Сала жаңалықтары

Сала жаңалықтары21.01.2023

Жасыл энергетика: Қазақстанда ЖЭК дамыту мен ілгерілетудің жұмыс тетіктері

Атмосфераға СО2 шығарындыларын азайту жөніндегі өршіл мақсаттар, бәсекелестік нарықтар құру, мұнай өндіруші компаниялартарапынан белсенді инвестициялар, әлемдік банктердің жасыл энергетика саласындағы қолжетімді кредиттермен қолдауы Қазақстан Республикасында жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) саласын белсенді түрде ынталандырады.

USAID «Болашақ энергиясы» бағдарламасы біздің елімізде ЖЭК пайдалануды кеңейту және энергия тиімділігін арттыру арқылы үнемді, темен көміртекті, энергияға қауіпсіз, климатқа төзімді және жасыл энергетикаға ауысуды жеделдетуге бағытталған. Сондай-ақ, Халықаралық жаңартылатын энергия агенттігі (IRENA) белсенді қызмет жүргізеді. Үкіметаралық ұйым бола отырып, саяси негіздемелік жағдайларды жақсартуға және индустриялық дамыған және дамушы елдерде ЖЭК пайдалануды арттыруға жәрдем көрсетуге бағытталған. 2012 жылдан бастап IRENA «ЖЭК саласында оқыту бойынша халықаралық серіктестік» атты бағдарлама әзірледі. Осы бағдарлама шеңберінде Қазақстанға мынадай ақпарат қолжетімді:

•  білім беру мен кәсіптік даярлаудың әлемдік дерекқоры;

•  ЖЭК саласындағы оқу материалдарының кітапханасы;

•  оқыту семинарларына қатысу;

•  студенттер онлайн форматта (дәрістер мен семинарлар) қолдау алатын электрондық оқыту платформалары (Академия);

•  профессорлар, сарапшылар мен білім алушылар интерактивті диалог аясында байланыса алатын білім алмасу (форум), ақпарат алмасу, желілер құру және оқу бағдарламаларын әзірлеу.

2018 жылы ЖЭК саласындағы инвесторларға қолдау көрсетуде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің сұрау салуы бойынша, АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржыландыруы кезінде «Болашақ энергиясы» өңірлік бағдарламасы шеңберінде «Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінің жобаларын іске асыру жөніндегі инвесторларға арналған нұсқаулық» құжаты әзірленді. Сондай-ақ, USAID «Болашақ энергиясы» бағдарламасы шеңберінде Қазақстанға ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондар өткізуге жәрдем көрсетіледі, бұл секторда қолайлы бәсекелестік орта қалыптастырады. Жоғарыда аталған құжат 14 тараудан тұратын 3 блокты қамтиды және аукциондық сауда-саттыққа қатысудан бастап электр станциясын желіге қосуға дейінгі Қазақстан Республикасында ЖЭК құрылысы жөніндегі жобаларды іске асыруға байланысты барлық мәселелерді қамтиды.

Әрине, халықаралық академиялық база, басқа елдердің табысты тәжірибесі, мемлекеттік реттеу ЖЭК жобаларын іске асыру бойынша практикалық сараптамамен және нақты құзыреттермен қатаржасыл энергетикаға көшудің негізгі тетіктері болып табылады. Функционалдық шешімдердің мысалы ретінде ЖЭК саласында маманданған жетекші инжинирингтік компаниялардың бірін қарастыруды ұсынамыз.

Zeinet&SSE

ЖЭК саласында маманданған Қазақстандағы жетекші инжинирингтік компаниялардың бірі.

Қазақстандық-итальяндық бірлескен кәсіпорын бола отырып, Zeinet&SSE 15 жылдан астам Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің өнеркәсіптік кәсіпорындары үшін өндірістік процестерді автоматтандыру және цифрландыру бойынша кешенді шешімдер ұсынады. Мықты команда, саладағы табысты сараптама,жетекші өндірушілердің жабдықтарымен жұмыс тәжірибесі, SSE тобы шеңберінде Қазақстанда да, әлемнің басқа елдерінде де іске асырылған жобалар, Еуропада оқыту және біліктілікті арттыру.жеке инженерлік штаты - осының барлығы кез келген күрделіліктегі жобаларды табысты жүргізуге және клиенттерге үздік әлемдік тәжірибелерді ұсынуға мүмкіндік береді.

Толық циклді жүйелік интегратор ретінде Zeinet&SSE кез келген қиындықтағы жобаларды жүзегеасыра алады. Шешімдер портфелі ТП АБЖ келесі процестерін қамтуға мүмкіндік береді, атап айтқанда:

1. ЖЭК жаңа объектілері үшін тұжырымдамалық жобалау

2. ЖЭК саласында мынадай шешімдерді әзірлеу және енгізу:

•  Динамикалық жабдыққа арналған кешенді жүйелер

•  ТП АБЖ, SCADA, ББЖ жүйелері

•  Өнеркәсіптік интернет заттары н ың цифрлық шешімдері (ІІоТ)

•  Өндірістегі цифрландыру бойынша шешімдер

•  Өнеркәсіптік талдау

•  Кибер қауіпсіздік

•  Дірілді өлшеу, дірілді бақылаужәне талдау жүйелері

•  Өрт сөндіру және газды анықтау жүйелері (F&G)

•  Қауіпсіздік жүйелері және бейнебақылау (CCTV)

3. Қолданыстағы ЖЭК объектілерінде жаңғырту шеңберінде техникалық аудит ТП АБЖ, SCADA саласындағы Zeinet&SSE кешенді шешімдері стратегиялық мақсаттағы деректердің үлкен көлемін жинауға, өңдеуге, сақтауға, интеграциялауға,талдауға мүмкіндік беретін ЖЭК объектілерінде сенімді жуйелерді құруға бағытталған. Цифрландыруды, ІІоТ, киберқауіпсіздікті және ТП АБЖ классикалық жүйелерін біріктіре отырып, Zeinet&SSE технологиялық процестердің өнімділігі мен тиімділігі, операциялық шығындар мен залалдарды қысқарту, тоқтап қалуды,жоспарланбаған кідірістерді азайтужәне апаттардың алдын алу кезінде нақты уақыт режим інде негізгі көрсеткіштерді қадағалаумәселелерін  шешеді.

Дірілді өлшеужүйелері қымбатжабдықтың жағдайын болжамды түрде диагностикалауға мүмкіндік береді, осылайша жұмыс кезінде сенімділікті арттырады және тоқтап қалу, апаттар қаупін азайтады. Жел генераторлары үшін бұл қондырғы жүмысының ең маңызды көрсеткіші, жетілдірілген аналитикалық құралдардың көмегімен ауытқуларды уақтылы анықтау үлкен бұзылулар мен шығындарды болдырмайды.

Қызметтердің кең портфелі және өнеркәсіптік автоматтандыру саласындағы күшті сараптама, Zeinet&SSE инженерлік тобына SIL3 деңгейіндегі апатқа қарсы қауіпсіздік жүйелерін, күзет жүйелері мен бейнебақылауды (CCTV) қоса алғанда, кез келген күрделіліктегі ЖЭК жүйелерін жобалауға, тиімділік резервтерін анықтау және тәуекелдерді азайту арқылы бұрыннан бар жүйелерге техникалық аудит жүргізуге мүмкіндік береді.

Zeinet&SSE компаниясы «Arm Wind» ЖШС жергілікті еншілес ұйымы арқылы итальяндық Еnі компаниясы мен серіктестікге ЖЭК үшін ауқымды жобаларды табысты іске асыруда.

Zeinet&SSE инженерлік тобы жүзеге асырған жобаларды оқырман назарына ұсынамыз.

ІСКЕ АСЫРЫЛҒАН ЖОБАЛАР

* Бадамша

Zeinet & SSE командасы ны ң сараптамасы мен күшті қүзыреттері Бадамшажобасында, атап айтқанда.Ақтөбе облысында Бадамша (1-саты, 48МВт) және Бадамша (2-саты, 48МВт) жобаларында сұранысқа ие. Бадамша жобасының 1-2-сатыларын іскеасыру барысында EHS & ESG бойынша халықаралық стандарттарды сақтай отырып, өнеркәсіптік автоматтандыру саласында озық шешімдер қолданылды

Команда келесі шешімдерді сәтті біріктірді:

•  Жоғары қысымды СО2 өрт жүйесі

•  SI L3 (safety іntegrity level) дәрежелі апатқа қарсы қорғаужүйелері

•  Lacp (link aggregation control protocol) серверлері үшін байланыс арналарын біріктіру деңгейінде резервтеу

•  Үздіксіз бақылау және басқару үшін SCADA деңгей і нде резервтеу

•  PERA (Purdue Enterprise Reference Architecture) эталондық архитектурасына сәйкес желілік инфрақұрылымды интеграциялау

•  ІоТ хаттамалары арқылы DMZ демилитаризацияланған аймағына бір бағытты деректерді беружоғары деңгейлі хаттамалар

•  Қосалқы станциядағы жылыту, желдету және ауа баптау жүйесімен (АЖжББ) интеграция

•  Бейнебақылау жүйесін (CCTV) енгізу және SCADA-мен біріктіру

•  SCADA-да электр энергиясын бақылау мен есепке алудың автоматтандырылған жүйесін (ЭЭБЕААЖ) интеграциялау

• Шәуілдір

Қуаты 50 МВт болатын Оңтүстік Қазақстандағы күн электр станциясы Шәуілдір жобасына Zeinet&SSE командасы тұжырымдамалық жобалау сатысында қатысады. Zeinet&SSE қазіргі шындықтың талаптарын ескере отырып, киберқауіпсіздікке көбірек көңіл бөледі. Әр түрлі деңгейдегі хаттамаларды қолдана отырып, деректерді беруді жобалау міндетін жүзеге асыру мүмкіндігі мен тәжірибесі инженерлік топтың жоғары сараптамасының көрсеткіші болып табылады. Сөзсіз, Zeinet&SSE энергетика, аналитика, өңдеу және деректерді берудегі сапалы және сандық тәжірибеге негізделген ең үздік жергілікті автоматтандыру шешімдерін енгізеді. Өндірістегі адам үшін қауіпсіздік деңгейін арттыру және өндірістің киберқауіпсіздік деңгейін арттыру, экологиялылық бұл кез келген жобадағы компанияның негізгі басымдықтары. Zeinet & SSE итальяндық Епі компаниясымен жобаларды жобалау мен іске асырудағы ынтымақтастығы жоғары сапалы стандартты «жоғары деңгейді» басқа ЖЭК жобаларын іске асыру кезінде де сақтайды.

Жиілік пен қуатты автоматты реттеу (ЖҚАР) бойынша KEGOC-пен бірлескен жобалар. Жобалау әрқашан бірнеше кезең болып табылады, біріншісі инженерлік техникалық тапсырманы әзірлеу және бекіту, жұмыс құжаттамасын әзірлеужәне қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу.

KEGOC ұлттық операторы Smart Grid енгізумен белсенді айналысады. «Ақылды желілер»тұжырымдамасы аясында компания ЖҚАР жобасын (жиілік пен куатты автоматты реттеу жүйесі) енгізді. Бұл жоба жаңартылатын энергия көздеріне көпір болып табылады, өйткені ЖҚАР ЖЭК тұрақсыздығын автоматты түрде өтейді, артық мөлшерін негізгі желіге беруге және тұтыну мен өндіріс бойынша дұрыс болжамдар жасауға мүмкіндік береді.

Zeinet &SSE ЖЭК секторында іске асырылған жобалар портфелін кеңейту арқылы цифрлық трансформация жобаларын белсенді түрде ілгерілетеді. Жаңа технологияларды қолдану, сараптама мен тәжірибені арттыру, күшті инженерліктопты кеңейту, жаңа отандық бағдарламалық өнімдерді әзірлеуге инвестиция салу арқылы Zeinet & SSE ЖЭК жобалары саласындағы жұмысты жалғастыруға бағытталған.

ЖЭК секторындағы келесі кезең жасыл сутегі екені анық. Қазақстанның әлемдегі ең ірі жасыл сутегі жеткізушілерінің бірі болуға зор әлеуеті бар. Ашық көздерден алынған соңғы ақпаратқа сәйкес, Svevind неміс-швед компаниясы Маңғыстау облысында қуаты 20 ГВт болатын әлемдегі ең ірі жасыл сутегі зауыттарының бірін салуды жоспарлап отыр. Қазақстан аумағында энергетика саласында осындай шешімдердің болуы тәжірибесі, сараптамасы бар және трендтер құруға қабілетті мықты инженерлік командаларды тарту қажеттілігін туғызады.

ЖЭК, ZEINET& SSE инжинирингтік компаниясы және Қазақстанда іске асырылған ірі жобалар туралы мақаланы аяқтай отырып, энергетика және ЖЭК саласындағы мемлекеттік реттеудің, атап айтқанда, болашақ энергиясын игеруге жән ежаңа шындықты құруға мүмкіндік беретін өсіп келе жатқан жүйелілігін, хабардарлығы мен экологиялылығын атап өткім келеді.

26.04.2024
ЕАЭО-ның энергетикалық перспективалары көміртексіздендіруге ауысуды және климаттық күн тәртібінің басымдығын ескеруі тиіс
26.04.2024
SNSF: Швейцариядан тік жел турбиналары электр энергиясын көбірек өндіруге қабілетті
26.04.2024
ХЭА энергия ауысуын жеделдету үшін аккумуляторлардың арзандауына үміттенеді
26.04.2024
Грузияда қалқымалы күн электр станциясы ашылды
25.04.2024
Латвияда үлгілік емес жылыту шешімі бар үйлер пайдалануға берілді
25.04.2024
Ғалымдар қайта өңделетін материалдардан қалақтарды 3D басып шығаруды әзірлеуде
25.04.2024
Қытайда теңіз КЭС құрылысына рұқсат етілген теңіз аймақтары анықталды
24.04.2024
1 миллионға жуық американдық отбасы күн батареясынан қуат алады
24.04.2024
Мәжіліс жаңартылатын энергия көздеріне қатысты заңды қабылдады
23.04.2024
Вильнюс қаласында Литвада өндірілген алғашқы күн батареясы ұсынылды
23.04.2024
Айнұр Соспанова: Екіжақты шарттар нарығының жұмысын реттейтін нақты ережелер қажет
23.04.2024
ГЭС, ЖЭС құрылысына ЖЭК аукциондық сауда-саттығына қатысушылардың тізіліміне енгізу үшін құжаттарды қабылдау басталды
22.04.2024
JinkoSolar энергияны жинақтау бойынша 1-деңгейдегі BNEF тізіміне енді
22.04.2024
Жапония 2025 жылы ғарыштан Жерге күн энергиясын беруді жоспарлап отыр
19.04.2024
АҚШ-та шойын мен болатты тазарту технологияларын әзірлеуге 28 миллион доллар бөлінеді
19.04.2024
Австралия қараусыз қалған көмір шахтасында қуаты 1 ГВт ГЭС салуды жоспарлап отыр
19.04.2024
Apple жаңартылатын энергия көздері мен су ресурстарының тұрақтылығына күш салуда
18.04.2024
Еуропада екі мемлекет жел генераторларының қуатын арттырудың арқасында 100% жаңартылатын энергиямен қамтамасыз етілді
18.04.2024
IRENA есебі: ЖЭК-ке көшу энергия қауіпсіздігіне жаңа көзқарасты қажет етеді
17.04.2024
CATL өнеркәсіптік батареяны, Megapack Tesla баламасын ұсынды