Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары01.06.2023

Еуропалық Одақ Астана қаласының ең энергиялық тиімді мектебін марапаттады

QAZAQ GREEN. Бүгін Астана қаласының ең энергиялық тиімді мектебін марапаттау рәсімі өтті. №59 мектеп-лицей елорданың 100 мемлекеттік мектебінің ішінде ең энергиялық тиімді мектеп деп танылды.

Рәсімді Еуропалық Одақ (ЕО) өзінің "Орталық Азиядағы тұрақты энергетикалық байланыстар" (SECCA) жобасы арқылы Астана қаласының әкімдігімен бірлесе отырып, ЕО–Қазақстан тұрақты энергетика күндері шеңберінде және Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырды. Іс-шараға оқытушылар, оқушылар, ата-аналар, сондай-ақ Еуропалық Одақ пен ЕО-ға мүше мемлекеттердің елшілері, Астана қаласы әкімдігі мен білім басқармасының өкілдері қатысты.

ЕО-ның Қазақстандағы елшісі Кестутис Янкаускас Астана қаласы әкімдігінің Отын-энергетика кешені басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Байсадиковпен бірге мектепті марапаттады.

Қатысушыларға сөйлеген сөзінде Елші Янкаускас мырза былай деді: "”Ең энергиялық тиімді мектеп” марапаты – сіздің мектебіңіз үшін тамаша жетістік! Құттықтаймыз! Жарайсыздар мектеп, мұғалімдер, балалар және олардың ата-аналары! Осы үлгілеріңіз басқа да мектептерді шабыттандырады, және бұл өмірімізді жасыл, ал қоршаған ортамызды сау етеді деп үміттенемін. Бұл Қазақстанның жасыл экономикаға көшуіне үлкен үлес. Еуропалық Одақ – сіздердің осы қызықты сапардағы серіктесіңіз!".

Марапаттау рәсімінен кейін мектеп оқушылары "Көмірқышқыл газы шығарындыларын азайтайық, ғаламшарды сақтайық!" деп аталатын флешмоб жасады. Флешмобтың мақсаты – көліктен шығатын тым көп мөлшердегі парниктік газдардың шығарындыларына назар аударту болды, ол газдар қоршаған ортаны, климатты ластайды және осылайша адамдардың денсаулығының нашарлауына әкеледі.  Тағы бір мақсаты – адамдарды жасыл көлік түрлерін таңдауға шабыттандыру.

Мектептің бір өкілі тұрақты энергияны ілгерілету бойынша ең үздік еуропалық тәжірибелерді зерттеу үшін 2023 жылдың күзіне жоспарланған ЕО-ның Еуропаға танысу сапарына шақырылды. Сонымен қатар, ЕО мектепке мурал (монументалды қабырға суретін) сыйлады, ол ЕО-ның Қазақстандағы "Сенімді келешек үшін тұрақты энергетика" үздік мурал дизайны байқауы нәтижесінде таңдалады.

ЕО тұрақты энергетика күндері Қазақстанда және Орталық Азияның барлық елдерінде мүдделі тараптардың барлық ұлттық топтары мен қалың жұртшылықтың тұрақты энергетиканың маңыздылығы, артықшылықтары мен қолжетімділігі туралы хабардарлығын арттыру мақсатында өткізіледі.

06.05.2024
Шымкенттің кәріз ағындарын қалай электр энергиясына түрлендіреді
06.05.2024
Eurostar 2030 жылға қарай барлық пойыздарды ЖЭК-ке ауыстыруға ниетті
06.05.2024
Ресейде нанотехнологиялардың көмегімен күн батареялары жетілдірілді
04.05.2024
Жел турбиналарының «әлемдегі алғашқы» ағаш қалақтары Германияда орнатылды
04.05.2024
АҚШ-та натрий-ионды аккумуляторлардың алғашқы сериялық өндірісі пайда болды
04.05.2024
Ташкент инвестициялық форумында Камбаратин ГЭС-1 құрылысының жобасы ұсынылды
03.05.2024
G7 елдері 2035 жылға қарай көмірден бас тарту туралы келісімге келді
03.05.2024
2032 жылға қарай Тәжікстан ЖЭК-ке толығымен көшуді жоспарлап отыр
03.05.2024
Африкада қалқымалы күн электр станциялары салынуда
02.05.2024
Оңтүстік кореялық компаниялар Астана, Алматы, Павлодар ЖЭО және Топар ГРЭС-ін жаңғыртуды жоспарлап отыр
02.05.2024
Көміртексіздендіру және тұрақты даму «Орталық Азия және Каспийдегі мұнай-газ химиясы және мұнай өңдеу» 11-ші конференциясының басты тақырыбына айналады
01.05.2024
Каспий теңізінің түбімен энергетикалық кабель тарту жобасы: Қазақстан, Әзірбайжан және Өзбекстан Энергетика министрлігінің басшылары меморандумға қол қойды
30.04.2024
Қытайда әлемдегі ең ірі толығымен электрлі контейнер тасушы кеме пайдалануға берілді
30.04.2024
Masdar Грузияда ірі күн электр станциясын салады
30.04.2024
Түркияда ЖЭК үлесі 50%-ға жақындады
29.04.2024
Acwa Power Қазақстанның Каспий маңы аймағында ЖЭК жобасын құрмақ
29.04.2024
Баварияда тік қалқымалы фотоэлектрлік жүйе құрылады
29.04.2024
Латвияда ең ауқымды күн электр станциясы 2 мамырда ашылады
29.04.2024
2024 жылы Жетісуда жаңартылған энергия көздері бағытында 4 жоба іске қосылады
26.04.2024
ЕАЭО-ның энергетикалық перспективалары көміртексіздендіруге ауысуды және климаттық күн тәртібінің басымдығын ескеруі тиіс