Қазақстан жаңалықтары24.04.2024
Мәжіліс жаңартылатын энергия көздеріне қатысты заңды қабылдады
QAZAQ GREEN. 22 cәуір Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау, электр энергетикасы және табиғи монополиялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы екінші оқылымда қаралып, қабылданды, хабарлайды Kazinform.
Аталған заңға Парламент депутаттары бастамашылық жасап, осы жылдың 13 наурызында Парламент Мәжілісі бірінші оқылымда мақұлдады.
«Заң жобасының негізгі нормаларына тоқталсақ, «жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі шағын ауқымды объект» ұғымын енгізуге бағытталған. Сонымен қатар, құжатта уәкілетті органның электр желілеріне қосу және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі шағын ауқымды объектілерді пайдалану қағидаларын әзірлеу жөніндегі құзыретін бекітуге арналған. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша шағын ауқымды объектінің белгіленген қуатын 100-ден 200 киловатқа дейін ұлғайту ескерілген», - деді Мәжіліс депутаты Бауыржан Смағұлов.
Заң жобасын екінші оқылымға дайындау кезінде депутаттар келесі түзетулерді ұсынды:
- энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың жиынтық қуаты 10 мегаваттан аспайтын, 2023 жылғы 1 шілдеге дейін пайдалануға берілген су электр станциясынан электр энергиясын басымдықпен сатып алуды жүзеге асыру;
- жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласында мемлекеттік реттеу.
«Заң жобасын қарау аясында таныстырылым, он жұмыс тобының отырысы және Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің екі кеңейтілген отырысы өткізілді. Жұмыс тобы мүдделі мемлекеттік органдар, ведомстволар, қауымдастықтар өкілдері мен жаңартылатын энергия көздері нарығына басқа қатысушылардың қатысуымен 60-тан астам түзетулер қаралды. Парламент Мәжілісінің комитеттері осы Заң жобасы бойынша оң қорытындылар ұсынды», - деді депутат.
Шымкенттің кәріз ағындарын қалай электр энергиясына түрлендіреді
Eurostar 2030 жылға қарай барлық пойыздарды ЖЭК-ке ауыстыруға ниетті
Ресейде нанотехнологиялардың көмегімен күн батареялары жетілдірілді
Жел турбиналарының «әлемдегі алғашқы» ағаш қалақтары Германияда орнатылды
АҚШ-та натрий-ионды аккумуляторлардың алғашқы сериялық өндірісі пайда болды
Ташкент инвестициялық форумында Камбаратин ГЭС-1 құрылысының жобасы ұсынылды
G7 елдері 2035 жылға қарай көмірден бас тарту туралы келісімге келді
2032 жылға қарай Тәжікстан ЖЭК-ке толығымен көшуді жоспарлап отыр
Африкада қалқымалы күн электр станциялары салынуда
Оңтүстік кореялық компаниялар Астана, Алматы, Павлодар ЖЭО және Топар ГРЭС-ін жаңғыртуды жоспарлап отыр
Көміртексіздендіру және тұрақты даму «Орталық Азия және Каспийдегі мұнай-газ химиясы және мұнай өңдеу» 11-ші конференциясының басты тақырыбына айналады
Каспий теңізінің түбімен энергетикалық кабель тарту жобасы: Қазақстан, Әзірбайжан және Өзбекстан Энергетика министрлігінің басшылары меморандумға қол қойды
Қытайда әлемдегі ең ірі толығымен электрлі контейнер тасушы кеме пайдалануға берілді
Masdar Грузияда ірі күн электр станциясын салады
Түркияда ЖЭК үлесі 50%-ға жақындады
Acwa Power Қазақстанның Каспий маңы аймағында ЖЭК жобасын құрмақ
Баварияда тік қалқымалы фотоэлектрлік жүйе құрылады
Латвияда ең ауқымды күн электр станциясы 2 мамырда ашылады
2024 жылы Жетісуда жаңартылған энергия көздері бағытында 4 жоба іске қосылады
ЕАЭО-ның энергетикалық перспективалары көміртексіздендіруге ауысуды және климаттық күн тәртібінің басымдығын ескеруі тиіс