Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары28.05.2023

Қазақстанда Qazaq Green Fest ЖЭК бойынша II Халықаралық іскерлік фестивалі өтті

QAZAQ GREEN.  2023 жылғы 25-26 мамырда Qazaq Green Fest ЖЭК бойынша «Энергетикалық қауіпсіздік Қазақстан: төмен көміртекті көшу» тақырыбында II Халықаралық іскерлік фестивалі өтті. Qazaq Green Fest ҚР Энергетика министрлігінің, ҚР Экология және табиғи ресурстар Министрлігінің, Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Іс-шараның бас серіктесі - Huawei компаниясы және оның сертификатталған серіктесі Photomate компаниясы. Qazaq Green Fest демеушілері: Arm Wind, TotalEnergies, Longi, Sany Renewable Energy, Jusan bank, Полиметалл Еуразия, Жаңатас ЖЭС, Jinko Solar, Bureau Veritas, Unicase Law Firm, Unigreen, Alageum Electric, Profland, Veritas, Unicase Law Firm, Unigreen, Alageum Electric, Profland, АДС.

Фестивальді сонымен қатар Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы, Еуразиялық Даму Банкі, KAZENERGY қауымдастығы қолдады.

Іс-шараның спикерлері ретінде сөз сөйледі:

-      Италияның Қазақстандағы елшісі Марко Альберти мырза,

-      Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Кэти Лич ханым

-      ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Д.Н. Тұрғанов

-      Ақмола облысының әкімі Е. Б. Маржықпаев

-      ҚР энергетика вице-министрі Ж. Д. Нұрмағанбетов,

-      ЕҚҚДБ Еуразия, Таяу Шығыс және Африка өңірінің энергетика жөніндегі директоры Аида Ситдикова ханым,

-      орнықты даму мәселелері бойынша отандық және халықаралық сарапшылар.

Qazaq Green Fest сессияларында Қазақстан Республикасы үшін энергетикалық көшудің өзекті мәселелері: энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ЖЭК секторындағы мемлекеттік саясат, елдегі электр энергетикасын дамытудың стратегиялық пайымы, ЖЭК жобаларын іске асыру үшін қолжетімді қаржыландыру мәселелері, ESG-саясатының гендерлік және корпоративтік аспектілері, көміртегі нарықтарын дамыту талқыланды. Бизнес өкілдері ЖЭК жобаларын іске асыру кезінде ұшырасатын проблемалары мен қиындықтары туралы ашық айтуға мүмкіндік алды.

Qazaq Green Fest аясында «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығының базасында ЖЭК Мектебінің ашылуы туралы жарияланды. Курс икемділік принципін ескере отырып әзірленген, бұл оны қатысушылардың түрлі қажеттіліктеріне бейімдеуге мүмкіндік береді. Бұл курсты жаңартылатын энергетика саласына жаңадан келушілерге де, білімдерін жаңартқысы келетін тәжірибелі мамандарға да бейімдеуге болатынын білдіреді. Qazaq Green ЖЭК Мектебінде оқытуды саланың сарапшы-практиктері жүргізеді.

Сонымен қатар, фестивальде Қазақстанда алғашқы ерікті көміртегі сертификаты – Qazaq Green Certificate іске қосылатыны жарияланды. Бұл құралдың негізгі міндеті барлық ниет білдірген компанияларға корпоративтік деңгейде көміртегі ізін төмендетуін растау мүмкіндігін беру болып табылады. Бұл сертификатты «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығы «Каспий тауар биржасы» АҚ-мен бірлесіп әзірледі.

Іс-шараға Қазақстан, АҚШ, Ұлыбритания, Италия, Франция, Германия, Қытай, Жапония, Өзбекстан, Ресейден 300-ден астам адам, оның ішінде «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, Visor Holding, ENI, Shell, KPO, NCOC, Air Liquide, Toyota Tsusho, Chevron, Tengizchevroil, Sany, Longi, Huawei және т. б. сияқты компаниялардың өкілдері қатысты.

Іс-шара қорытындысы бойынша Хартия - ЖЭК іскерлік қоғамдастығының Қазақстан Республикасының Үкіметіне үндеуі дайындалды.

«Qazaq Green Fest - жаңартылатын энергетиканы дамыту мәселелерін талқылау оны қажет еткен электр энергетикасы саласын трансформациялаудың қозғаушы күші болды деп санаймыз. Бүгінгі таңда ЖЭК секторының алдында маңызды міндеттер тұр - жаңа өндіруші қуаттарды енгізу есебінен елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, халық пен кәсіпкерліктің шағын ауқымды ЖЭК-ті дамытуы, екіжақты келісімшарттар сегментін дамыту, энергия жинақтау жүйелерін пайдалану. Сондықтан біз ЖЭК - көміртегі бейтараптығына қол жеткізу үшін ең тиімді құрал деп санаймыз», - деді «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығының Директорлар кеңесінің Төрағасы Нұрлан Қапенов.


Үдемелі мемлекеттік саясат пен «жасыл» бағытты ұстанғандықтың арқасында соңғы жылдары ЖЭК секторы даму үшін қуатты ынталандыруға ие болды: экономиканы «көгалдандыру» елдің жаңа экономикалық саясатының негізгі қағидаттарының бірі болып танылды, энергия теңгеріміндегі ЖЭК үлесі бойынша нысаналы көрсеткіш 2030 жылға дейін 10%-дан 15%-ға дейін ұлғайтылды, 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу Стратегиясы қабылданды. 2035 жылға дейінгі болжамды теңгерім қуаты 6 ГВт ЖЭК енгізуді көздейді.

2022 жылдың қорытындысы бойынша елімізде жалпы қуаты 2388 МВт болатын 130 ЖЭК нысаны пайдалануға берілді. 2022 жылдың қорытындысы бойынша ЖЭК электр энергиясын өндіру үлесі 4,5% құрады. 2018 жылдан бастап ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық тетік іске қосылды, ол шетелдік инвесторлар мен халықаралық даму институттары тарапынан жоғары бағаға ие болды. Осылайша, 5 жыл ішінде аукциондарға әлемнің 13 елінен 232 компания қатысты. ЖЭК секторы 1 трлн теңгеден астам инвестиция тартты, 2000-нан астам жоғары білікті тұрақты жұмыс орындары құрылды.

Соңғы жылдары еліміздің электр энергетикасындағы жаңа қуаттардың өсуі жаңартылатын энергетика есебінен жүзеге асырылуда. Мәселен, 2019 жылдан 2022 жылға дейін (2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша) әдеттегі станциялардың қуатына 311,5 МВт қарсы қуаты 1908,2 МВт ЖЭК пайдалануға берілді.

ЖЭК іскерлік қоғамдастығын шоғырландыру мақсатында 2018 жылы «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығы құрылды. Qazaq Green құрамына ЖЭК нарығының барлық негізгі ойыншылары: инвесторлар, девелоперлер, жабдықтарды жеткізушілер, халықаралық ұйымдар мен қаржы институттары, университеттер кіреді. Qazaq Green ҚР Энергетика министрлігінде, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінде, «Атамекен» ҚР ҰКП-інде аккредиттелген. Qazaq Green-дің табысты бастамалары: Qazaq Green ақпараттық-талдау журналын және «жасыл» экономика бойынша qazaqgreen.com жаңалықтар порталын шығару болып отыр.

Қазақстанда ЖЭК дамытудың аса өзекті мәселелерін талқылау мақсатында Qazaq Green 2019 жылы алғаш рет Solar Fest Qazaqstan ЖЭК бойынша Халықаралық іскерлік фестивалін өткізді. Іс-шараның негізгі нәтижесі Хартия - ЖЭК іскерлік қоғамдастығынан ҚР Үкіметіне үндеу болды, онда секторды дамытудың маңызды мәселелері көтерілді. Айта кету керек, олардың көпшілігі шешілді:

-      ЖЭК шағын ауқымды жобаларын енгізуді ынталандыру мәселелері,

-      шартты тұтынушылардың төлем қабілеттілігі тәуекелдерін өтпелі тарифті енгізу арқылы төмендету,

-      ЖЭК бойынша есеп айырысу-қаржы орталығының қаржылық тұрақтылығы қамтамасыз етілді,

-      еліміздің университеттерінде ЖЭК бойынша білім беру бағдарламалары іске қосылды,

-      ЖЭК жобалары инвестициялық жобаларды іске асыру үшін басым қызмет түрлерінің тізбесіне енгізілді.

06.05.2024
Шымкенттің кәріз ағындарын қалай электр энергиясына түрлендіреді
06.05.2024
Eurostar 2030 жылға қарай барлық пойыздарды ЖЭК-ке ауыстыруға ниетті
06.05.2024
Ресейде нанотехнологиялардың көмегімен күн батареялары жетілдірілді
04.05.2024
Жел турбиналарының «әлемдегі алғашқы» ағаш қалақтары Германияда орнатылды
04.05.2024
АҚШ-та натрий-ионды аккумуляторлардың алғашқы сериялық өндірісі пайда болды
04.05.2024
Ташкент инвестициялық форумында Камбаратин ГЭС-1 құрылысының жобасы ұсынылды
03.05.2024
G7 елдері 2035 жылға қарай көмірден бас тарту туралы келісімге келді
03.05.2024
2032 жылға қарай Тәжікстан ЖЭК-ке толығымен көшуді жоспарлап отыр
03.05.2024
Африкада қалқымалы күн электр станциялары салынуда
02.05.2024
Оңтүстік кореялық компаниялар Астана, Алматы, Павлодар ЖЭО және Топар ГРЭС-ін жаңғыртуды жоспарлап отыр
02.05.2024
Көміртексіздендіру және тұрақты даму «Орталық Азия және Каспийдегі мұнай-газ химиясы және мұнай өңдеу» 11-ші конференциясының басты тақырыбына айналады
01.05.2024
Каспий теңізінің түбімен энергетикалық кабель тарту жобасы: Қазақстан, Әзірбайжан және Өзбекстан Энергетика министрлігінің басшылары меморандумға қол қойды
30.04.2024
Қытайда әлемдегі ең ірі толығымен электрлі контейнер тасушы кеме пайдалануға берілді
30.04.2024
Masdar Грузияда ірі күн электр станциясын салады
30.04.2024
Түркияда ЖЭК үлесі 50%-ға жақындады
29.04.2024
Acwa Power Қазақстанның Каспий маңы аймағында ЖЭК жобасын құрмақ
29.04.2024
Баварияда тік қалқымалы фотоэлектрлік жүйе құрылады
29.04.2024
Латвияда ең ауқымды күн электр станциясы 2 мамырда ашылады
29.04.2024
2024 жылы Жетісуда жаңартылған энергия көздері бағытында 4 жоба іске қосылады
26.04.2024
ЕАЭО-ның энергетикалық перспективалары көміртексіздендіруге ауысуды және климаттық күн тәртібінің басымдығын ескеруі тиіс