет сияқты итальяндықәріптестермен мұнай-газ ісі бойынша бірлескен магистрлік бағдарлама жұмыс істейді. Студенттер, магистранттар мен докторанттар Зохр кен орнында (Египет) тегін тағылымдамадан өтті. Нақты тәжірибемен білім алу мақсатында «Органикалық заттарды ң хи м иялық и нженериясы» мамандығының студенттері шетелде мұнай-химия компанияларында, Rompetrol-да («Петром идиа», Румыния) жыл сайын тағылымдамадан өтеді. ҚХР Президент Си Цзиньпинніңбастамасымен ҚХР және ҚР екі ел бағдарламасы аясында ғылыми зерттеулерді дамыту үшін 2018 жылы ҚБТУ ПекиндегІ Қытай мұнай университет базасында Қазақстан-Қытай орталығын ашты.

Бір семестрге немесе бір жылға үздік студенттермен алмасу бағдарламалары, бакалаврлар уш ін 2+2 жэне магистрлер үшін 1+1 бірлескен оқу бағдарламалары, бірлескен зерттеу жобалары жэне т.б. қолданылады.

ҚБТУ «ЖАСЫЛ УНИВЕРСИТЕТ»

Бүгінгі таңда әлемдік қоғамдастықтын, қоршаған ортаны сақтау үрдісі даусыз және экология әлемдік экономиканың тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуде жетекші рөл атқарады. Экологиялық ахуалды жақсартуға, жүмыс орындарындағы қауіпсіздікті арттыруға, қалдықсыз өндіріске бет бұра отырып, экономикалық қызметтің жаңа түрлерінің пайда болуына және өмір сүру сапасын арттыруға ықпал ететін технологияларды әзірлеу және енгізу өзектілігі күн сайын артуда. Сондықтан негізгі міндеттердің бірі экологиялық мәдениетті қалыптастыру, халықарасын да білімді тарату және Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) басымдықтарында белгіленген экология саласындағы барлық бастамаларды қолдау болып табылады. Жаһандық экономиканың «жасыл» экономикаға, энергетика мен технологиялардың «жасыл» технологияларға көшу процесінде жоғары білім ғылыми зерттеушілер мен сарапшылардың жаңа буынын даярлау, сондай-ақ бала малы энергетика және экология саласындағы әзірлемелерді енгізу мақсатында мәдениет пен ортаны қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Қазақстан-Британ техникалық университеті БҰҰТДМ ұстанады және «Жасыл университет» тұжырымдамасын декларациялайды, оның мақсаты білім жинақтау, жаңа технологиялар әзірлеу, инновациялық қызметті ұйымдастыру, жетекші сарапшылармен және мемлекеттікоргандармен берік байланыстар орнату үшін индустриямен және халықаралық әріптесжоғары оқуорындарымен университет базасында алаң құру болып табылады, олардың бастамалары студенттер, қызметкерлер арасында экологиялық мәдениетті іске асыруға және Қазақстан аумағында үздік тәжірибелерді таратуға алып келеді.

ҚБТУ қаржыландыруды тартумен бірлескен жобалар мен ҒЗТКЖ құру және іске асыру бойынша инновациялықжәне білім беру қызметін одан әрі кушейтіп, алдына мынадай міндеттер қояды:

•             ҚБТУоқытушылары, қызметкерлері мен студенттерін «Жасыл университет» түжырымдамасын іске асыруға тарту

•             ҚБТУ-дың экологиялық инфрақұрылымын жақсарту үшін инвестициялар тарту

•             Экология және ЖЭК саласында инновациялық білім беру бағдарламаларын енгізужәнеоларды қолдау

•             «Жасыл университет» түжырымдамасын іске асыруға жаңа серіктестер тарту

•             Қазақстанда «Жасыл университет» тұжырымдамасының нәтижелерін халықаралық деңгейге шығару және тарату 2021 жылы ҚБТУ «Жасыл» экономика және G-Global дамыту коалициясы» республикалық байқауына қатысты, оның мақсаты экологиялық тәжірибелер мен ресурстарды үнемдеу технологияларын құратын жәнетарататын «үздік «жасыл» кеңсе» номинациясында индустрия, білім беру мекемелері мен бизнестің үздік өкілдерін анықтау болды. Байқауға он бағыт бойынша жүзден астам өтінім қатысып,оның ішінде ЗО жеңімпаз анықталды. Жүз ізденуші арасынан ҚБТУ ҚР білім беру саласындағы «үздік «жасыл» кеңсе» номинациясында үздік деп танылды. Бұл жеңіске ҚБТУ-дың көп жылдар бойы Бала малы энергетика және нанотехнологиялар ғылыми-білім беру орталығы (БЭжН ҒБО) шеңберінде жаңартылатын энергия көздері саласында ғылыми жүмыс жүргізуінің, сондай-ақ университете жаңа технологияларды енгізу мен пайдаланудыңжәне бүкіл университет қоғамдастығының «жасыл» энергетикаға көшутүжырымдамасын қолдауының арқасында қол жеткізілді.

«ЖАСЫЛ» ЭКОНОМИКАҒА АРНАЛҒАН НАНОТЕХНОЛОГИЯЛАР

Нанотехнологиялар зертханасы Қазақстан-Британ техникалық университетінде профессор К.Х. Нүсіповтің жетекшілігімен 2011 жылғы 2 мамырда құрылды, 2018 жылғы 15 қазанда Баламалы энергетика және нанотехнологиялар ғылыми-білім беру орталығы (БЭжН ҒБО) болып қайта құрылды. БЭжН ҒБО базасында білім беру бағдарламаларының барлықүш деңгейі жүмыс істейді: 2011 жылдан бастап жұмыс істейтін докторантураның білім беру бағдарламасы (ББ), «Нанотехнологиялар және наноматериалдар (салалар бойынша)», «Нанотехнологиялар және наноматериалдар (салалар бойынша)» магистратура ББ. Магистранттардың алғашқы жинағы 2018 жыл ы және бакалавриат! ң «Инженерлік физика және жаңа материалдар технологиясы» атты жаңа білім беру бағдарламасы 2021 жылы мерейтойға орай ашылды. Осы ББ бакалаврларының нақты жиынтығы қабылдау жоспарынан асып түсті. Бүл дұрыс бағытты,осы білім беру бағдарламасының өзектілігі мен қажеттілігін көрсетеді.

Сондай-ақ, БЭжН ҒБО-да бірегей әзірлемелер бар. Олардың бірі-бірегей көп сатылы жел қондырғысы (жел генераторы). Бұл Қазақстан Республикасының патенті, Еуропалық одақтың патенті және АҚШ патенті алынған, ҚБТУ-да әзірленген және жобаланған тиімділігі жоғары жел қондырғысы.

Қазақстандық өнертапқыш К.Х. НүсІповтІң жеделдету техникасы бойынша АҚШ патенті (NussupovKair Method and apparatus for the conveying and positioning of ion implantation targets, United States Patent. US 6,414,328 Bl. Ju 1.2,2002. 22 p.) әлемге әйгілі компаниялардың АҚШ патенттерінде «қарама-қарсы патент» ретінде берілген:

Varian Semiconductor Equipment Associates, Inc. (US8698104; және US20110108742);

-Axcelis Technologies, Inc. (US6794664; W02004090947A2; және W02004090947A3);

-             Twin Creeks Technologies, Inc. (US8044374; және US20100327181);

-             Vaxis Technologies Llc (US20110121207);

-             Atomic Energy Council Institute of Nuclear Energy Research (US6933511; және US20050104012-белгілі ғалымдар Kinzou Shinozuka (US6514146), Adam Alexander Brailove (US8089055);

-             Қытай патенттерінде (СМ103268850А; және CN103268850B).

Барлығы 14 патент.

ҚБТУ-да орындалған жобалар:

1.           «Төсеніштің жоғары температуралары кезінде жоғары жиілікті разряд плазмасындағы жұқа алмас үлдірлер синтезі», жетекші: ф.-м.ғ.д., профессор К.Х. Нүсіпов.

2.           «Күн технологиясы мен наноэлектроникаға арналған физикалық және химиялық әдістермен өсірілген аморфты және кристалды SiCx үлдірлерінің құрылымын қалыптастыру және параметрлерін модельдеу», жетекші: ф.-м.ғ.д., профессор Н.Б. Бейсенханов.

3.           «Алатау» ИТП АЭА-да электр станциясындағы екіжақты күн батареялары. Үш жыл бойы сәтті пайдалану. Салынған қаржы электр энергиясын өндіру нәтижесінде ақталды.

4.           Қапшағай көлініңжағасында көп сатылы жел қондырғысы.

5.           Әр түрлі мақсаттағы қатты үлдірлер (SiC, Si, Ті, TiN,Ta,TaN,W2N,Al, Си).

6.           ҚБТУ-да жеңіл және ауыр масса-бөлінген иондардың үдеткіші.

Ауыр иондардың үдеткіші наноқүрылымдарды синтездеу және р-п өтулерін құру үшін жаңартылады. Гранттық қаржыландыру шеңберінде ҒБО магистранттары мен докторанттары белсенді қатысатын ғылыми-зерттеу жобалары орындалуда. Ғылыми мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін жұқа қабықтарды синтездеу және зерттеу үшін ірі технологиялық және зерттеу қондырғыларының20-дан астам түрі бар. Жыл сайын жоғары рейтингілік журналдарда жарияланымдар шығады, сондай-ақ конференциялар мен форумдарға белсенді қатысады.

Көп сатылы жел қондырғыларын құру желдің кинетикалық энергиясын электр энергиясына түрлендіруге, баламалармен салыстырғанда көбірек қуат алуға бағытталған.

Жел энергиясын электр энергиясына түрлендірудің жоғары тиімділігіне қондырғының модульділігі арқылы қол жеткізіледі, онда желдің үдеуі әр модульде желдің бастапқы ағынын ұстап алу процесі, сонымен қатар виртуалды мойындары мен бір-біріне салынған конустық конфузорлары бар эжекция және Коанд аэродинамикалық әсері арқылы жүзеге асырылады. Оңтайлы аэродинамикалық өлшемдері бар кесілген конустар мен виртуалды мойындар жүйесі ауа ағынын осы конустардың негізіне перпендикуляр ғана емес, сонымен қатар осы конустардың бүйір бетінен де қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, 20 жылдық мерейтойына орай БЭжН ҒБО-да ҚБТУ студенттерінің бастамасы бойынша университетғимаратының қасбетін безендіретін «Күн ағашы» (Solar Tree) дайындалды. Бұл қуаты 0,5 кВт күн панельдері бар ағаш, оның бүтақтарының астында студенттержайлы тынығып, гаджеттерін арнайы USB розеткасы арқылы қуаттай алады. Ағаштың астында қосымша жабдық (батарея, зарядтау контроллері және инвертор) сақталатын шағын қорап орналасқан. Ағашта Эдисон шамдарымен сәндік жарықтандыру көзделген, олар қараңғыда қауіпсіздікті сезінуге және уақытты жақсы өткізуге көмектеседі.

ҚБТУ болашақта экологиялық таза энергия көздерін ұлғайту және заманауи технологиялық қаланың ландшафтық дизайнын жақсарту үшін осындай ағаштарды іске асыруды жоспарлап отыр. Мұндай жобалардың мақсаты экологиялық таза энергияның жаңартылатын көздерін күнделікті пайдалану үшін негізгі және қосымша көздер ретінде пайдалану болып табылады.

Оқу процесіне арналған үй-жайлармен, ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған зертханалармен, қазіргі заманғы кітапхана қорымен, студенттік жатақханалармен және қазіргі заманғы ақпараттық инфрақұрылыммен жабдықталған қазіргі заманғы жақсы жинақталған материалдық-техникалық базаның болуы білім беруде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізудің айқындаушы факторы болып табылады.

ҚБТУ ынтымақтастыққа ашық және ғылыми қызмет сапасын күшейтуге және 0рталық Азия,таяужәне алыс шетелдерге шығуға байланысты міндеттерді басымдыққа қояды:

•             Кәсіптік даму орталықтарын және Research & Development орталықтарын құру

•             Халықаралық компаниялармен және университеттермен ынтымақтастықта халықаралық жобалардың үлесін ұлғайту

•             Жоғары рейтингтік журналдардағы халықаралық жарияланымдардың санын арттыру

•             Ғылыми-зерттеу институттарының халықаралық желілеріне қатысу

•             ҚБТУ халықаралық зерттеушілерінің санын арттыру

•             Өнеркәсіп және бизнеспен халықаралық ынтымақтастықты күшейту

•             Халықаралық қызығушылық салаларындағы, оның ішінде Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) саласындағы, атап айтқанда, таза энергия көздері мен экологияны дамыту жөніндегі жобалардың санын ұлғайту.

16.05.2024
Күн энергиясын сақтау үшін жанартау күлін пайдалану ұсынылды
16.05.2024
Күн энергиясының көмегімен 1000°C-ден жоғары температура алынды
14.05.2024
Латвияда 115 млн еуро сомасына электромобильдерді зарядтауға арналған үлкен желі салынады
14.05.2024
Ember: ЕО-да алғаш рет қазба отынынан электр энергиясын өндіру үлесі 25%-дан төмен болды
13.05.2024
Қырғызстан ЖЭК дамытуға 80,2 млн доллар кредит алады
13.05.2024
Әлемдегі алғашқы жасанды энергетикалық аралдың құрылысы қарқынды жүріп жатыр
13.05.2024
Біз сусыз қаламыз ба? Неліктен Қырғызстанда да су тапшылығы пайда болды?
10.05.2024
Ауадан электр энергиясын өндіретін ақуыз талшықтары жасалды
10.05.2024
ЕО Қазақстанмен ЖЭК саласында ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі – елші
10.05.2024
Магманың өзіне дейін бұрғылау: қауіпті жоспар геотермалдық энергияны аса маңызды сызықтарға шығарады
09.05.2024
Ember: ЖЭК 2023 жылы әлемдік электр генерациясының рекордтық 30%-ын қамтамасыз етті
09.05.2024
Жердің тереңінен шыққан энергия – Орталық Азия елдерінде геотермалдық энергияны пайдаланудың қандай пайдасы бар?
09.05.2024
Климаттың өзгеруіне қарсы күрестің тиімділігі бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 67-ден 60-орынды ғана иеленді
06.05.2024
Англияда сусыз инновациялық гидроэнергетикалық қойма салынады
06.05.2024
Шымкенттің кәріз ағындарын қалай электр энергиясына түрлендіреді
06.05.2024
Eurostar 2030 жылға қарай барлық пойыздарды ЖЭК-ке ауыстыруға ниетті
06.05.2024
Ресейде нанотехнологиялардың көмегімен күн батареялары жетілдірілді
04.05.2024
Жел турбиналарының «әлемдегі алғашқы» ағаш қалақтары Германияда орнатылды
04.05.2024
АҚШ-та натрий-ионды аккумуляторлардың алғашқы сериялық өндірісі пайда болды
04.05.2024
Ташкент инвестициялық форумында Камбаратин ГЭС-1 құрылысының жобасы ұсынылды