Қазақстан жаңалықтары26.09.2022
Қуаты 100 МВт жел электр станциясы Астанада салынбақ
QAZAQ GREEN. Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордада жел электр станциясы салынатынын мәлім етті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
«Елордада шетелдік жеке қаражат есебінен жел электр станциясын (ЖЭС) салуды жоспарлап отырмыз. Бұл мәселені Италияның ENI мұнай-газ компаниясымен («Arm Wind» ЖШС), ҚР Энергетика министрлігі өкілдерімен бірлесе пысықтап жатырмыз.
Жел электр станциясының қуаты бірінші кезеңде 50 МВт болады, ал одан әрі 100 МВт-тан аса ұлғайтуға мүмкіндігі бар.
Жаңартылатын энергия көздері саласындағы бұл жоба электр энергиясының қосымша маңызды көлемін құруға мүмкіндік береді. Осы арқылы құрылысы жүріп жатқан болашақ аудандарды электр энергиясымен қамтамасыз етеді», – деп жазды елорда әкімі.
Оның айтуынша, осы мақсатта тартылатын шетелдік жеке инвестициялар сомасы 50 млрд теңгеге жуықтайды. Қазіргі уақытта техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп жатыр.
G7 елдері 2035 жылға қарай көмірден бас тарту туралы келісімге келді
2032 жылға қарай Тәжікстан ЖЭК-ке толығымен көшуді жоспарлап отыр
Африкада қалқымалы күн электр станциялары салынуда
Оңтүстік кореялық компаниялар Астана, Алматы, Павлодар ЖЭО және Топар ГРЭС-ін жаңғыртуды жоспарлап отыр
Көміртексіздендіру және тұрақты даму «Орталық Азия және Каспийдегі мұнай-газ химиясы және мұнай өңдеу» 11-ші конференциясының басты тақырыбына айналады
Каспий теңізінің түбімен энергетикалық кабель тарту жобасы: Қазақстан, Әзірбайжан және Өзбекстан Энергетика министрлігінің басшылары меморандумға қол қойды
Қытайда әлемдегі ең ірі толығымен электрлі контейнер тасушы кеме пайдалануға берілді
Masdar Грузияда ірі күн электр станциясын салады
Түркияда ЖЭК үлесі 50%-ға жақындады
Acwa Power Қазақстанның Каспий маңы аймағында ЖЭК жобасын құрмақ
Баварияда тік қалқымалы фотоэлектрлік жүйе құрылады
Латвияда ең ауқымды күн электр станциясы 2 мамырда ашылады
2024 жылы Жетісуда жаңартылған энергия көздері бағытында 4 жоба іске қосылады
ЕАЭО-ның энергетикалық перспективалары көміртексіздендіруге ауысуды және климаттық күн тәртібінің басымдығын ескеруі тиіс
SNSF: Швейцариядан тік жел турбиналары электр энергиясын көбірек өндіруге қабілетті
ХЭА энергия ауысуын жеделдету үшін аккумуляторлардың арзандауына үміттенеді
Грузияда қалқымалы күн электр станциясы ашылды
Латвияда үлгілік емес жылыту шешімі бар үйлер пайдалануға берілді
Ғалымдар қайта өңделетін материалдардан қалақтарды 3D басып шығаруды әзірлеуде
Қытайда теңіз КЭС құрылысына рұқсат етілген теңіз аймақтары анықталды