Білім және ғылым

Білім және ғылым21.12.2022

ЖЭК саласындағы өзекті отандық әзірмелер. ЖЭК саласындағы цифрландыру

Жанар Нұрқанова, TGS-Energy LTD жоба менеджері

Атмосфералық ауаның ластануы Қазақстан экономикасына 110,5 млрд-тан астам шығын әкеледі (Дүниежүзілік банктің 2022 жылғы есептеулері бойынша).  Қорытынды: арзан көмір, егер оны қолданудың барлық салдарын ескерсек, соншалықты арзан емес.

Жасыл энергия бұл Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы №577 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдамаға сәйкес көміртегі бейтараптығына қол жеткізудің негізгі шарасы ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік қаражатты едәуір үнемдеу және экономикаға инвестициялар тарту мүмкіндігі (жылына шамамен 3 3-4 млрд. АҚШ доллары). Бұл ретте тұжырымдамада 2030 жылға қарай атом электр станциясының жалпы белгіленген қуаты 1,5 ГВт, ЖЭС қуаты 4,6 ГВт жэне КЭС қуаты 0,5 ГВт құрайды деп жоспарланған. Алайда, тужырымдамада, біздің ойымызша, энергетика саласын цифрландыру қажеттілігіне тиісті назар аударылмаған.

Бұл ретте мамандандырылған ІТ-сервистер ҚР БЭЖ сенімділігін арттыру, ЖЭК теңгерімсіздігін төмендету, Қазақстанның жасыл экономикаға көшуін жеделдету бойынша бірқатар міндеттерді шеше алады. Осы мақсатта ТГС компаниялар тобына кіретін және цифрландыруға маманданған «Жасыл технологиялар орталығы» ЖШС (ЖТО) қазіргі уақытта цифрлық электр станциясының (Digital Power Plant, қысқ. DPP) жобасын, Greenlight және INTECH Ғогесаst жобаларын әзірлеуде.

DPP бағдарламасының баламалары әлемде бұрыннан бар және көптеген дәстүрлі станцияларға пайдаланужәне техникалық қызмет көрсету шығындарын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндікбереді. Осылайша, General Electric халықаралық компаниясы әлемде алғашқылардың бірі болып электр станцияларында цифрландыруды енгізе бастады және қуаты 500 МВт ЖЭО үшін елеулі нәтижелерге қол жеткізді:



ЖЭК объектілерін цифрландыру олардың инвесторлар үшін де, станциялардың операциялық персоналы үшін де үлкен қаржылық тартымдылығына ықпал ететіні анық. Елдіңжалпы энергия жүйесінде ЖЭК объектілерін құратын теңгерімсіздіктер ауқымдыжәнежедел шешілетін міндет. Шаралардың бірі электр энергиясын жинақтау жүйесін (ЭЖЖ) салу болар еді, бірақ қазіргі уақытта ЖЭК объектілерін салужобаларыныңайтарлықтай қымбаттауына және соның салдарынан тарифтерді ұлғайту қажеттілігіне байланысты Қазақстан экономикасы мұндай технологиялық шешімдерге дайын емес.

ЖЭК секторындағы теңгерімсіздіктерді барынша азайтудың пәрменді қадамы ЖЭК объектілерінің электр энергиясын өндіруін сапалы болжау болып табылады. Осы проблеманы шешу мақсатында ЖТО Qazlnnovations қолдауымен отандық «ІnТесһ Forecast» ІТ-сервисін ұсынды, ол:

•       ЖЭК объектілерінің электр энергиясын өндіруді біртәулікбұрын болжаудың ыңғайлы сервисін ұсынады;

•       ЖЭК станциялары персоналыныңЖЭК қолдау бойынша жүйелік оператормен және ҚЕАО-мен өзара іс-қимылын автоматтандырады;

•       Тарихи метеодеректер мен электр энергиясын өндіру көлеміне негізделген жасанды интеллекттің тұрақты үйрететін үлгісін жасайды;

•       Нақты тәуліктік болжамдарды қалыптастыру есебінен Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің жұмыс істеу тиімділігін арттырады және олардың ҚР БЭЖ жұмысының сенімділігіне теріс әсерін азайтады.


ЖЭК саласын дамытуға ықпал ететін ішкі құралдардан басқа, қазақстандықтардың «жасыл экономикаға» көшуге деген адалдығын және олардың экология мәселелеріндегі хабардарлығын түсіну маңызды.

Мен жүргізген сауалнамаға сәйкес, сауалнамаға қатысқандардың шамамен 86%-ы ал олардың көпшілігі 30-60 жас аралығындағы қала тұрғындарына сауалнама жүргіздім, сауалнамаға қатысқандардың шамамен 86%-ы ЖЭК-ті көмір станцияларына қарағанда экологиялық таза балама ретінде түсінеді және 89%-ы таза электр энергиясын өндіруді ұлғайту керек деп санайды.

Сауалнамаға қатысқандардың жалпы санының 77% сауалнамаға қатысушылар ЖЭК-тен алынған электр энергиясын тұрмыс-тіршілікте, 35%-ы бүл жаңа саладан бизнеспен байланысты мүмкіндіктерді көреді және 36%-ы жеке электромобильдерін жасыл энергиямен қуаттағысы келеді. ЖЭК-ті қолдаушылардың 78%-ы жасыл энергияның құнын арзандату керек деп санайды

Жасыл энергия үшін артық төлеуге даярлық туралы айтар болсақ, мүнда «іс-жүзінде дәлелдегісі» келетіндердің пайызы төмендейді, бірақ оптимизмнен айырмайды -72%.

ЖТО кезекті ІТ-бастамасы бұл әрбір қазақстандыққа ел экологиясының пайдасына өзінің саналы таңдауын жасай отырып, смартфондағы қосымша арқылы жасыл энергияны сатып алуға мүмкіндік беретін GreenLight cepвиci. Бұған қоса, ол климаттың өзгеруі мен ауаның ластануы проблемасын көпшілікке жеткізуді мақсат етеді.

POWEREXPO ALMATY 2022 КӨРМЕСІНДЕ GREENLIGHT ЖОБАСЫНЫҢ ТҰСАУ КЕСЕРІ

Жаңа инвестициялық мүмкіндіктерді ашумен қатар, GreenLight отандастарымыздың экологиялық мәселелердегі белсенді азаматтық ұстанымын білдірудегі оң фактор болып табылады. Әрбір азамат Қазақстанның экологиялық сценарийіне өз ықпалын тигізе алады. Бүгін кедергілерді жеңетін және ЖЭК саласы үшін қосымша өсу факторларын тудыратын шешімдерді ұсынатын уақыт. Дербес салаға айналған және ағымдағы жылы 10 қарашада атап өтілетін өзінің дербес кәсіби мерекесіне ие болған цифрландыру Қазақстан мен Орталық Азия елдерінде ЖЭК жобаларын одан әрі дамытуға елеулі үлес қоса алады.        

Жоғарыда келтірілген статистика Қазақстанның жасыл энергияға көшуін өз еркімен қолдағысы келетіндердің жеткілікті екенін көрсетеді және бұл бізге осы салаға инвестициялаудың тағы бір арнасын ашуға мүмкіндік береді.

06.05.2024
Шымкенттің кәріз ағындарын қалай электр энергиясына түрлендіреді
06.05.2024
Eurostar 2030 жылға қарай барлық пойыздарды ЖЭК-ке ауыстыруға ниетті
06.05.2024
Ресейде нанотехнологиялардың көмегімен күн батареялары жетілдірілді
04.05.2024
Жел турбиналарының «әлемдегі алғашқы» ағаш қалақтары Германияда орнатылды
04.05.2024
АҚШ-та натрий-ионды аккумуляторлардың алғашқы сериялық өндірісі пайда болды
04.05.2024
Ташкент инвестициялық форумында Камбаратин ГЭС-1 құрылысының жобасы ұсынылды
03.05.2024
G7 елдері 2035 жылға қарай көмірден бас тарту туралы келісімге келді
03.05.2024
2032 жылға қарай Тәжікстан ЖЭК-ке толығымен көшуді жоспарлап отыр
03.05.2024
Африкада қалқымалы күн электр станциялары салынуда
02.05.2024
Оңтүстік кореялық компаниялар Астана, Алматы, Павлодар ЖЭО және Топар ГРЭС-ін жаңғыртуды жоспарлап отыр
02.05.2024
Көміртексіздендіру және тұрақты даму «Орталық Азия және Каспийдегі мұнай-газ химиясы және мұнай өңдеу» 11-ші конференциясының басты тақырыбына айналады
01.05.2024
Каспий теңізінің түбімен энергетикалық кабель тарту жобасы: Қазақстан, Әзірбайжан және Өзбекстан Энергетика министрлігінің басшылары меморандумға қол қойды
30.04.2024
Қытайда әлемдегі ең ірі толығымен электрлі контейнер тасушы кеме пайдалануға берілді
30.04.2024
Masdar Грузияда ірі күн электр станциясын салады
30.04.2024
Түркияда ЖЭК үлесі 50%-ға жақындады
29.04.2024
Acwa Power Қазақстанның Каспий маңы аймағында ЖЭК жобасын құрмақ
29.04.2024
Баварияда тік қалқымалы фотоэлектрлік жүйе құрылады
29.04.2024
Латвияда ең ауқымды күн электр станциясы 2 мамырда ашылады
29.04.2024
2024 жылы Жетісуда жаңартылған энергия көздері бағытында 4 жоба іске қосылады
26.04.2024
ЕАЭО-ның энергетикалық перспективалары көміртексіздендіруге ауысуды және климаттық күн тәртібінің басымдығын ескеруі тиіс