Қазақстан жаңалықтары23.11.2023
Қазақстанда КЭС құрылысына аукциондық сауда саттық басталды

QAZAQ GREEN. 2023 жылғы 23 қарашада жалпы белгіленген қуаты 20 МВт ҚР БЭЖ Батыс аймағы үшін күн электр станциясының құрылысына жобаларды іріктеу бойынша ЖЭК аукциондық сауда саттығы өтті, деп хабарлайды «ЭҚРҚО» АҚ.
ҚР Энергетика министрлігі бекіткен КЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кезіндегі шекті аукциондық баға 2023 жылы 34.61 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.
Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 4 компания жіберілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 5 баға ұсынысын берді. Берілген өтінімдердің жалпы көлемі 40 МВт құрады.
Сауда-саттық сессиясын өткізу барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан алынған өтінімдердің баға диапазоны 34.61-ден 34.19 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.
Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша жеңімпаз болып компания – «Stellar Energy» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 20 МВт, аукциондық бағасы 34.19 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз) анықталды. Жобаны Батыс Қазақстан облысында орналастыру жоспарлануда.
Айта кетсек, ағымдағы жылы ҚР БЭЖ Батыс аймағы үшін күн электр станциясының құрылысына аукциондық сауда-саттықты өткізу кестесіне сәйкес Батыс Қазақстан облысында орналастырыла отырып, белгіленген жиынтық қуаты 20 МВт бір аукцион айқындалып, ойнатылды.
Байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен USAID өкілдері қатысты.

Байқаушылар аукционды ұйымдастырушының электрондық сауда жүйесі – «ЭҚРҚО» АҚ жұмысының толық ашықтығын атап өтті.
Келесі аукцион 2023 жылғы 24 қарашаға ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтары үшін жиынтық белгіленген қуаты 200 МВт ірі ГЭС құрылысына жобаларды іріктеу бойынша және ҚР БЭЖ Оңтүстік аймағы үшін жиынтық белгіленген қуаты 20 МВт КЭС түрі бойынша тағайындалды.
Қазақстанда газ, көмір және ЖЭК негізіндегі дата-орталықтар кластері құрылады
Қазақстанда «жасыл» энергия өндірісі 15%-ға өсті
Израиль Негев шөлінде ірі КЭС құрылысын бастады
«Күн зейнетақылары және жел дивидендтері»: Оңтүстік Корея ЖЭК арқылы ауылды дамытуда
Қырғызстан алты шағын ГЭС салуға арналған жер учаскелеріне конкурс жариялады
АДБ Азияның электр желілері мен цифрлық инфрақұрылымын біріктіруге $70 млрд салады
Қазақстан мен Дүниежүзілік банк Орталық Азиядағы энергетикалық интеграцияны талқылады
Қарағанды облысында 500 МВт жел электр станциясының құрылысы басталды
Қазақстан БЭЖ Оңтүстік аймағында 50 МВт КЭС салуға арналған аукцион жеңімпазы анықталды
Қырғызстанда шатырлардағы күн панельдеріне қатысты ережелер әзірленуде
Еуропада ыстық күшеюде: ЖЭК шешім бола ала ма?
Қазақстанда 100 МВт КЭС аукционының жеңімпазы анықталды
Қытайлық компания Қырғызстанда күн және жел энергиясын өндіруге $1 млрд инвестиция салуға дайын
Meta ғарыштық күн энергетикасына және тым ұзақ мерзімді энергия сақтау саласына инвестиция салады
Токио әлемдегі ең үлкен жүзбелі жел электр станциясын салмақ
«KOREM» АҚ-да 50 МВт қуат бойынша еркін аукциондық сауда-саттық өтті
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан және Өзбекстанмен жасыл энергетикалық дәліз туралы келісімді ратификациялады
Қытай ЖЭК үлесін жалпы орнатылған қуаттың 60%-ына дейін арттырды
«Батыс Каспий Энерго» Атырау облысындағы 250 МВт жел паркіне арналған аукционда жеңді
Ember: Жаңартылатын энергия көздері тарихта алғаш рет көмірден асып түсті.