Экологиялық саясат

Экологиялық саясат03.05.2022

Жарқырай түс, сөнбе

Қазақстанның біртұтас электрэнергетикалық жүйесінде (БЭЖ) электр 7 станцияларындағы апаттылыққа байланысты аса қауыртжағдай сақталуда. Бір жағынан, бұл мәселе өндіруші жабдықтың ескіруіне байланысты. Мәселе ЖЭС генерациялайтын жабдықтарының 55%-дан астамының жасы 30 жылдан асады, гидроэлектр станциялары бойынша бұл көрсеткіш 66%-дан көп.

2021 жылғы қарашаның соңындағы жағдай бойынша 100%-дан астам парктік ресурстың атқарымы қазандық агрегаттары бойынша 26%-ды, бу турбиналары бойынша - 44%-ды, газ турбиналары бойынша - 3%-ды, ал гидроагрегаттар бойынша - 50%-ды құрайды. Жылдан жылға жүйедегі апаттык, жөндеулер көлемі өсуде. Электр энергиясы мен куат тапшылығына байланысты жабдык, іс жүзінде тозуға жұмыс істейді.

Осылайша, 18 қаңтарда Екібастұз ГРЭС-2-де №2 энергоблок апаттық түрде ажыратылды. Бұл ретте,жүйелік оператордың ақпараты бойынша осы уақытта Екібастұз ГРЭС-2-дегі №1 энергоблокта және Екібастұз ГРЭС-1-дегі №5 энергоблокта апаттык, жөндеулер жалғастырылды. Сол күні Екібастұз ГРЭС-1-дегі №2 энергоблок апаттық түрде ажыратылды. 19 қаңтарда Еуразиялық энергетикалык, корпорацияның(ЕЭК) №4 энергоблогында К-4А корпусы да апаттық түрде ажыратылды.

Сол күндері «КЕGОС» АҚ қалыптасқан жағдай Ресейдің энергия жүйесімен шекарадағы куаттың қолайсыз ауыткуларына, мемлекетаралық электр беру желілерінің шамадан тыс жүктелуіне және жүйелік апаттың туындау қаупіне әкелуі мүмкін екенін хабарлады.

ҚР БЭЖ-де қаңтардың екінші онкүндігінде жағдай шешілген тәрізді, мұндай апаттық тоқтаулар жүйеде 2021 жылдың қазан-қараша айларында орын алды. Бұл жерде реттеу бойынша жедел жұмыс бөлігінде диспетчерлік орталықтың кәсібилігіне құрмет көрсету керек. Алайда, бір аптадан кейін - 25 қаңтарда Өзбекстанның энергия жүйесінде апат болды, онда қысқа тұйықталу салдарынан Сырдария ЖЭС-тегі бэнергия блогы ажыратылды, генерацияның жалпы шығыны 1500 МВт құрады. Өзбекстанның энергия жүйесінде пайда болған қуаттапшылығы Өзбекстан мен Қырғызстанның энергия жүйелерімен қатар жұмыс істеуге қосылған Қазақстанның энергия жүйесінен қуатты санкцияланбаған іріктеуге алып келді. Нәтижесінде кейін шамадан артық жүктелуімен «Қазақстанның солтүстік-шығыс- оңтүстік» 500 кВ транзитіне қуаттылықтың «тасталуы» орын алды. Еліміздің оңтүстік облыстарының энергетикалық жабдығына зақым келтірмеу және оларды толық өтеу мақсатында автоматика әреке~Д^* арқылы транзиві бөліп, Алматы, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарын оқшауланған жұмысқа ауыстырды.

«КЕСОС»АҚ аварияға қарсы автоматиканың дұрыс және уақтылы жұмысының арқасында республиканың оңтүстік облыстарындағы барлық электр станциялары жиынтық қуаты шамамен 1500 МВт тұтынушыларды электрмен және жылумен жабдықтауды жалғастыра отырып, жұмыста қалды. Осылайша, Қазақстанның оңтүстік аймағындағы тұтынушылардың толық ажырауына жол берілмеді. «Қазақстанның солтүстік-шығыс- оңтүстік»500 кВ транзиті бойынша қуаттыңберілуініңболмауына байланысты мәжбүрлі шектеулер шамамен 1800 МВт құрады. Сол уақытта Өзбекстан мен Қырғызстанның энергия жүйелері барлық электр станциялары мен тұтынушыларды өшіре отырып, толығымен жойылды. Өзбекстанның энергия жүйесінде ажыратылған жүктеме шамамен 9600 МВт (100 тұтыну), Қырғызстанда шамамен 2600 МВт (100% тұтыну) құрады. Сол күні сағат 15:50-де (Нұр-Сұл- тан уақыты бойынша) «Қазфосфат»ЖШС және «ТМЗ»ЖШС-ны қоспағанда,Алматы қаласы, Алматы, Түркістан, Қызылорда облыстары және Жамбыл облысы бойын­ша тұтынушыларды электрмен жабдықтауға қойылған шектеулер толығымен алып тасталды. Сағат 20:41-деЖамбыл облысын қоса алғанда, оңтүстік аймақ бойынша барлық шектеулер толығымен алынып тасталды. Қазақстанның бірыңғай энергия жүйесі қалыпты режимде жұмыс істей бастады.

Қазіргі уақытта ҚР БЭЖ электр берудіңжүйеаралықжелілерімен байланысқан және бірыңғай технологиялык, режиммен біріктірілген ТМД елдері мен басқа да елдердің энергия бірлестігінде қатар жұмыс істейді. Бұл әр ел үшінүлкен экономикалык, пайда әкеледі. Параллель жұмыс көрші елдерде артық электр энергиясын сатуға немесе сатып алуға мүмкіндік береді, бұл барлық жүйелерге экономикалык, пайда әкеледі

Шектесэнергия жүйелерінің қатар жұмыс істеуі желілік инфрақұрылымды, генерация резервтерін салуға және күтіп-ұстауға жұмсалатын шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді,өйткені параллель жұмыс істейтін энергия жүйелері көршілердің есебінен резервтік генерациялык, қуатты беру бойынша өз қажеттіліктерін ішінара жабады.

Сонымен бірге, электр энергетикасы саласындағы қазіргі жағдайға байланысты біздің еліміз қымбат ресейлік электрэнергиясы үшін артық төлеуге мәжбүр екенін атап өткен жөн. Мәселен, 2021 жылы Ресей Федерациясынан электрэнергиясы импортының көлемі 1 812 603,7 мың кВт*сағ, ал РФ-ға экспорт - 1 326 596,2 мың кВт*сағ, ал ақшалай мәнде Ресейден электр энергиясы импортының көлемі 86,2 млн. АҚШ долларын, ал экспорт - 20,1 млн. АҚШ долларын құрады. Яғни, 2021 жылы Ресеймен электр энергиясының экспорт-импорт сальдосы 66,1 млн. АҚШ долларын құрады.

Өңірдегі қазіргі геосаяси жағдай аясында бұл тәуелділік Қазақстан Республикасының электр энергетикалык, қауіпсіздігі мәселелерін тағы да көтереді.



13.01.2025
ДМҰ: 2024 жыл тарихтағы ең ыстық жыл
13.01.2025
Қытай әлемдегі ең ірі су аккумуляторлық электр станциясын іске қосты
09.01.2025
Германияда күн панельдерінің орнатылған қуаты 100 ГВт-қа жетті
08.01.2025
2030 жылға қарай Қазақстан энергетика саласында 41 мың жұмыс орны құрады
08.01.2025
Өзбекстан жаңартылатын энергия көздерін қолдауды кеңейтуде
07.01.2025
Қытай Ұлы күн қабырғасын салып жатыр
05.01.2025
Еуроодақтағы электр энергиясының 48%-ы жаңартылатын энергия көздерінен өндірілді – Eurelectric
31.12.2024
ЕҚҚДБ Сербияға орталықтандырылған жылыту жүйесін декарбонизациялау үшін €105 млн несие береді
27.12.2024
Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан жүйелік операторлары «Жасыл дәліз» жобасын іске қосты
27.12.2024
2024 жылы жиынтық қуаты 700 МВт-тан астам энергетикалық генерация енгізілді
26.12.2024
Стратегиялық серіктестік: ЕАДБ мен Qazaq Green Қазақстанда жаңартылатын энергетиканы дамытуға келісті
24.12.2024
Satbayev University ғалымдары күн энергиясы панельдерін өндіруді бастады
23.12.2024
Қостанай облысында 1 гигаваттық жел электр станциясы салынады
23.12.2024
ЕО €2,7 млрд декарбонизация мен таза энергетика жобаларына бөлді
20.12.2024
Жаңа батарея дронның ұшу қашықтығын 40%-ға арттырды
19.12.2024
Қазақстанда ЖЭК жобаларын салу бойынша аукцион қатысушыларына қойылатын талаптар өзгерді
19.12.2024
Қазақстан электр желілерінің тиімділігін жаңғыртуға және электр энергиясының шығынын азайтуға €6 млн алды
17.12.2024
2025 жылдың 5-7 наурызында Италияда KEY - The Energy Transition Expo көрмесі өтеді
17.12.2024
ХЭА-нің энергия тиімділігі жөніндегі жаһандық конференциясы 2025 жылдың маусымында Брюссельде өтеді
17.12.2024
Энергетика министрлігі: Қазақстанда жыл соңына дейін 8 жаңа ЖЭК нысаны іске қосылады