Экологиялық саясат

Экологиялық саясат17.09.2021

Жаңа Экологиялық кодекс – бизнесті экологияландыру мүмкіндіктері

Алан Бокаев, «EcoJer қазақстандық өңірлік экологиялық бастамалар қауымдастығы» ЗТБ бас маманы

Соңғы жылдары жаһандық экономиканы көміртексіздендіру және экологияландыру мәселелері жергілікті деңгейлерде барған сайын үлкен маңызға ие болуда. Бір кездері Қазақстанның шикізат экономикасы үшін соншалықты алыс болып көрінген бұл жайт әрбір азаматтың күнделікті өміріне әсер етуде. Біз қалалық ауаның пайдаланылған газдармен ластануын сезініп қана қоймай, жыл сайын температураның көтерілуін байқаймыз. Осыған байланысты көптеген елдер, соның ішінде Қазақстан да климаттың жаһандық жылынуына тікелей әсер ететін парниктік газдар шығарындыларын жаһандық төмендетуге өз үлестерін қосуға міндеттенді.

Табиғи ресурстар елдің экономикалық дамуы үшін шешуші мәнге ие, сонымен қатар маңызды табыс көзі болып табылады. Табиғи ресурстарды неғұрлым тиімді басқару, «жасыл» технологияларды енгізу және экологиялық турақтылықты арттыру экономикалық өсу мен әлеуметтік ілгерілеудің негізгі алғышарттарының қатарына кіреді.

Қазақстаң – табиғи ресурстарға, оның ішінде қазба отынына бай ел. Сондықтан біз көмірсутекті және жаңартылатын энергия көздері арасындағы даму теңгерімін талмастан іздейміз.

2021 жылғы бірінші шілдеде еліміздің экологиялық қауіпсіздігін арттыруды қамтамасыз етуге, өнеркәсіпті жаңғыртуды ынталандыруға және қоршаған ортаға теріс әсерді азайтуға тиіс бірқатар жүйелі ұсыныстарды қамтитын жаңа ҚР Экологиялық кодексі күшіне енді.

Кодекстің жаңа редакциясында бүкіл әлемде кеңінен таралған: «Ластаушы төлейді» қағидатын енгізу көзделген. Бұл шара табиғат пайдаланушыларда экологиялық хабардарлықты арттыруды ынталандыруға мүмкіндік береді деп болжануда.

Жаңа Кодекстің маңызды элементі Қазақстан кәсіпорындарының 2025жылдан бастап ең озық қолжетімді техникалар (ЕОҚТ) қағидаттарын қолданумен байланысты жаңа экологиялық реттеуге көшуі болып табылады, оларды енгізу кезінде компаниялар эмиссия үшін төлемнен босатылады.

Қоршаған орта жөніндегі Еуропалық бюроның деректері бойынша атмосфераға шығарындыларды тазарту технологиясы бөлігінде ЕОҚТ енгізу нәтижесінде азоттотығы шығарындыларының көлемі 69%-ға, S02 күкірт тотығы 94%-ға, шаң 94%-ға айтарлықтай қысқарды.

ЕОҚТ енгізу экономиканың нақты секторының экологиялық ғана емес, экономикалық проблемаларын да шешуге ықпал етеді: энергия сыйымдылығын, су тутынуды, шығындарды төмендетеді.

Ірі ластағыш кәсіпорындар кешенді экологиялық рұқсат алады және салық төлемдерінен босатылады. Бұл қаражатты кәсіпорындарды жаңғыртуға жұмсау мүмкіндігі пайда болады. Мұндай қадамдар өнеркәсіптің технологиялық дамуына және өндірістің экологиялылығын арттыруға ықпал етеді.

ЕОҚТ қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылым мен техниканың заманауи жетістіктеріне негізделеді.Алайда, ЕОҚТ тек технологиялармен шектелмейді. Бұл басқару әдістері, тәсілдері, процестері, амалдары, шешімдері мен практикасы.

Мысалы, операциялық қызметті басқару жүйелерін енгізу және жетілдіру арқылы компаниялар операциялық шығындар мен шығыстарды азайтуға, сондай-ақ олардың қызметінің қаржылық емес көрсеткіштерін, мысалы, қауіпсіздік көрсеткіштерін жақсартуға қол жеткізетіні белгілі.

ЕОҚТ негізгі идеясы

ЕОҚТ негізгі идеясы бұл компанияларға шамадан тыс шығындарға ұшырауына әкелмеуінен тұрады. Өйткені техника еңүздік қана емес, сонымен қатар қолжетімді болуы керек.Яғни, мұндай техникаларды өндірістіңтиісті секторына енгізу экономикалық және техникалық тұрғыдан мүмкін болуы керек.

Өнеркәсіптің, біржағынан, қоршаған ортаға терісәсерді азайтуға, екінші жағынан, өндірісті жаңғыртуға және кәсіпорындарды ЕОҚТ көрсеткіштерін пайдалануға тартуға бағытталған жаңа реттеуге көшуі елдегі экологиялықжағдайды едәуір жақсартуға және алдын алу сипатындағы шараларға көшуге мүмкіндік береді.

Париж келісіміне қосылып, Қазақстан парниктік газдар шығарындыларын азайту бойынша алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуүшін күш-жігер жұмсауға міндеттенді. «Жасыл» нарықты дамыту нарыққа қатысушыларды «жасыл» технологияларды енгізуге, қаржы секторын «көгалдандыру» жөніндегі қызметті жүзеге асыруға ынталандыратын және «жасыл» экономикаға көшуге жәрдемдесетін ұлттық стратегиялық құжаттардың,арнайы саясаттың және дәйекті іске асырудың болуын талап етеді.

Қазақстан тұрақты дамуүшін алғышарттар жасау жөніндегі ұлттық және регламенттелген бағдарламалар мен стратегияларды қабылдады. Біздің республикамыз бірқатар заңнамалық құжаттарды, оның ішінде «жасыл» экономикаға көшу жөніндегі тұжырымдаманы, жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы заңды қабылдау арқылы «жасыл» өсуге көшу үшін ұйымдық-құқықтық негіз құрған Орталық Азиядағы бірінші ел болды. Қазіргі уақытта төмен көміртекті даму тұжырымдамасының жобасы және жаңартылған ҰДАҮ-ге (ұлттық деңгейде айқындалатын үлес) қол жеткізу бойынша жол картасы әзірленуде.

Осыған байланысты, қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті қаржыландыру туралы өзекті мәселе туындайды. Кейбір инвестициялар басқаларға қарағанда «жасыл» болуы мүмкін. Әлемде «жасыл» немесе тұрақты қаржыландыру деп саналатын бірде-бір анықтама жоқ. Кейбір активтерді басқарушылар тек экологиялық таза энергияны қолдағысы келеді. Тұрақтылықтың кең анықтамаларының мәні жоқ деген қорқыныш бар, бұл кейбір қорларға қоршаған ортаға ешқандай пайда әкелмесе де, өздерін «жасыл» немесе этикалық деп көрсетуге мүмкіндік береді.

Жаңа Кодекс қабылданғанға дейін «жасыл» технологиялар мен «жасыл» қаржыландыруды алға жылжытудағы негізгі мәселе «жасылдарды» «қоңырдан» бөлу болды. Ең алдымен, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған қызметті экономикалық ынталандыру шараларын енгізу кезінде «жасыл» инвестициялардың ағынын қамтамасыз ету үшін «жасыл» деп санауға болатын нақты шекараны құру қажет. Осылайша, ҚР Экологиялық кодексінің жаңа редакциясында келесі негізгі ұғымдар енгізілді:

1)       «жасыл»технологиялар;

2)       «жасыл» технологиялардың сервистік операторы;

3)       «жасыл» қаржыландыру;

4)       «жасыл» жобалар;

5)       «жасыл» жобаларды жіктеу (Таксономия);

6)       «жасыл» облигациялар;

7)       «жасыл» кредиттер.

«Жасыл» технологиялардың» маңыздылығы «Жасыл» технологиялар көмір тек сыйымдылығын төмендетуге, энергия тиімділігі мен ресурс тиімділігін арттыруға, сондай-ақ қоршаған ортаның елеулі тозуының алдын алуға ықпал етуі мүмкін. Оларды табысты қолдану ресурстардың жетіспеушілігі тәуекелін төмендету және тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізу кезінде қоршаған орта сапасының, адамдарәл-ауқатының және әлеуметтік әділдіктің жақсаруына әкелуі мүмкін.

Кодекстің жаңа редакциясындағы «жасыл» технологияларды айқындау «жасыл» технологияларды қолдану салаларын айқындауды да қамтитын Экономикалык, ынтымақтастык, және даму ұйымы (ЭЫДҮ) елдерінің тәсілдемесі негізінде әзірленді. Бул ретте Кодекстің «Технологияларды «жасыл» технологиялар ретінде тану қағидалары» ілеспелі құжатында «жасыл» технологиялардың мынадай өлшем-шарттары айқындалғанын атап өту маңызды:

РЕСУРСТАРДЫ ҮНЕМДЕУ

«Технология қауіпсіздігі»өлшемшартына міндетті түрде қол жеткізілген кезде және алғашқы төрт өлшемишарттың біреуіне ғана қол жеткізілсе, технология «жасыл» деп танылады және «жасыл» технологиялар мен жобалар тізіліміне (бұдан әрі тізілім) енгізіледі.

Тізілімді «жасыл» технологиялардың сервистік операторы жүргізеді және «жасыл» технологиялар, «жасыл» жобалар, сондай-ақ инвесторлар және нарықтың басқа да қатысушылары туралы өзекті ақпаратты қамтиды. Сервистік оператор бұдан әрі қорытынды бере отырып, технологияның «жасыл»технологияға сәйкестігіне бағалау жүргізеді.

Бұл ретте, егер энергия тиімді тоңазытқышты сатып алу үшін кез келген жекетұлға әлеуетті түрде «жасыл» кредит ала алатын болса, онда «жасыл» жобаларды анықтаумен жағдай күрделірек. Себебі жоба іске асыру жоспарын, бірқатар енгізілетін технологияларды, сметалық қужаттаманы қамтиды, ал «жасыл» жоба экологиялық көрсеткіштерге қол жеткізу (жоспарланып отырған) туралы ақпаратты қамтуы тиіс, оны үшінші тәуелсіз ұйым растауы керек.

«Жасыл» қаржыландыру кәсіпкер үшін қарапайым кредиттен гөрі тартымды болуы керек, әйтпесе Сіздің жобаңыздың экологиялық пайдасын дәлелдеу қажеттілігі қандай? Осыған орай, ҚР Кәсіпкерлік кодексінің мәтініне «Бизнестің жол картасы-2025» шеңберінде берілетін «жасыл» кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін және «жасыл» облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау туралы тиісті түзетулер енгізілді.

Жоғарыда айтылғандай, кейбір инвестициялар басқаларына қарағанда «жасылырақ». Жоба жеңілдетілген кредитке немесе «жасыл» облигациялар сияқты басқа қарыз құралдарына қол жеткізуүшін жеткілікті «жасыл» ма? «Жасыл» жобалардың әзірленген жіктемесі (бұдан әрі -Таксономия) жобаларды жіктеуге жәрдемдесіп қана қоймай, сонымен қатар оларға қол жеткізген кезде жобаны «жасылға» жатқызатын бірқатар шекті мәндерден тұрады. Мысалы, егер кәсіпорынның энергия тиімділігін арттыру жөніндегі жобасы энергия тұтынуды 20%-дан астамға төмендетуге бағытталса, онда Таксономия шегіне сәйкес ол «жасыл» қаржыландыру алуға жіктеледі. Әрине, егер жаңартылатын энергия көздері туралы айтатын болсақ, онда шекті мәндер туралы сөз қолғалмайды, өйткені ЖЭК технологиялары «жасыл» болып табылады.

Оқырман «жасыл» жобалардың басқа сыныптарымен және шекті мәндерімен Таксономияның мәтінінде тікелей таныса алады.

Қазақстанның «жасыл» Таксономиясы экономикалық қызмет түрлері мен экологиялықтұрақты жобалар санаттарын жіктеудің бірыңғай жүйесін білдіреді. Экономикалық қызметтің әрбір түріне тиісті сандық/сапалық көрсеткіш (шек) жатады, оған қол жеткізу кәсіпорынға «жасыл» қаржыландыруға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Таксономия моңғол таксономиясы негізінде, ал шектер ЕО-ның«жасыл» таксономиясы туралы техникалықесепте көрсетілген еуропалық ұқсас мәндер негізінде әзірленді. ЕО әдістерін пайдалана отырып, Қазақстан Таксономиясының шекті мәндері нарыққа қатысушылармен жәнесарапшылармен келісіліп, жергілікті техникалық мүмкіндіктер мен шарттарға бейімделді.

Сонымен қатар, Таксономия бұл халықаралық құрал. Басқаша айтқанда,Таксономияның шекті мәніне сәйкес келетін жоба шетелдік жеке инвесторды тартуы мүмкін, олардың көпшілігі «жасыл» қызметті қолдаумандатын қабылдады.Жаңа ҚР Экологиялық кодексінің арқасында жобаларды Қазақстан Республикасының аумағында «жасыл» ретінде растау мүмкіндігі пайда болады. Осыған байланысты жұмсалған қаражат туралы есептерде инвестициялардың «жасылдығын» заңды түрде дәлелдеуге болады.

Бұл ретте әр түрлі даму институттарын құру орын алады, олардың мақсаты көміртексіздендірусияқты «жасыл» қызметті қолдау болып табылады. Халықаралық практикадағы оң мысалдардың бірі төмен көміртекті және айналмалы экономикаға көшу кезінде бизнеске ықпал ететін, сондай-ақ парниктік газдар шығарындыларын азайтуға бағытталған «жасыл» жобаларды іскеасыруды қолдайтын мемлекеттік емес экологиялық қорларды құру болып табылады. Көміртекті бейтараптық бойынша мақсаттарға қол жеткізуге жәрдемдесу мақсатында 2021 жылғы 13 мамырда АХҚО юрисдикциясында «Eurasian Environmental fund» КЕҰ (бұдан әрі Қор) тіркелді. Қордың құрылуы мен дамуын ECOJER қауымдастығы қолдайды және қауымдастықтың 2021-2025 жылдарға арналған бекітілген даму стратегиясына сәйкес келеді.

Қордың негізгі мақсаты төмен көміртекті жобаларды іске асыру тетігі арқылы көміртегі бірліктері нарығын қолдау және дамыту болып табылады. Осыған байланысты келесі міндеттер қалыптасты:

•         қаржыландыруды тарту:серіктестерді, инвесторларды, демеушілерді, донорларды іздеу, краудфандинг, инвесторлық базаны қалыптастыру;

•         офсеттікжобалардыскеасыру және көміртегі бірліктері нарығына қатысушыларды ынталандыру құралдарын дамыту есебінен көміртегі нарығын дамытуға жәрдемдесу;

•         офсеттік жобаларды құружәне пайда болған көміртегі бірліктерін сату, демеушілер, донорлар есебінен экожоба серіктестік желіні құру.

Қазіргі уақытта Қор Еуразиялық банкпен және «Мастеркард»-пен пилоттық жобаны іске асырды, оның шеңберінде банк қайта өңделген пластиктен дайындалатын мультивалюталық экокарталар шығарады. Банк экожобаларды іске асыру үшін Қорға экокартаны пайдалана отырып, қолма-қол ақшасыз транзакциялардың 0,5%-ын жіберетін болады.

Қазақстанда нақ осындай даму институттарының болуы «жасыл» қаржыландыру әлеуетін толық көлемде ашуға, сондай-ақ әлемдік қоғамдастыққа жергілікті нарықтың ашықтығы мен әдептілігін көрсетуге мүмкіндік береді. «Жасыл» қаржыландыру көздерін әр тараптандыру, сондай-ақ бағдарламалар мен құралдардың қолжетімділігін арттыру жергілікті кәсіпкерлерге экономикалық тұрғыдан ғана емес, бизнесті «көгалдандыруға» және экологиялық мәдениетті арттыруға да оң әсерін тигізеді.

 

16.05.2024
Күн энергиясын сақтау үшін жанартау күлін пайдалану ұсынылды
16.05.2024
Күн энергиясының көмегімен 1000°C-ден жоғары температура алынды
14.05.2024
Латвияда 115 млн еуро сомасына электромобильдерді зарядтауға арналған үлкен желі салынады
14.05.2024
Ember: ЕО-да алғаш рет қазба отынынан электр энергиясын өндіру үлесі 25%-дан төмен болды
13.05.2024
Қырғызстан ЖЭК дамытуға 80,2 млн доллар кредит алады
13.05.2024
Әлемдегі алғашқы жасанды энергетикалық аралдың құрылысы қарқынды жүріп жатыр
13.05.2024
Біз сусыз қаламыз ба? Неліктен Қырғызстанда да су тапшылығы пайда болды?
10.05.2024
Ауадан электр энергиясын өндіретін ақуыз талшықтары жасалды
10.05.2024
ЕО Қазақстанмен ЖЭК саласында ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі – елші
10.05.2024
Магманың өзіне дейін бұрғылау: қауіпті жоспар геотермалдық энергияны аса маңызды сызықтарға шығарады
09.05.2024
Ember: ЖЭК 2023 жылы әлемдік электр генерациясының рекордтық 30%-ын қамтамасыз етті
09.05.2024
Жердің тереңінен шыққан энергия – Орталық Азия елдерінде геотермалдық энергияны пайдаланудың қандай пайдасы бар?
09.05.2024
Климаттың өзгеруіне қарсы күрестің тиімділігі бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 67-ден 60-орынды ғана иеленді
06.05.2024
Англияда сусыз инновациялық гидроэнергетикалық қойма салынады
06.05.2024
Шымкенттің кәріз ағындарын қалай электр энергиясына түрлендіреді
06.05.2024
Eurostar 2030 жылға қарай барлық пойыздарды ЖЭК-ке ауыстыруға ниетті
06.05.2024
Ресейде нанотехнологиялардың көмегімен күн батареялары жетілдірілді
04.05.2024
Жел турбиналарының «әлемдегі алғашқы» ағаш қалақтары Германияда орнатылды
04.05.2024
АҚШ-та натрий-ионды аккумуляторлардың алғашқы сериялық өндірісі пайда болды
04.05.2024
Ташкент инвестициялық форумында Камбаратин ГЭС-1 құрылысының жобасы ұсынылды