Қазақстан жаңалықтары29.11.2022
Ұлытау облысында қуаты 100 МВт ЖЭС салынады
QAZAQ GREEN. 2022 жылғы 29 қарашада қуаты 100 МВт жел электр станцияларын (ЖЭС) іріктеу бойынша ҚР Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің солтүстік аймағы (Ұлытау облысы) үшін жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) бойынша онлайн-аукцион өткізілді, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 5 компания жіберілді. ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кезіндегі шекті аукциондық баға 2022 жылы 21,53 тг/кВтсағатты (ҚҚС-сыз) құрады.
Сауда-саттық сессиясын өткізу барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан алынған өтінімдердің баға диапазоны 21,53-тен 12,39 тг/кВтсағатты (ҚҚС-сыз) құрады.
Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша жеңімпаз болып белгіленген қуаттылығы 100 МВт, 12,39 тг/кВтсағатты аукциондық бағасымен (ҚҚС-сыз) «Mezgilder Qushteri» ЖШС (ҚХР) анықталды.
Аукциондық сауда-саттықты өткізу кезінде байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «KazEnergy» ЗТБ, Еуропалық қайта құру және даму банкі, USAID агенттігі, Qazaq Green қауымдастығы және «ЭЭҚРҚО» АҚ өкілдері қатысты. Байқаушылар аукциондық сауда-саттықтардың бекітілген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өткізілуін атап өтті және аукционды ұйымдастырушы – «ЭҚРҚО» АҚ электрондық сауда жүйесі жұмысының ашықтығын растады.
Өткізілген аукционның қорытындысы бойынша аукциондық баға 42,5%-ға төмендеді. Аукциондық сауда-саттық неғұрлым тиімді жобаларды іріктеуге және ЖЭК объектілері өндіретін электр энергиясына нарықтық бәсекелестік бағаларды қалыптастыруға бағытталған.
Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы болып «ЭҚРҚО» АҚ айқындалған.
2024 жылы Жетісуда жаңартылған энергия көздері бағытында 4 жоба іске қосылады
ЕАЭО-ның энергетикалық перспективалары көміртексіздендіруге ауысуды және климаттық күн тәртібінің басымдығын ескеруі тиіс
SNSF: Швейцариядан тік жел турбиналары электр энергиясын көбірек өндіруге қабілетті
ХЭА энергия ауысуын жеделдету үшін аккумуляторлардың арзандауына үміттенеді
Грузияда қалқымалы күн электр станциясы ашылды
Латвияда үлгілік емес жылыту шешімі бар үйлер пайдалануға берілді
Ғалымдар қайта өңделетін материалдардан қалақтарды 3D басып шығаруды әзірлеуде
Қытайда теңіз КЭС құрылысына рұқсат етілген теңіз аймақтары анықталды
1 миллионға жуық американдық отбасы күн батареясынан қуат алады
Мәжіліс жаңартылатын энергия көздеріне қатысты заңды қабылдады
Вильнюс қаласында Литвада өндірілген алғашқы күн батареясы ұсынылды
Айнұр Соспанова: Екіжақты шарттар нарығының жұмысын реттейтін нақты ережелер қажет
ГЭС, ЖЭС құрылысына ЖЭК аукциондық сауда-саттығына қатысушылардың тізіліміне енгізу үшін құжаттарды қабылдау басталды
JinkoSolar энергияны жинақтау бойынша 1-деңгейдегі BNEF тізіміне енді
Жапония 2025 жылы ғарыштан Жерге күн энергиясын беруді жоспарлап отыр
АҚШ-та шойын мен болатты тазарту технологияларын әзірлеуге 28 миллион доллар бөлінеді
Австралия қараусыз қалған көмір шахтасында қуаты 1 ГВт ГЭС салуды жоспарлап отыр
Apple жаңартылатын энергия көздері мен су ресурстарының тұрақтылығына күш салуда
Еуропада екі мемлекет жел генераторларының қуатын арттырудың арқасында 100% жаңартылатын энергиямен қамтамасыз етілді
IRENA есебі: ЖЭК-ке көшу энергия қауіпсіздігіне жаңа көзқарасты қажет етеді