Сала жаңалықтары

Сала жаңалықтары22.12.2023

Qazaq Green қауымдастығы алғашқы Қазақстандық ерікті көміртегі стандартын таныстырды

«Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінде Qazaq Green Certificate Program алғашқы қазақстандық ерікті көміртегі стандартын таныстырды.

«Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығы ұйымдастырған таныстыру ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың қатысуымен өтті. Министр шығарындылар саудасының отандық жүйесі экономиканың шектеулі салаларын қамтитынын, осыған байланысты көміртегі ізін азайтқысы келетін көптеген жеке сектор компанияларында мұндай мүмкіндік жоқ екенін атап өтті. Сонымен бірге, ерікті офсеттердің әлемдік нарығы өсуде және болашақта үлкен перспективаларға ие.

«Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығы Қазақстан Президентінің 2060 жылға қарай елдің көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі алға қойған мақсатының маңыздылығын түсіне отырып, парниктік газдар шығарындыларын азайту бойынша көміртегі офсеті тетіктердің ерікті стандартын құру және климаттың өзгеруіне қарсы күреске және парниктік газдар шығарындыларын қысқартуға үлес қосу туралы шешім қабылдады.

Көміртегі офсеті климаттың өзгеруіне қарсы күресте маңызды рөл атқарады. Олар компанияларға өздерінің көміртегі ізінен тыс көміртексіздендіруді қолдауға мүмкіндік береді, сол арқылы компанияның көміртексіздендіруге көшуін жылдамдатады. ҚР сауда жүйесіне кірмейтін жеке компаниялардың ESG қағидаттарына бейілділігін растау және көміртегі ізін көміртегі бірліктерімен жабу мүмкіндігі жоқ. Енді Qazaq Green Certificate Program жеке және корпоративтік тұлғаларға ерікті офсеттік бірліктерді сатып алу арқылы климаттың өзгеруіне қарсы күреске үлес қосуға мүмкіндік береді.

«Елдің іскерлік ортасында көміртегі бейтараптығына қол жеткізу мақсаттарына міндеттеме жарияланғаннан кейін көміртегі ізін төмендететін жобаларға үлкен сұраныс артып келеді. Бұл мәселеге телекоммуникациялық және IT-компаниялар, банк секторы, қызмет көрсету секторындағы орта бизнес, яғни ESG қағидаттарын өздерінің корпоративтік саясатында пайдалануға мүдделі компаниялар қызығушылық танытуда», – деп атап өтті «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығының Директорлар кеңесінің төрағасы Нұрлан Қапенов.

Тұсаукесерге ENI, TotalEnergies, Полиметалл Еуразия, Forte Bank, Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы, ESGQ рейтинг агенттігінің өкілдері қатысты. Қатысушылар бүгінгі күні Қазақстанда ерікті офсеттік нарықтың дамымауына байланысты компаниялар шетелдік нарықтарға шығуға мәжбүр деген пікір білдірді. Өз кезегінде, бірінші отандық ерікті офсеттік стандарттың іске қосылуы осы олқылықтың орнын толтыруға және көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге өз үлесін қосуға арналған.

Кеңес қорытындысы бойынша қатысушылар Qazaq Green Certificate Program ерікті офсетін іске қосу бастамасын қолдады, оның тұсаукесері БҰҰ-ның Дубайдағы Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы (СОР-28) тараптарының 28-ші конференциясы аясында өтеді.




13.05.2024
Қырғызстан ЖЭК дамытуға 80,2 млн доллар кредит алады
13.05.2024
Әлемдегі алғашқы жасанды энергетикалық аралдың құрылысы қарқынды жүріп жатыр
13.05.2024
Біз сусыз қаламыз ба? Неліктен Қырғызстанда да су тапшылығы пайда болды?
10.05.2024
Ауадан электр энергиясын өндіретін ақуыз талшықтары жасалды
10.05.2024
ЕО Қазақстанмен ЖЭК саласында ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі – елші
10.05.2024
Магманың өзіне дейін бұрғылау: қауіпті жоспар геотермалдық энергияны аса маңызды сызықтарға шығарады
09.05.2024
Ember: ЖЭК 2023 жылы әлемдік электр генерациясының рекордтық 30%-ын қамтамасыз етті
09.05.2024
Жердің тереңінен шыққан энергия – Орталық Азия елдерінде геотермалдық энергияны пайдаланудың қандай пайдасы бар?
09.05.2024
Климаттың өзгеруіне қарсы күрестің тиімділігі бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 67-ден 60-орынды ғана иеленді
06.05.2024
Англияда сусыз инновациялық гидроэнергетикалық қойма салынады
06.05.2024
Шымкенттің кәріз ағындарын қалай электр энергиясына түрлендіреді
06.05.2024
Eurostar 2030 жылға қарай барлық пойыздарды ЖЭК-ке ауыстыруға ниетті
06.05.2024
Ресейде нанотехнологиялардың көмегімен күн батареялары жетілдірілді
04.05.2024
Жел турбиналарының «әлемдегі алғашқы» ағаш қалақтары Германияда орнатылды
04.05.2024
АҚШ-та натрий-ионды аккумуляторлардың алғашқы сериялық өндірісі пайда болды
04.05.2024
Ташкент инвестициялық форумында Камбаратин ГЭС-1 құрылысының жобасы ұсынылды
03.05.2024
G7 елдері 2035 жылға қарай көмірден бас тарту туралы келісімге келді
03.05.2024
2032 жылға қарай Тәжікстан ЖЭК-ке толығымен көшуді жоспарлап отыр
03.05.2024
Африкада қалқымалы күн электр станциялары салынуда
02.05.2024
Оңтүстік кореялық компаниялар Астана, Алматы, Павлодар ЖЭО және Топар ГРЭС-ін жаңғыртуды жоспарлап отыр