Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары31.05.2023

Қытайлық компания Жамбыл облысында жел қондырғы-бағаналарын шығаратын зауыт салуға ниетті

QAZAQ GREEN.  Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов қытайлық «China Power International Holding Ltd» компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді.

Қытайлық компания бұған дейін Сарысу ауданында Жаңатас жел электр станциясы, Шоқпар ЖЭС жобаларын сәтті жүзеге асырған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапары аясында өткен қазақ-қытай инвестициялық дөңгелек үстелі барысында ҚР Энергетика министрлігі, «Самұрық-Қазына» АҚ, «China Power International Holding Ltd», «SANY Renewable Energy» компаниялары арасында Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері саласында ауқымды жобаны іске асыруға бағытталған келісімге қол қойылған болатын.

Аталған келісімге сәйкес, Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт болатын ірі жел электр станциясын салу жобасы әзірленеді.

Кездесуде тараптар өзара тиімді ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын, сондай-ақ оны кеңейтуге қатысты жоспарларын талқылады.

«China Power» компаниясының даму жөніндегі директоры Чен Че   жел қондырғы-бағаналары зауытының (жалпы инвестиция 53 миллион АҚШ доллары), жел генераторларына арналған құрылғыларды құрастыру кәсіпорнының ( 25 миллион АҚШ доллары) және жел мұнараларының айналма құрылғыларын шығару бойынша жобалармен таныстырды (70 миллион. АҚШ доллары).

Нұржан Нұржігітов «Тараз» ӘКК және басқа жауапты тұлғаларға жобаларға қолдау көрсетуді, жер қатынастары басқармасына жер телімдерін беру мәселесін уақыт созбай шешуді тапсырды.

Аймақ басшысы инвесторларға мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау көрсетілетінін жеткізді.

26.04.2024
ЕАЭО-ның энергетикалық перспективалары көміртексіздендіруге ауысуды және климаттық күн тәртібінің басымдығын ескеруі тиіс
26.04.2024
SNSF: Швейцариядан тік жел турбиналары электр энергиясын көбірек өндіруге қабілетті
26.04.2024
ХЭА энергия ауысуын жеделдету үшін аккумуляторлардың арзандауына үміттенеді
26.04.2024
Грузияда қалқымалы күн электр станциясы ашылды
25.04.2024
Латвияда үлгілік емес жылыту шешімі бар үйлер пайдалануға берілді
25.04.2024
Ғалымдар қайта өңделетін материалдардан қалақтарды 3D басып шығаруды әзірлеуде
25.04.2024
Қытайда теңіз КЭС құрылысына рұқсат етілген теңіз аймақтары анықталды
24.04.2024
1 миллионға жуық американдық отбасы күн батареясынан қуат алады
24.04.2024
Мәжіліс жаңартылатын энергия көздеріне қатысты заңды қабылдады
23.04.2024
Вильнюс қаласында Литвада өндірілген алғашқы күн батареясы ұсынылды
23.04.2024
Айнұр Соспанова: Екіжақты шарттар нарығының жұмысын реттейтін нақты ережелер қажет
23.04.2024
ГЭС, ЖЭС құрылысына ЖЭК аукциондық сауда-саттығына қатысушылардың тізіліміне енгізу үшін құжаттарды қабылдау басталды
22.04.2024
JinkoSolar энергияны жинақтау бойынша 1-деңгейдегі BNEF тізіміне енді
22.04.2024
Жапония 2025 жылы ғарыштан Жерге күн энергиясын беруді жоспарлап отыр
19.04.2024
АҚШ-та шойын мен болатты тазарту технологияларын әзірлеуге 28 миллион доллар бөлінеді
19.04.2024
Австралия қараусыз қалған көмір шахтасында қуаты 1 ГВт ГЭС салуды жоспарлап отыр
19.04.2024
Apple жаңартылатын энергия көздері мен су ресурстарының тұрақтылығына күш салуда
18.04.2024
Еуропада екі мемлекет жел генераторларының қуатын арттырудың арқасында 100% жаңартылатын энергиямен қамтамасыз етілді
18.04.2024
IRENA есебі: ЖЭК-ке көшу энергия қауіпсіздігіне жаңа көзқарасты қажет етеді
17.04.2024
CATL өнеркәсіптік батареяны, Megapack Tesla баламасын ұсынды