Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары28.03.2024

Премьер-министр, ENI барлау және өндіру жөніндегі директоры Маңғыстау облысында гибридті электр станциясының құрылысын талқылады

QAZAQ GREEN. Қазақстан Республикасының премьер-министрі Олжас Бектенов италиялық ENI компаниясының табиғи ресурстар бөлімшесінің барлау және өндіру жөніндегі директоры Лука Виньятимен энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелері жөнінде кездесу өткізді, деп хабарлайды премьердің баспасөз қызметі.

Кездесуде Қарашығанақ және Қашаған кен орындарындағы бірлескен жұмыс барысы қаралып, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздері саласындағы жаңа жобаларды іске қосу мәселелері талқыланды.

Тараптар Қарашығанақты кеңейту жобасының жоспарға сай іске асырылып жатқанын атап өтті. Бүгінгі таңда өндірісті жылына 11 млн тонна деңгейінде ұстап тұру үшін шикі газды кері айдайтын қосымша 5-6 компрессорды іске қосу процесі жалғасуда. Қуаты жылына 4 млрд м3 болатын газ өңдеу зауытын салу жобасы белсенді түрде іске асырылып жатыр, жаңа кәсіпорын халықты тиімді бағадағы тауарлық газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қашаған кен орнын толық көлемде игеру жұмыстары уақтылы жүзеге асырылуда және Үкіметтің ерекше бақылауында. Тараптар сондай-ақ алдағы газ өңдеу зауытының құрылысына қатысты өзге де мәселелерді талқылады.

Келіссөз барысында Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды іске асыруда ENI компаниясымен ынтымақтастықтың оң тәжірибесіне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, Ақтөбе облысында «Бадамша-1», «Бадамша-2» жел электр станцияларының, Түркістан облысында «Шәуілдір» күн электр станциясының іске қосылуы сөз болды. Алдағы кезеңде жұмыстар Маңғыстау облысында жалпы қуаты 247 МВт болатын ЖЭК және табиғи газбен жұмыс істейтін гибридті аралас электр станциясын бірлесіп салуға бағытталатын болады. Бұл өндірістегі апатты жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов Қарашығанақ пен Қашағандағы жобаларды іске асыру кезінде тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудағы қазақстандық қамту үлесін арттырудың маңызын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар ұзақ мерзімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екендерін растады. 

 

06.05.2024
Шымкенттің кәріз ағындарын қалай электр энергиясына түрлендіреді
06.05.2024
Eurostar 2030 жылға қарай барлық пойыздарды ЖЭК-ке ауыстыруға ниетті
06.05.2024
Ресейде нанотехнологиялардың көмегімен күн батареялары жетілдірілді
04.05.2024
Жел турбиналарының «әлемдегі алғашқы» ағаш қалақтары Германияда орнатылды
04.05.2024
АҚШ-та натрий-ионды аккумуляторлардың алғашқы сериялық өндірісі пайда болды
04.05.2024
Ташкент инвестициялық форумында Камбаратин ГЭС-1 құрылысының жобасы ұсынылды
03.05.2024
G7 елдері 2035 жылға қарай көмірден бас тарту туралы келісімге келді
03.05.2024
2032 жылға қарай Тәжікстан ЖЭК-ке толығымен көшуді жоспарлап отыр
03.05.2024
Африкада қалқымалы күн электр станциялары салынуда
02.05.2024
Оңтүстік кореялық компаниялар Астана, Алматы, Павлодар ЖЭО және Топар ГРЭС-ін жаңғыртуды жоспарлап отыр
02.05.2024
Көміртексіздендіру және тұрақты даму «Орталық Азия және Каспийдегі мұнай-газ химиясы және мұнай өңдеу» 11-ші конференциясының басты тақырыбына айналады
01.05.2024
Каспий теңізінің түбімен энергетикалық кабель тарту жобасы: Қазақстан, Әзірбайжан және Өзбекстан Энергетика министрлігінің басшылары меморандумға қол қойды
30.04.2024
Қытайда әлемдегі ең ірі толығымен электрлі контейнер тасушы кеме пайдалануға берілді
30.04.2024
Masdar Грузияда ірі күн электр станциясын салады
30.04.2024
Түркияда ЖЭК үлесі 50%-ға жақындады
29.04.2024
Acwa Power Қазақстанның Каспий маңы аймағында ЖЭК жобасын құрмақ
29.04.2024
Баварияда тік қалқымалы фотоэлектрлік жүйе құрылады
29.04.2024
Латвияда ең ауқымды күн электр станциясы 2 мамырда ашылады
29.04.2024
2024 жылы Жетісуда жаңартылған энергия көздері бағытында 4 жоба іске қосылады
26.04.2024
ЕАЭО-ның энергетикалық перспективалары көміртексіздендіруге ауысуды және климаттық күн тәртібінің басымдығын ескеруі тиіс