Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары17.01.2023

ЕАЭО елдерінің «жасыл» жобаларын қаржыландыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін модельдік таксономия бекітілді

QAZAQ GREEN.  Еуразиялық экономикалық комиссия Ресей Федерациясында және Қазақтан Республикасында таксономиялардың ұлттық әзірлеушісі болып табылатын РФ СЭБ мемлекеттік корпорациясымен және «Астана» халықаралық қаржы орталығының Жасыл қаржы орталығымен бірлесіп, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің жасыл жобаларының критерийлерін (модельдік таксономиясын) дайындады. 

Модельдік таксономия климаттық күн тәртібі шеңберінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің позицияларын жақындастыру бойынша ұсыныстар тұжырымдау жөніндегі жоғары деңгейлі жұмыс тобының отырысында мақұлданды. "Біз Еуразиялық үкіметаралық кеңес шешімдерін орындау жолында бекітілген құжат туралы айтып отырмыз, бұл ЕАЭО-ның бүкіл кеңістігінде оларды қаржыландыру мақсаты үшін оны жасыл жобаларды іріктеудің толық құқықты құралы ретінде қарауға мүмкіндік береді",- деп пайымдайды ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев.

Оның сөзінше, халықаралық сарапшылар көміртек бейтараптығына қол жеткізу үшін әлемдік экономикаға 2050 жылға дейін 5 трлн доллар талап етіледі деп бағалайды. Осымен бір мезгілде төмен көміртектің дамуына сыйысымды және ынталандырылатын салалар мен технологиялар тізбесін қайта қарау орын алуда.

Жасыл және жасыл емес салалар мен технологиялардың аражігін ажырату мәселесі тап сол жасыл таксоманияларды (жасыл жобалардың критерийлерін) құру шеңберінде шешіледі. Бүгінгі таңда әлемде 15-ке жуық ұлттық жүйе құрылған, олардың арасында Еуропалық одақтың, Қытай Халық Республикасының, Ресей Федерациясының және Қазақстан Республикасының таксономиялары бар.

Модельдік таксономияны дайындау мақсаты ЕАЭО кеңістігінде жасыл қаржыландыру құралдарын жүйелі дамыту шеңберінде мүше мемлекеттердің тәсілдемелерін ынталандыру және жақындастыру, сондай-ақ капиталдың еркін қозғалысын қамтамасыз ету болып табылады. Жасыл жобалардың дайындалған критерийлері интеграциялық бірлестік үшін қалыптастырылған ұлттық таксономияны әзірлеу немесе өзектілендіру үшін негіз бола алатын критерийлердің бірі болды.

"Модельдік таксономия ЕАЭО елдерінің инвестор-компанияларының ЕАЭО елдерінің биржаларында қаржыландыру құралдарын орналастыру арқылы қатысушы елдердің нарықтарына қол жеткізуін оңайлата алады. Модельдік таксономия құрылымында салалық тәсілдеме пайдаланылған, салаларды таңдау көбінесе салалардың көмірсутекті қажетсінуіне және шығарындыларды қысқарту әлеуетіне негізделеді»,- деді Андрей Слепнев.

Сонымен бірге, критерийлерді айқындау кезінде әлемдік тәсілдемелер мен үздік әлемдік практикалар талданды, сондай-ақ климаттық мақсаттарға қол жеткізудің ұлттық тәсілдемелері тиісті түрде назарға алынды. Әлемдік тәсілдемелерді есепке алу модельдік таксономияның басқа халықаралық стандарттармен үйлесімділігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге, сондай-ақ оны стандарттарды әзірлеушілердің халықаралық қауымдастығы мен халықаралық инвесторлардың тануына мүмкіндік береді.

Жасыл жобалардың әзірленген модельдік таксономиясынан басқа, жұмыс тобы төмен көміртекті экономиканы қаржыландыру жүйелерін дамытудың халықаралық және ұлттық тәсілдемелері туралы баяндама дайындады.

Материалдармен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Анықтама

Климаттық күн тәртібі шеңберінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің позицияларын жақындастыру бойынша ұсыныстар тұжырымдау жөніндегі жоғары деңгейлі жұмыс тобы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2021 жылғы 21 тамыздағы №10 өкіміне сәйкес құрылды. Оны ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев басқарады. ЕҮК 2022 жылғы 21 қазандағы №18 тапсырмасымен ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің климаттық күн тәртібі шеңберіндегі ынтымақтастығы жөніндегі іс-шаралардың (жол картасының) алғашқы пакеті бекітілді. Жол картасы тармақтарының бірінде ұлттық және халықаралық практикаларды талдау, соның ішінде ЕАЭО жасыл жобаларының модельдік таксономиясы бойынша жалпы тәсілдемелерді пысықтау жөнінде баяндама дайындау көзделген. 

 

20.05.2024
Сутегі энергетикасы саласындағы серіктестік
17.05.2024
Жаңа буын электр станциясы ауаның сығылуына негізделеді
17.05.2024
Тәжікстан мамыр айының соңына дейін Орталық Азияның бірыңғай энергожүйесіне қосылады
17.05.2024
Қытайда натрий-иондық элементтері бар әлемдегі алғашқы өнеркәсіптік энергия сақтау станциясы іске қосылды
16.05.2024
Күн энергиясын сақтау үшін жанартау күлін пайдалану ұсынылды
16.05.2024
Күн энергиясының көмегімен 1000°C-ден жоғары температура алынды
14.05.2024
Латвияда 115 млн еуро сомасына электромобильдерді зарядтауға арналған үлкен желі салынады
14.05.2024
Ember: ЕО-да алғаш рет қазба отынынан электр энергиясын өндіру үлесі 25%-дан төмен болды
13.05.2024
Қырғызстан ЖЭК дамытуға 80,2 млн доллар кредит алады
13.05.2024
Әлемдегі алғашқы жасанды энергетикалық аралдың құрылысы қарқынды жүріп жатыр
13.05.2024
Біз сусыз қаламыз ба? Неліктен Қырғызстанда да су тапшылығы пайда болды?
10.05.2024
Ауадан электр энергиясын өндіретін ақуыз талшықтары жасалды
10.05.2024
ЕО Қазақстанмен ЖЭК саласында ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі – елші
10.05.2024
Магманың өзіне дейін бұрғылау: қауіпті жоспар геотермалдық энергияны аса маңызды сызықтарға шығарады
09.05.2024
Ember: ЖЭК 2023 жылы әлемдік электр генерациясының рекордтық 30%-ын қамтамасыз етті
09.05.2024
Жердің тереңінен шыққан энергия – Орталық Азия елдерінде геотермалдық энергияны пайдаланудың қандай пайдасы бар?
09.05.2024
Климаттың өзгеруіне қарсы күрестің тиімділігі бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 67-ден 60-орынды ғана иеленді
06.05.2024
Англияда сусыз инновациялық гидроэнергетикалық қойма салынады
06.05.2024
Шымкенттің кәріз ағындарын қалай электр энергиясына түрлендіреді
06.05.2024
Eurostar 2030 жылға қарай барлық пойыздарды ЖЭК-ке ауыстыруға ниетті