Сала жаңалықтары

Сала жаңалықтары16.09.2023

«Qazaq Green» ДК төрағасы мен Бундестаг депутаты «жасыл» энергетика саласында ынтымақтастық перспективаларын талқылады

2023 ЖЫЛҒЫ 21-25 ТАМЫЗ АРАЛЫҒЫНДА БУНДЕСТАГ ДЕПУТАТЫ ДОКТОР КРИСТИАНЕ ШЕНДЕРЛЯЙН ҚАЗАҚСТАНҒА САПАРМЕН КЕЛДІ. САПАР БАРЫСЫНДА ҚР ПАРЛАМЕНТІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫМЕН, САЯСИ ПАРТИЯЛАРМЕН, ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРМЕН, ҚАУЫМДАСТЫҚТАРМЕН, БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫМЕН, УНИВЕРСИТЕТТЕРМЕН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ. САПАР ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОНРАД АДЕНАУЭР ҚОРЫНЫҢ ҚОЛДАУЫМЕН ӨТТІ.

22 тамызда өткен «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығындағы кездесуде Қазақстан Республикасының энергетикалық көшуінің өзекті мәселелері және Германияның «жасыл» энергетиканы дамытудағы тәжірибесі талқыланды.

Шендерляйн ханым өзінің кіріспе сөзінде атап өткендей, қазіргі уақытта Германияда электр энергиясының жартысына жуығы жаңартылатын энергия көздерінен өндіріледі. Электр энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі көмір станцияларының үлесі шамамен 30%-ды кұрайды. Бұған қоса, ағымдағы жылдың сәуір айында Германия соңғы атом станцияларын желіден ажыратты. Еуропадағы энергетикалық дағдарыс пен электр энергиясы бағасының өсуі аясында генерация кұрылымы мәселесі өзекті болып табылады және қоғамда кеңінен талқыланады.

Өз кезегінде, Qazaq Green Директорлар кеңесінің төрағасы Нұрлан Қапенов Қазақстандағы ЖЭК дамуы және елдің энергожүйесінің алдында тұрған проблемалар, сондай-ақ болашақта секторды дамыту жөніндегіжоспарлар туралы айтып берді. Еліміздің электр энергетикасы саласындағы ағымдағы жағдай ЖЭК дамуын тежейтіні атап өтілді. Әлеуметтік факторлар және дәстүрлі көздер есебінен электр энергиясының төмен тарифтері де көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге бағытталған саясатты жүзеге асыру кезінде ескеру қажет маңызды факторлар болып табылады.

Тараптар энергетика, экология, білім беру және ғылыми ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері бойынша пікір алмасты.

13.05.2024
Қырғызстан ЖЭК дамытуға 80,2 млн доллар кредит алады
13.05.2024
Әлемдегі алғашқы жасанды энергетикалық аралдың құрылысы қарқынды жүріп жатыр
13.05.2024
Біз сусыз қаламыз ба? Неліктен Қырғызстанда да су тапшылығы пайда болды?
10.05.2024
Ауадан электр энергиясын өндіретін ақуыз талшықтары жасалды
10.05.2024
ЕО Қазақстанмен ЖЭК саласында ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі – елші
10.05.2024
Магманың өзіне дейін бұрғылау: қауіпті жоспар геотермалдық энергияны аса маңызды сызықтарға шығарады
09.05.2024
Ember: ЖЭК 2023 жылы әлемдік электр генерациясының рекордтық 30%-ын қамтамасыз етті
09.05.2024
Жердің тереңінен шыққан энергия – Орталық Азия елдерінде геотермалдық энергияны пайдаланудың қандай пайдасы бар?
09.05.2024
Климаттың өзгеруіне қарсы күрестің тиімділігі бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 67-ден 60-орынды ғана иеленді
06.05.2024
Англияда сусыз инновациялық гидроэнергетикалық қойма салынады
06.05.2024
Шымкенттің кәріз ағындарын қалай электр энергиясына түрлендіреді
06.05.2024
Eurostar 2030 жылға қарай барлық пойыздарды ЖЭК-ке ауыстыруға ниетті
06.05.2024
Ресейде нанотехнологиялардың көмегімен күн батареялары жетілдірілді
04.05.2024
Жел турбиналарының «әлемдегі алғашқы» ағаш қалақтары Германияда орнатылды
04.05.2024
АҚШ-та натрий-ионды аккумуляторлардың алғашқы сериялық өндірісі пайда болды
04.05.2024
Ташкент инвестициялық форумында Камбаратин ГЭС-1 құрылысының жобасы ұсынылды
03.05.2024
G7 елдері 2035 жылға қарай көмірден бас тарту туралы келісімге келді
03.05.2024
2032 жылға қарай Тәжікстан ЖЭК-ке толығымен көшуді жоспарлап отыр
03.05.2024
Африкада қалқымалы күн электр станциялары салынуда
02.05.2024
Оңтүстік кореялық компаниялар Астана, Алматы, Павлодар ЖЭО және Топар ГРЭС-ін жаңғыртуды жоспарлап отыр