Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары30.11.2022

Қазақстан мен Франция жаһандық жылынуға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық туралы келісті

QAZAQ GREEN.  2022 жылғы 30 қарашада Париж қаласында Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Франция Республикасының Үкіметімен «Жаһандық жылынуға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты іске асыру туралы» арнайы келісімге қол қойды, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Келісім республикалар арасындағы, атап айтқанда, декарбонизация және жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) саласындағы ұзақ мерзімді екіжақты өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған.

ЖЭК-пен жасыл технологияларды өндіру жөніндегі арнайы Келісімнің мақсаттарына жауап беретін ірі жобаларды дамыта отырып, Қазақстан Республикасы 2030 жылға қарай өндірілетін жаңартылатын энергия үлесін - электр энергиясын өндіруде 15% - ға дейін ұлғайту жөніндегі өз мақсатына қол жеткізуге айтарлықтай жақындап келеді.

2026 жылы іске асыру жоспарланып отырған осындай ірі жобалардың бірі Жамбыл облысында (Мирный кенті) қуаты 1 ГВт, 300МВт-600МВтс энергия жинақтау жүйесі бар жел электр станциясын ұзақ мерзімді электр энергиясын тәуелсіз өндіруші Total Eren және «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобымен салу болып табылады.

Жоба шеңберінде көмірқышқыл газы (СО2) шығындыларын жыл сайын кем дегенде 2 миллион тоннаға қысқарту күтілуде, сондай-ақ қазақстандық қамту көзделуде.

Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері саласындағы тиісті құзыреттер орталығы құрылады және 2000-нан астам уақытша және тұрақты жұмыс орындары құрылады. 

03.05.2024
G7 елдері 2035 жылға қарай көмірден бас тарту туралы келісімге келді
03.05.2024
2032 жылға қарай Тәжікстан ЖЭК-ке толығымен көшуді жоспарлап отыр
03.05.2024
Африкада қалқымалы күн электр станциялары салынуда
02.05.2024
Оңтүстік кореялық компаниялар Астана, Алматы, Павлодар ЖЭО және Топар ГРЭС-ін жаңғыртуды жоспарлап отыр
02.05.2024
Көміртексіздендіру және тұрақты даму «Орталық Азия және Каспийдегі мұнай-газ химиясы және мұнай өңдеу» 11-ші конференциясының басты тақырыбына айналады
01.05.2024
Каспий теңізінің түбімен энергетикалық кабель тарту жобасы: Қазақстан, Әзірбайжан және Өзбекстан Энергетика министрлігінің басшылары меморандумға қол қойды
30.04.2024
Қытайда әлемдегі ең ірі толығымен электрлі контейнер тасушы кеме пайдалануға берілді
30.04.2024
Masdar Грузияда ірі күн электр станциясын салады
30.04.2024
Түркияда ЖЭК үлесі 50%-ға жақындады
29.04.2024
Acwa Power Қазақстанның Каспий маңы аймағында ЖЭК жобасын құрмақ
29.04.2024
Баварияда тік қалқымалы фотоэлектрлік жүйе құрылады
29.04.2024
Латвияда ең ауқымды күн электр станциясы 2 мамырда ашылады
29.04.2024
2024 жылы Жетісуда жаңартылған энергия көздері бағытында 4 жоба іске қосылады
26.04.2024
ЕАЭО-ның энергетикалық перспективалары көміртексіздендіруге ауысуды және климаттық күн тәртібінің басымдығын ескеруі тиіс
26.04.2024
SNSF: Швейцариядан тік жел турбиналары электр энергиясын көбірек өндіруге қабілетті
26.04.2024
ХЭА энергия ауысуын жеделдету үшін аккумуляторлардың арзандауына үміттенеді
26.04.2024
Грузияда қалқымалы күн электр станциясы ашылды
25.04.2024
Латвияда үлгілік емес жылыту шешімі бар үйлер пайдалануға берілді
25.04.2024
Ғалымдар қайта өңделетін материалдардан қалақтарды 3D басып шығаруды әзірлеуде
25.04.2024
Қытайда теңіз КЭС құрылысына рұқсат етілген теңіз аймақтары анықталды