Экологиялық саясат

Экологиялық саясат10.06.2023

Бахром Джалолов: «Алтыналмас» табиғи ресурстарды ақылға қонымды пайдалануға мүдделі

«Алтыналмас» алтын өндіруші компаниясы биыл «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығының аккредиттелген бақылаушысы ретінде қабылданды. Осылайша, компания тұрақты дамудың жоғары стандарттарына адалдығын және «жасыл» энергетиканы дамытуға деген ұмтылысын көрсетеді. Қазақстандағы ең ірі алтын өндірушілердің бірі болып табылатын компанияда ESG (экологиялық және әлеуметтік жауапкершілік, корпоративтік басқару) стандарттары, әсіресе «жасыл» жобалар бөлігінде қалай іске асырылатыны туралы «Алтыналмас АК» АҚ тұрақты даму жөніндегі бас атқарушы директоры Бахром Джалолов Qazaq Green журналына берген сұхбатында айтып берді.

- Бахром Бурхонович, Сіз компанияда соңғы жылдары мегатрендке айналған маңызды бағытты – ESG және тұрақты даму қағидаттарына жетекшілік етесіз. «Алтыналмас» компаниясында әлеуметтік, экологиялық жауапкершілік пен тиімді корпоративтік басқарудың күн тәртібі қалай іске асырылады?

- Алтыналмас тобы бүгінде корпоративтік басқару жүйесінің барлық деңгейлерінде тұрақты даму қағидаттарын енгізу бойынша жұмыс жүргізуде. Біз әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік аспектілерін бизнес-процестерге біріктіру компанияның ұзақ мерзімді перспективада дамуы үшін қажетті шарт екенін түсінеміз. Біздің ESG тәжірибемізді дамытудың негізгі бағыттары еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы үздік көрсеткіштерге қол жеткізу, қатысу өңірлеріндегі экологиялық үлесті арттыру, мүдделі тараптармен өзара қарым-қатынасты жақсарту, корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру, сондай-ақ корпоративтік мәдениетті дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл болып табылады.

Алтыналмас тобында бүгінде 10,5 мыңнан астам адам еңбек етуде. Компания лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған персоналды басқару жүйесін дамыту бойынша ауқымды жұмыс жүргізеді. Компанияда қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және проблемалық жағдайларды шешуде жұмыс берушімен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету үшін қызметкерлердің өкілді органы жұмыс істейді, барлық мүдделі тараптардың мүдделерін ескеретін ұжымдық шартқа қол қойылды. Бұл - болашақ даму, жемісті әрі өзара тиімді ынтымақтастық негізі.

«Алтыналмас» Қазақстанның бірнеше өңірінде – Абай, Жамбыл, Қарағанды және Ақмола облыстарында қызметін белсенді жүзеге асырады. Компания өкілдері өңірлердің тұрғындарымен диалог құру үшін қоғамдық тыңдауларға және басқа да іс-шараларға тұрақты негізде қатысады. Білім беруге, әлеуметтік-экономикалық дамуға әлеуметтік аударымдар жасалады, жергілікті қоғамдастықпен өзара тиімді және сенімді серіктестік құруға бағытталған маңызды іс-шаралар өткізіледі. Топ бірқатар қайырымдылық және демеушілік іс-шаралар өткізеді. Компания сонымен қатар төтенше жағдайларда аймақ тұрғындарын қолдауға тырысады.

Күнделікті қызметімізде біз ESG жоғары стандарттары мен қағидаттарын ұстануға тырысамыз.

- Өткен жылы «Алтыналмас АК» АҚ тұрақты даму туралы есептілік рейтингінде үздік-10-ға кірді. PWC консалтингтік компаниясының сарапшылары ESG күн тәртібінің әлеуметтік құрамдасын жоғары бағалады. Сіз қоршаған ортаға зиян келтірмеу және белсенді өндірістік қызметті жүргізу үшін мүдделер тепе-теңдігін қалай таба аласыз?

- Шынында да, «Алтыналмас» GRI стандарттарына сәйкес тұрақты даму жөніндегі алғашқы есепті шығара отырып, ESG қағидаттарын сақтау туралы ашылған ақпараттың толықтығы мен сапасы бойынша үздік қазақстандық компаниялар арасында үздік-10 қатарына кірді. Рейтинг мұнай-газ, банк, энергетика және тау-кен салаларындағы 40 компанияның арасында өткізілді.


Зерттеу аясында 2021 жылы жарияланған қазақстандық компаниялардың тұрақты дамуы туралы жылдық есептер мен осы есептерде ESG ақпаратының сапасы мен қолжетімділігіне бағалау жүргізілді. Айта кету керек, біздің компания айтарлықтай өсім көрсетті. Осылайша, 2019 жылы «Алтыналмас» ESG рейтингінде 32-орында, ал 2020 жылы - 30-орында болды, бұл ретте бұған дейін ESG деректері жылдық есептің қорытындысы бойынша бағаланды. Бұл жолы сарапшылар компанияның «S» позициясы (қызметкерлер, жергілікті қауымдастықтар, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы) бойынша ақпаратты ашқаны үшін қосқан үлесін ерекше атап өтті. Компания «Astana Mining & Metallurgy Congress» (АММ) форумында үздік ESG стратегиясы үшін екінші орын алғанын айта кетемін.

Ірі алтын өндіруші кәсіпорын ретінде біз экономикаға, қоғамға және қоршаған ортаға, әсіресе өз қызметін жүргізетін өңірлерде айтарлықтай әсер ететінімізді түсінеміз. Сондықтан жұмыста біз барлық мүдделі тараптардың, соның ішінде компания қызметкерлері мен қатысу аймақтары тұрғындарының мүдделерінің тепе-теңдігін табуға тырысамыз. Компанияның ұзақ мерзімді тұрақты дамуының негізі әлеуметтік және экологиялық салалардағы одан әрі ілгерілеумен қоса операциялық және қаржылық көрсеткіштердің өсуі болып табылады.

- Егер экологияға ерекше назар аударатын болсақ, компания қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау үшін қандай жобаларды бастады?

«Алтыналмас» БҰҰ-ның Жаһандық шартына қосылып, сол арқылы тұрақты дамуға деген ұмтылысын күшейткенінен бастау керек. Біз өзіміз үшін 11 мақсатқа тоқталдық, олардың ішінде басты рөлді экологиялық күн тәртібі алады. 

Мысалы, БҰҰ мақсаты - «Таза су және санитария».

Кен өндіру және қайта өңдеу өндірісі өнеркәсіптің су сыйымды салаларына жатады және техникалық сумен қамтамасыз ету – жобаларды іске асыру кезінде маңызды мәселе. Өндірістік және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау көздері жеке артезиан ұңғымалары болып табылады. Компанияның барлық кәсіпорындарында су тұтыну мен су бұрудың тұйық циклі енгізілді. Пустынное, Ақбақай және Ақсу-2 жобаларында модульдік биологиялық тазарту құрылыстары пайдаланылады, олардан тазартылған шаруашылық-тұрмыстық сарқынды сулар өндірістік қажеттіліктер үшін пайдаланылады.

«Жауапты тұтыну және өндіріс мақсаты.

Біздің компания табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға мүдделі. Жоспарлау және жобалау кезінде әр жобаның қоршаған ортаға әсерін бағалау аса мұқият жүргізіледі, іс-шаралардың егжей-тегжейлі жоспарлары әзірленеді және теріс әсерді азайту бойынша технологиялар енгізіледі. 

Бүкіл әлемге және кез келген салаға қатысты жаһандық мақсаттардың бірі - климаттың өзгеруіне қарсы күрес.

«Алтыналмас» тұрақты негізде өндірістік экологиялық мониторингті (ӨЭМ) жүзеге асырады, оның шеңберінде арнайы аккредиттелген зертханалар негізгі экологиялық көрсеткіштерге өлшеулер жүргізеді. Бүгінгі күні ауа сынамаларының химиялық талдаулары, жер үсті, технологиялық және жер асты суларының жай-күйін талдау, шу деңгейі және радиация аясы белгіленген нормалардан аспайды. 2022 жылдың маңызды жобаларының қатарында Қарағанды облысындағы Пустынное және Долинное кен орындары арасындағы жолды күн батареяларымен жарықтандыру болды, бұл көміртегі ізін едәуір төмендетуге мүмкіндік берді, сондай-ақ ECO Network ұйымымен бірлесіп іске қосылған және кеңсе жұмысының бір тоқсанында ғана өңдеуге 272 килограмм қалдық жіберуге мүмкіндік берген «Жасыл кеңсе» жобасы болды, оның 180 килограмы – макулатура, 27 килограмы – шыны және 65 килограмнан астамы – пластик, осылайша біз атмосфераға көмірқышқыл газының шығарындыларын 2000 килограмнан астам азайттық, 12 ағашты аман алып қалдық, 24 тонна су мен 2000 киловаттқа жуық электр энергиясын үнемдедік.

БҰҰ тағы бір маңызды мақсаты - «Құрлық экожүйелерін сақтау».

«Алтыналмас» бөлімшелері аумақтарды көгалдандыру, жасыл екпелер алаңдарын ұлғайту бойынша үнемі жұмыстар жүргізеді. Бұл іс-шаралар компанияның флора мен фаунаны қорғау жөніндегі бағдарламалары аясында жүргізіледі.   Мысалы, 2022 жылдың қорытындысы бойынша алтыналмасшылар барлық өңірлерде 5500 ағаш отырғызды. Нархоз университетімен бірлесіп Ақмола облысындағы Ақсу қалдық қоймасында жүзеге асырылған шаңды фитоқармау жобасын ерекше атап өткім келеді, онда компьютерлік 3Д модельдеу бағдарламасының көмегімен 1400 ағаш отырғызылды, өмір сүру деңгейі бойынша жақсы аралық нәтиже бар, ол 93,2%-ды құрады.

Сондай-ақ, биылғы жылы компанияда Ақмола облысындағы қалдық қоймасында компьютерлік технологияларды пайдалана отырып, шаңды фитоқармау, шаңды басу үшін химиялық реагенттерді пайдалану және ESG жоғары стандарттарына сәйкес келетін басқа да маңызды экологиялық жобалар іске асырылды.

Біздің ойымызша, Алтыналмас компаниялар тобы осы бағыттарға барынша үлес қоса алады, алдағы уақытта әрбір басым мақсат бойынша нақты іс-шаралар бағдарламасы әзірленетін болады.

Біздің «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығына қатысуымыз көміртексіздендірудің тиімді құралы болып табылатын жаңартылатын көздер бойынша жобаларды іске асыруға деген ұмтылыспен шартталғанын қосамын. Әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік аспектілерін бизнес-процестерге интеграциялау біздің компаниямыздың тұрақты дамуы үшін қажетті шарт болып табылады деп санаймыз.

- Сұхбат үшін рахмет!

26.04.2024
ЕАЭО-ның энергетикалық перспективалары көміртексіздендіруге ауысуды және климаттық күн тәртібінің басымдығын ескеруі тиіс
26.04.2024
SNSF: Швейцариядан тік жел турбиналары электр энергиясын көбірек өндіруге қабілетті
26.04.2024
ХЭА энергия ауысуын жеделдету үшін аккумуляторлардың арзандауына үміттенеді
26.04.2024
Грузияда қалқымалы күн электр станциясы ашылды
25.04.2024
Латвияда үлгілік емес жылыту шешімі бар үйлер пайдалануға берілді
25.04.2024
Ғалымдар қайта өңделетін материалдардан қалақтарды 3D басып шығаруды әзірлеуде
25.04.2024
Қытайда теңіз КЭС құрылысына рұқсат етілген теңіз аймақтары анықталды
24.04.2024
1 миллионға жуық американдық отбасы күн батареясынан қуат алады
24.04.2024
Мәжіліс жаңартылатын энергия көздеріне қатысты заңды қабылдады
23.04.2024
Вильнюс қаласында Литвада өндірілген алғашқы күн батареясы ұсынылды
23.04.2024
Айнұр Соспанова: Екіжақты шарттар нарығының жұмысын реттейтін нақты ережелер қажет
23.04.2024
ГЭС, ЖЭС құрылысына ЖЭК аукциондық сауда-саттығына қатысушылардың тізіліміне енгізу үшін құжаттарды қабылдау басталды
22.04.2024
JinkoSolar энергияны жинақтау бойынша 1-деңгейдегі BNEF тізіміне енді
22.04.2024
Жапония 2025 жылы ғарыштан Жерге күн энергиясын беруді жоспарлап отыр
19.04.2024
АҚШ-та шойын мен болатты тазарту технологияларын әзірлеуге 28 миллион доллар бөлінеді
19.04.2024
Австралия қараусыз қалған көмір шахтасында қуаты 1 ГВт ГЭС салуды жоспарлап отыр
19.04.2024
Apple жаңартылатын энергия көздері мен су ресурстарының тұрақтылығына күш салуда
18.04.2024
Еуропада екі мемлекет жел генераторларының қуатын арттырудың арқасында 100% жаңартылатын энергиямен қамтамасыз етілді
18.04.2024
IRENA есебі: ЖЭК-ке көшу энергия қауіпсіздігіне жаңа көзқарасты қажет етеді
17.04.2024
CATL өнеркәсіптік батареяны, Megapack Tesla баламасын ұсынды