Қазақстан жаңалықтары14.11.2023
Әлихан Смайылов Сауд Арабиясымен бірлескен ЖЭС бойынша келісу рәсімдерін жеделдетуді тапсырды

QAZAQ GREEN. ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Сауд Арабиясы Корольдігімен бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Атап айтқанда, Жетісу облысында қуаттылығы 1 ГВт болатын ірі жел электр станциясын салу жобасы талқыланды. Қазіргі уақытта дайындық жұмыстары жүріп жатыр, соңғы келісімге қол жеткізілгеннен кейін, 2025 жылы құрылысты бастау жоспарланған.
Премьер-министр әкімшілік рәсімдерді жеделдетуді және орталық мемлекеттік органдар тарапынан барлық қажетті шешімдерді бір күнде әзірлеуді тапсырды.
Сондай-ақ кеңесте ауыл шаруашылығы, фармацевтика, металлургия және т. б. салаларда жаңа жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Әлихан Смайылов Сауд Арабиясының инвесторларымен жұмысты барлық деңгейде жандандыру қажеттігін, атап айтқанда, ҚР Сыртқы істер министрлігі, Қазақстанның Жиддадағы дипломатиялық өкілдігі, «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы және басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар белсенді позицияны ұстануы, сондай-ақ әлеуетті жобалар пулын мұқият зерделеу қажет екенін атап өтті.
Премьер-министр Үкіметаралық комиссияның таяуда болатын отырысы қарсаңында екі ел кәсіпкерлерінің қатысуымен тақырыптық бизнес-форум ұйымдастыруды тапсырды.
Өзбекстанның күн және жел электр станциялары жыл басынан бері 5 млрд кВт·сағ энергия өндірді
Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказда жасыл энергетиканы дамыту үшін «Green Corridor Alliance» бірлескен кәсіпорны тіркелді
2024 жылы ЕО-да «жасыл» энергия жеткізілімі артты, ал көмір өз позициясын жоғалтуды жалғастырды
Қырғызстанда ЖЭК объектілері іске қосылғанға дейін жерді қайта сату тыйым салынды
ЖЭК Қазақстанның энергия балансында позициясын нығайтуда
15 тамызға дейін: IRENA Орталық Азияда ЖЭК саласында инвестициялық жобаларды қабылдауда
Amazon Жапонияда геотермалдық тапсырыстарды өңдеу орталығын ашады
Астанада Electronica Expo Kazakhstan көрмесі өтеді
Көксу өзенінде ГЭС құрылысы қайта жанданды: жоба туралы не белгілі
Әзірбайжан мен Дүниежүзілік банк ЖЭК саласында кредиттік келісімге қол қойды
АҚШ-тың күн және жел энергетикасы электр энергиясын өндіруде рекордтық үлеске жетті
Жаһандық баяндама: Орталық Азия жасыл энергетиканы дамытуға рекордтық қаржы ағындарын тартты
Билл Гейтс инвестициялаған революциялық жел станциясының құрылысы басталды
Тандемдік перовскиттік фотоэлементтер 26,4% тиімділікке қол жеткізді
Қазақстан мен Қытай стратегиялық энергетикалық әріптестікті талқылады
Ғарышқа арналған органикалық күн элементтері бойынша инновациялық зерттеу
Қазақстан мен Өзбекстан Орталық Азияда «жасыл» энергетиканы белсенді дамытуда
ҚазМұнайГаз Атырауда «жасыл» сутегі өндіру бойынша пилоттық жобаны іске қосты
Қазақстанда жеке үй иелері күн батареяларынан қалай ақша таба алады
Қазақстан аукциондық жүйе арқылы ЖЭК саласына 14 елден инвестиция тартты