Экологиялық саясат

Экологиялық саясат02.12.2021

Қазақстандағы криптовалюталардың жасыл майнингі

IV өнеркәсіптік революция технологияларының жаһандық дамуы, оның ішінде интернеттің таралуы, өзекті ақпараттың қолжетімділігі, әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің пайда болуы адамзатқа кең мүмкіндіктер ашатын жаңа өмір салтын қалыптастырады.

Қазіргі уақытта әлемде ең перспективалы екі технология – блокчейн және жасанды интеллект қарқынды дамуда. Егер жасанды интеллект туралы қоғам ғылыми фантастикаға негізделген белгілі бір түсінікке ие болса, онда ел халқының аз бөлігі ғана блокчейн технологиясын түсінеді.

Блокчейн немесе таратылған тізілім технологиясы – деректерді шифрланған түрде сақтауға арналған орталықтандырылмаған, сенімді жүйе. Ол деректердің ашықтығы мен транспаренттілігін, тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Блокчейн-технологияларды қолдану аясы медицина, мемлекеттік басқару, спорт, мәдениет, қаржы сияқты маңызды салаларды қоса алғанда, күн сайын кеңеюде. Қаржы саласында блокчейн технологиясын пайдалану криптовалюталардың қарқынды дамуына серпін болды.

Криптовалюталар күрделі криптографиялық алгоритмдер жиынтығын орындау және блоктарда тізбектерді қалыптастыру үшін сыйақы ретінде пайда болды.

Әлемдегі ең танымал криптовалюта – биткоин, бастауын 2008 жылы алады. Сатоши Накамото лақап атымен белгісіз адам немесе адамдар тобы хаттаманың сипаттамасын және биткоиннің жұмыс қағидатын жариялаған кезде. Алғашқы іске қосу 2009 жылғы 3 қаңтарда жүргізіліп, оның барысында бірінші блок шығарылды және алғашқы 50 биткоин жасалды. Биткоиннің басты ерекшелігі және басты артықшылығы – оның шектеулі эмиссиясы 21 миллион биткоин құрайтынында. Осының арқасында сұраныс қамтамасыз етіледі және инфляция теңестіріледі.

Соңғы 10 жыл ішінде блокчейн технологиялары мен биткоин қаржылық қызметтерге балама көзқарас ұсыну арқылы әлемдік экономиканы өзгертті. Шектеулі эмиссиямен қорғалған және қолжетімді емес жүйе өсіп келе жатқан инвестицияларды тарта бастады. Қазір 1 биткоиннің құны (19.10.2021 ж. жағдай бойынша) 62 700 долларды құрайды және оның бүкіл криптовалюта нарығындағы үстемдігі 47.1%-ға тең. Бұл институционалды инвесторлар мен ірі ойыншылардың алғашқы криптовалюта өндірісіне деген үлкен қызығушылығын білдіреді.

Қазақстанда криптоиндустрияны дамыту мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрлық технологияларды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданды. Ағымдағы жылы Президент 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін цифрлық майнингке салық салу туралы заңға қол қойды, оны әзірлеуге Қазақстандық блокчейн-технологиялар қауымдастығы қатысты.

Криптоиндустрияны заңнамалық реттеу және электр энергиясының арзан құны, Кембридж баламалы қаржы орталығының деректері бойынша, Қазақстанның әлемдік есептеу қуаты бойынша әлемде екінші орынға шығуына әкелді. ҚХР-да криптоиндустрияға тыйым салу нәтижесінде Қытай мен басқа елдердің инвесторлары әлемдік деңгейдегі дата-орталықтарды өрістету және жергілікті кадр құрамын қалыптастыру үшін озық технологиялар мен білікті кадрлар алып, Қазақстанға қарай жылжи бастады.

Алайда, биткоин өндірудің технологиялық ерекшелігі бар. Жоғарыда айтылғандай, күрделі криптографиялық алгоритмдерді шешу үшін электр энергиясын тұтынатын жоғары өнімді жабдық қажет. Өндіріске деген қызығушылықтың артуы жабдықтың санын және нәтижесінде электр энергиясын тұтынудың өсуін арттырады. Бұл тапшылыққа біздің елімізде кезікті.

ҚР Энергетика министрлігі мәлімдегендей, елде тапшылық қалыптасуда, оны жаңартылатын энергия көздері (бұдан әрі - ЖЭК) есебінен толтыру қажет. Министр Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, ведомство Қазақстанда ЖЭК үлесін 2025 жылға қарай ағымдағы 3%-дан 6%-ға дейін және 2030 жылға қарай 15%-ға арттыруды жоспарлаған.

Қазақстандық блокчейн-технологиялар қауымдастығы тарапынан біз бұл шешімді күн, жел және газ электр станцияларының есебінен қосымша электр энергиясын генерациялау үшін қолдаймыз.

Егер халықаралық тәжірибеге көз жүгіртетін болсақ, онда жасыл криптовалюталар өндіруге мамандандырылған Iris Energy, Greenidge Generation, Gryphon Digital Mining сияқты майнинг компаниялар нөлдік көміртегі ізімен жұмыс істейді. Marathon сияқты криптовалюта өндіретін ірі ойыншылар Техастағы «жасыл» дата-орталықтарын ашады. Егер Қазақстан криптовалюталарды өндіруде көшбасшылық позицияны сақтап, криптоинвесторлар үшін тартымды болғысы келсе, ел аумағында «жасыл майнинг» үлесін арттыру маңызды. Алайда, ЖЭК- тің өз ерекшеліктерін – ауа райына тәуелділік, пайдаланылған станцияларды кәдеге жарату, толымдауыштарды өндірудің қымбаттығы, тарифтердің жоғары бағасы, желілерді теңдестіруді талап ететін электр энергиясын берудің біркелкі емес кестесін естен шығармаған жөн. Осыған байланысты, ЖЭК ағымдағы энергетикалық станцияларды мерзімінен бұрын ауыстыра алатынын сеніммен мәлімдеуге болады. Өйткені Қазақстан бойынша энергия желілерін теңдестіру үшін тұрақты энергия көзі қажет.

Осыған байланысты, Қазақстандық блокчейн-технологиялар қауымдастығы Президенттің елді жасыл және қолжетімді электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін атом электр станциясын салу қажеттігі туралы бастамасына қолдау білдіреді. Бұл елдің көміртегі тәуелділігінен шығуына ықпал етеді.

Блокчейн технологиясы міндетті түрде көп электр энергиясын қажет етпейтінін атап өткім келеді. Мысалы, қазіргі уақытта банктегі депозит сияқты жұмыс істейтін Proof-of-Stake консенсус алгоритміндегі блокчейндер саны өсуде, олар басқа жұмыс қағидатына байланысты 99% экологиялық таза және жүздеген есе энергияны үнемдейді. Осыған байланысты мен криптовалюталардың табиғатқа біркелкі зияны туралы аңызды жойғым келеді.

Жаһандық деңгейде криптоиндустрияның жағдайы оң қалыптасуда. Сальвадор биткоинді заңды төлем құралы ретінде қабылдады. Биткоиннің бағасы жаңа максимумға ұмтылуда. АҚШ-та биткоин бойынша биржалық қорлар (ETF) іске қосылуда. Барлық елдердің үкіметтері ұлттық валюталарының жеке цифрлық нұсқаларын зерттеп, әзірлеуде. Қазақстан Ұлттық банкі цифрлық теңгені тестілеуді жоспарлап отыр. АҚШ пен Еуропада криптовалюталар рұқсат етілген және бұл сала жылдам дамуда.

Қазақстан криптоиндустрия инфрақұрылымын (биржалар, айырбастау пунктері) құру үшін ел аумағында индустрияның қарқынды дамуын пайдалануы қажет. Біздің Қауымдастықтың деректері бойынша, негізгі қосылған құн транзакциялар жүргізу кезінде қалыптасады. Осыған байланысты біз үкіметке «Астана» халықаралық қаржы орталығының базасында ҚР  Ұлттық банкі мен  ҚР Үкіметі қатысатын криптобиржа құру жөніндегі пилоттық жобаны іске қосуды ұсындық. Жобаны іске қосу 2021 жылға жоспарланған.

Сонымен қатар, Қауымдастық жоғары оқу орындары мен мектептер арасында кітаптарды әрі қарай тегін тарату үшін блокчейн технологиясы туралы негізгі кітаптарды қазақ тіліне аудару бойынша жұмыс жүргізуде. Astana HUB және IT қоғамдастықпен бірлесіп әлеуметтік маңызды салаларға арналған жобалар конкурсын өткізу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, 2,5 трлн. долларға өлшенетін саладағы алдыңғы қатарлы позицияны жіберіп алмау орынды (CoinMarketCap сервісінің деректері бойынша). Қандай да бір шектеулерді енгізу бюджетке түсетін елеулі салық түсімдерінен және Қазақстанның Еуразиялық экономикалық хаб ретінде қалыптасу перспективаларынан айырылуды білдіреді.

Энергетикалық тұрғыдан алғанда, Қазақстанға ұзақ мерзімге келген инвесторлар жаңартылатын электр энергиясы көздерін салуға мүдделі болатынын жоққа шығаруға болмайды. Алайда бұл уақытты талап етеді және Қазақстандық блокчейн-технологиялар қауымдастығы Үкіметке бірлесіп, криптовалюталар майнингі саласында ЖЭК-ті дамытудың Жол картасын әзірлеуді ұсынады.

Цифрлық майнинг және криптоиндустрия электр энергиясын өндіруде заманауи технологияларды дамыту мен қолдану үрдісін қалыптастыра отырып, Қазақстанда энергияны тұтынушылардың біріне айналды. Осылайша, цифрлық майнингке тыйым салу энергетикалық ресурстардың тапшылығы проблемасын уақытша тоқтатуға, заңсыз майнингтің өсуіне, сондай-ақ елдің инвестициялық тартымдылығын жалпы төмендеуіне әкеледі.







16.05.2024
Күн энергиясын сақтау үшін жанартау күлін пайдалану ұсынылды
16.05.2024
Күн энергиясының көмегімен 1000°C-ден жоғары температура алынды
14.05.2024
Латвияда 115 млн еуро сомасына электромобильдерді зарядтауға арналған үлкен желі салынады
14.05.2024
Ember: ЕО-да алғаш рет қазба отынынан электр энергиясын өндіру үлесі 25%-дан төмен болды
13.05.2024
Қырғызстан ЖЭК дамытуға 80,2 млн доллар кредит алады
13.05.2024
Әлемдегі алғашқы жасанды энергетикалық аралдың құрылысы қарқынды жүріп жатыр
13.05.2024
Біз сусыз қаламыз ба? Неліктен Қырғызстанда да су тапшылығы пайда болды?
10.05.2024
Ауадан электр энергиясын өндіретін ақуыз талшықтары жасалды
10.05.2024
ЕО Қазақстанмен ЖЭК саласында ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі – елші
10.05.2024
Магманың өзіне дейін бұрғылау: қауіпті жоспар геотермалдық энергияны аса маңызды сызықтарға шығарады
09.05.2024
Ember: ЖЭК 2023 жылы әлемдік электр генерациясының рекордтық 30%-ын қамтамасыз етті
09.05.2024
Жердің тереңінен шыққан энергия – Орталық Азия елдерінде геотермалдық энергияны пайдаланудың қандай пайдасы бар?
09.05.2024
Климаттың өзгеруіне қарсы күрестің тиімділігі бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 67-ден 60-орынды ғана иеленді
06.05.2024
Англияда сусыз инновациялық гидроэнергетикалық қойма салынады
06.05.2024
Шымкенттің кәріз ағындарын қалай электр энергиясына түрлендіреді
06.05.2024
Eurostar 2030 жылға қарай барлық пойыздарды ЖЭК-ке ауыстыруға ниетті
06.05.2024
Ресейде нанотехнологиялардың көмегімен күн батареялары жетілдірілді
04.05.2024
Жел турбиналарының «әлемдегі алғашқы» ағаш қалақтары Германияда орнатылды
04.05.2024
АҚШ-та натрий-ионды аккумуляторлардың алғашқы сериялық өндірісі пайда болды
04.05.2024
Ташкент инвестициялық форумында Камбаратин ГЭС-1 құрылысының жобасы ұсынылды